3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет74/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102
Математикалық сауаттылық-әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу,математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар,ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы- жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу,қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін,табиғи –ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделгениқорытынды жасай білу қабілеттері.
8.6.Бейіндік оқыту мазмұнының ерекшеліктері.12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау.Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасына сәйкес бейіндік оқыту –кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау,олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау ,оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын,танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі ,жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
12 жылдық мектептің жоғары сынып оқушыларына бейіндік оқытуды енгізудің озық идеясы білім берудің индивидуалды,функционалды және тиімді болуымен анықталады.Оны анықтауда жоғары сынып оқушыларының болашақ қызмет салаларының бағдарларын қалыптастыру үдерісінің ерекшеліктерін ескеру қажет.Бейіндік оқыту жоғары сынып оқушыларының жоғары оқу орнына түсу үшін және ары қарай оқуын жалғастыруы үшін бірден-бір арнайы білім алу көзі екендігі туралы тұрақты ой қалыптасқан.Жалпы білім беретін мектепдердегі дәстүрлі бейіндік емес даярлық мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасындағы ізбасарлықтың бұзылуына әкеліп,көптеген ақылы курстардың,репетиторлықтың,жоғары оқу орындарының(ЖОО)даярлық бөлімшелерінің ашылуына алып келіп отыр.Қалыптасқан жағдайды талдау жоғары сынып оқушыларының арнайы даярлық жүйесін,яғни бейіндік оқытуды енгізудің мүмкіндігі мен тиімділігіне негіздеме болып табылады.Бейіндік оқытуға көшу келесі негізгі мақсаттарды көздейді және оның жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

  • жалпы білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;

  • оқушылардың индивидуалды білім беру бағдарламалврын құру мүмкіндіктерімен байлынысты жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын дифференциялау үшін жағдайлар жасау;

  • оқушылардың қабілеттеріне,индивидуалды қызығушылықтарына және қажеттіліктеріне сәйкес әртүрлі категорияларының толық білім алуға теңдей қол жеткізулеріне әсер ету.

  • оқушылардың әлеуметтендірілу мүмкіндіктерін кеңейту,жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы ізбасарлықты қамтамасыз ету,мектеп бітіруші оқушыларды жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге тиімдірек даярлау.

Бейінді оқытуды ұйымдастыру бейіндеу бағыты мен құрылымын анықтауды,сонымен қатар бейінді оқытуды ұйымдастыру модельдерін таңдауды қарастырады. Бейіндік оқыту мақсатына сәйкес әртүрлі бейіндердің пайда болуына әкелетін жоғары сынып оқушыларының индивидуалды қызығушылықтарын ,қабілеттері мен бейімдерін толығырақ ескеру қажет.
Оқытуды бейіндеудің кез келген формасы базистік оқу жоспарының инвариантты компонентінің қысқаруына әкелетіні айдан анық.Жеке пәндерді тереңдетіп оқитын мектептердің үйреншікті модельдерінен айырмашылығы бар,екі пән тереңдетілген бағдарламамен оқытылып ,ал қалғандары базалық деңгейде оқытылса,онда бейіндік оқытуды жүзеге асыру оқушылардың базалық жалпы білім беретін даярлықтарын аяқтау мақсатымен бейіндік емес пәндердің оқу материалдарын қысқарту жағдайында ғана мүмкін.
Жоғары сыныптарда бейінді оқытумен жалпы білім беретін мекемелердің модельдері оқу пәндерінің әртүрлі комбинацияларының мүмкіндігін қарастырады,бұл бейіндік оқытудың дұрыс жүйесін қамтамасыз етеді.Бұл жүйе оқу пәндерінің келесі типтерін өзіне қамтуы мүмкін:базалық жалпы білім беретін,бейіндік және элективті.Базалық жалпы білім беретін пәндер барлық оқушылар үшін барлық оқу бейіндерінде міндетті болып табылады.Міндетті жалпы білім беретін пәндер:математика,тарих,қазақ тілі,шет тілі,дене шынықтыру,сонымен қатар қоғамтанудың біріктірілген курстары.Бейіндік жалпы білім беретін пәндер-жоғары деңгейдегі пәндер,оқытудың әрбір нақты бейінінің бағытын анықтайды.Мәселен,физика,химия,биология-жаратылыстану-ғылыми бейіндегі бейіндік пәндер,әдебиет,қазақ тілі және шет тілдері-гуманитарлы бейіндегі пәндер,тарих,құқық,экономика-әлеуметтік-экономикалық бейіндегі пәндер.Бейіндік оқу пәндері сол оқыту бейіндерін таңдаған оқушылар үшін міндетті болып табылады.
12 жылдық мектепте білім мазмұнын пәнаралық байланыс негізінде интеграциялау мақсатында интегративтік тәсілді қолдануды талап етеді.
Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл барысындағы оқыту процесі әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады.Интегративтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады:сергіту сәттері;театрландырылған ойындар,қозғалыс үзілістері(кідіріс).
Интегративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге,коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға,эстетикалық талғамдарын дамытуға,көркемөнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді.Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге әсер етіп қиындықтарды жоюға,оқу материалын тиімді,қолжетімді,жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.
8.7.Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама:білім беру стандарттары,базистік оқу жоспары,оқу жоспарлары,оқу бағдарламалыры,оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер(ОӘК).Білім беру стандарты-мектеп бітіруші түлектің жалпы білім беру дайындығына қойылатын талаптардың міндетті деңгейі және осы талаптарға сай әдістер,оқу мен бақылау құралдары,түрлері мен мазмұны.Ол «мөлшер», «үлгі», «өлшеуіш» дегенді білдіреді.Білім беру стандарты,бір жағынан,мемлекеттің өз азаматтары алдындағы міндеттемесі болса,екіншіден –білім беру саласында азаматтың мемлекет алдындағы міндеттемесі.Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары-бұл мектепте оқытылатын пәндердің тізімін ,олардың оқу жылдарына бөлінуін және әрбір пәнге бөлінетін сағаттар санын көрсететін құжат.Білім беру мекмелерінің негізгі оқу жоспары –білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттарының құрамдас бір бөлігі.Негізгі мемлекеттік нормативтік құжаты.Оны негізгі мектепке арналған стандарттың бөлігі ретінде ҚР Білім және ғылым министірлігі бекітеді.Үлгі болатын базистік оқу жоспарын да Білім және ғылым министірлігі бекітеді.Негізгі оқу жоспарын мемлекеттік стандарттың бөлігі ретінде оқушының білім деңгейі мен мазмұны,құрылымына талап қоятын жалпы орта білім берудің мемлекеттік мөлшерін білдіреді.Негізгі оқу жоспары аймақтық,жалпылама-үлгі,жұмыстық оқу жоспарына арқау болып,мектептің қаржылануында басты құжат бола алады.
Аймақтық базистік оқу жоспарын мемлекеттік базистік оқу жоспарына сүйеніп,білім беру басқармасының аймақтық органдары жасайды.Ол Білім және ғылым министрлігімен бекітіліп,ұсыныс сипатында болады.
Оқу бағдарламасы-жекелеген әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті негізгі білім,дағдылар шеңбері белгіленетін нормативтік құжат.Онда оқытылатын материал тақырыптарының тізімі әрбір тақырыпқа берілген уақыт,сағат саны бойынша және оларды оқытылатын жылдарға бөлу,курсты толық үйретуге бөлінген уақыт туралы ұсыныстар енгізілген.Оқу бағдарламаларының мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс табады.Оқулықтар мен оқу құралдары негізгі білім көзі болып табылады және оқушылырдың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға маңызы зор.Оқулық оқушыны оқуға үйретуі керек,ол үшін берілетін материал көлемі қысқа да нұсқа,ал мазмұны жағынан нақты болуы шарт.
2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сыныптар білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын болады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшелектері:
-пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі,яғни білім мен біліктерді тігінен,сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
-пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерархиясы;
-білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау,бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
-білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды,сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
-бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы,әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
-оқу үдерісін ұзақ мерзімді ,орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Оқу бағдарламаларында оқу пәні бойынша үш тілді білім беру іске асыру көзделген.Көптілді оқыту ортасын құру үшін әрбір оқу пәнінің қосатын үлесі жиынтықта үштілді білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі-олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес,сондай-ақ,кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы.Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады:функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану,сын тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрін қолдану,жеке және топта жұмыс істей алу,мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады.Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы.Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады.Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді.Мұғалімдер тақырыпқа оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады.Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана алады.Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет