Байланысты: 6 Дәріс Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу (1)
Түзету жұмыстары барысында келесі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады:
1.Мінез-құлық бұзылуы және тұлға аралық қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер -гештальттренинг, арттерапия, психодрамалық әдістер: әсіресе «айна» техникасы мен рольдерді ауыстыру әдісі. -рольдерді ауыстыру арқылы агрессивтікті азайтуға арналған тренингтер. -кеңестер беру,әңгімелесу. Мінез- құлық түрлері және олардың акцентуациясы туралы әңгімелесу. -кәсіптік бағдарлау- бағыттау бойынша жүргізілетін жаттығулар мен ойындар. 2.Коммуникативтік аясының бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер -өзін -өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер -қарым-қатынас тобын ұйымдас- тыру арқылы тілдің коммуникативтік жағын дамыту -күнделікті мәдениеттану сабақтарын өткізу -жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар өткізу -жеке кеңестер өткізу. 3.Оқыту процесінің бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер -мектептік тақырыпта ойын тренингтерін жүргізу,осы тақырыптар бойынша рольдер ауыстыру арқылы психодрама ұйымдастыру -қарым-қатынасты жақсарту тренингтері -өзін-өзі бағалауды көтеруге және үрей, қобалжу күйлерін азайтуға бағытталған тренингтер -топтық басқару, кәсіптік таңдау туралы әңгімелесу,кеңес беру.
4.Қаңғырып кетіп қалуға бейімділікті түзеуге бағытталған әдістер -өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер -рольдерді ауыстыру психодрамасы -жанұялық тақырыптағы «айна» техникасы -қарым-қатынасты жақсарту тренингтері -қобалжу және өзін-өзі кінәләу сезімін жоюға арналған жеке жұмыс- тар -оқыту тренингтері -жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар өткізу 5.Ата-анамен қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер -өзін -өзі бағалауын көтеруге бағытталған тренингтер -ертегілер материалында жүргізілетін «психологиялық театр» әдісі -қарым-қатынасты жақсарту тренингтері -жанұядағы қарым-қатынас түрлері туралы әңгімелесу,пікір таластыру -жеке түрде дараланған кеңестер беру -бала мен ата-ана бірлескен топтық тренингтер 6.Эмоционалдық аясының бұзылуы -қобалжуды азайтуға,жоюға бағытталған тренингтер -релаксация және өзін-өзі басқару дағдыларына үйрету -арттерапия -агрессивті күйді шешуге бағытталған белсенді ойындар мен жаттығулар -қорқыныш сезімін жоюға бағытталған ойын терапиясы -психогимнастика