3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет91/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

«Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші –үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші – өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым – қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).
Интербелсенді оқу / оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

  1. Барлық үйренушіге бірлескен таным үдерісіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.

  2. Әрбір үйренушінің өзінің үйренгенімен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

Интербелсенді оқу / оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші әрбір танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өз білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/ оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.
Мұндай қарым – қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін– бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай сонымен бірге таным үдерісі өзара ынтымақтыспен бірлесі деңгейлеріне көтереді, яғни қарым қатынс пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырды.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным үдерсініде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуды/ үйренуде білім алушылар келесідей білім,білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді: терең ойлануға; ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп,оның ішінен керектісін таңдап алуға;ақпаратты, жан – жақты талдауға; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге; басқа да балама пікірлерді ескеруге, шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге; жауапкершілікке (өз біліміне,өміріне); басқалармен тиімді қарым қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: - бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудииториялық) жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, кітап, лекция, интернет, құжаттар, мұражай, мамандар, т.б шығармашылық жұмыстар т.б.
Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін – өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс – әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.
Рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістерлдің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс – әрекет арқылы үйрену / үйрету – танымының ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар студенттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет