3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет75/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Оқу жоспарлары.Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсыныс сипатында берілген.Оқу мақсаттарының жүйесі мен оқыту тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтарды өткізу,білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген,сондай-ақ оқыту ресурстары (интернет,мәтіндер,жаттығулар,бейне және аудиоматериалдыры және т.б.) көрсетілген.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды,олардың талқылауға қатысуын,өткен материалды талдау және қорытуын ,зерттеу жүргізуін,бағалау пікірлерін айту,өзін-өзі бағалау және т.б. көздейді.
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімдердің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап,әзірлеуі қажет.
-тілдік оқу мақсаттары-терминдермен жұмыс және т.б.;
-саралау;білім алушыларға қолдау көсету қалай жоспарланады?Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда?Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
-метапәндік байланыстар;
-денсаулығы мен қауіпсіздігін , «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес ,білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Пәндерді,бөлімдерді,тақырыптарды кіріктіру,сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы-ортақ тақырыптар –жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады.Олар барлық пәндердің мазмұнымен,ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан .Сондықтан мұғалім қысқа мерзімді жоспар әзірлеуде ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
Өзін өзі тексеруге арналғансұрақтар:

  • Білім мазмұны-педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе дегенді қалай түсінесіз?

  • Білім мазмұнының теорияларына тоқталыңыз.

  • Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми –педагогикалық негіздерін атаңыз.

  • 12-жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялауға тоқталыңыз.

  • Функционалды сауаттылық-тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі екенінің мазмұнын ашыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет