3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Білім мазмұны –тұтас педагогикалық үдерістің компоненті



бет70/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
8.3. Білім мазмұны –тұтас педагогикалық үдерістің компоненті. Білім түсінігі-өте күрделі және көпқырлы. Білім беру үрдісінде адам жинақтаған білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, оның ақылы мен сезімі дамиды, дүниеге қөзқарасы мен оның танымдық үдерістері қалыптасады.



  • Білімді адам көптүрлі фактілер мен құбылыстарды қарастыруға қажет жалпы тұғыр ретіндегі идеяларды, ұстанымдар мен әдістерді меңгергендіктен, дамыған қабілеттің жоғары деңгейі арқылы білімін жеке оқиғалардың көпшілігіне қолдана алады, көп білімді алып, тез әрі дұрыс ойлайды, түсінігі мен сезімі ізгілікті және жоғары бағыт алған болады .Демек, білім түсінігіне білімдер, дағдылар мен іскерліктер ғана емес, сондай-ақ сыни ойлау, жасампаз болу, айналадағы өтіп жатқан оқиғаларды адамгершілік тұрғысынан бағалау да енуі керек.

  • Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізінде дидактика жиырма бірінші ғасырдың оқыту жүйесінің мақсаттары мен мүдделерін нақты зерделеуде.

  • Ресей педагог-дидактары М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, В.В.Краевский, И.Я.Лернер , Ю.К.Бабанский, В.С.Леднев, Б.С.Гершунский оқыту ұстанымдары, оған қойылатын дидактикалық талаптар, жаңа оқыту технологияларын ғылыми тұрғыдан пайымдайды. Білім беру-қоғамдық , әлеуметтік, мәдени құбылыс; қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты функциясы; тұлғаның мәдениеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды -машықтардың және ойлау құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен мүмкіндіктерді дамыту үдерісі.Оқыту –дидактиканың маңызды категорияларының бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынасы,іс-әрекеті.

  • Білім мазмұнының негізгі компоненттері. Білім мазмұнының тәрбиелік аспектісі.білім берудің мазмұны – дидактиканың негізгі нысаны; ғылыми білік пен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі; өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлғаның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты.

  • “Мәңгілік ел”- ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет