Дәріс тақырыбы: Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Дәріс тақырыбы: Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Жоспар:
Жоспар:
Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларға жалпы сипаттама
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балалардың танымдық ерекшеліктері
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Бала аутизмі – бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:
Қарым-қатынастың сапалы бұзылыстары;
Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
Тәртіптің стереотиптік түрлері.
О.С.Никольскаяның бала аутизмін негізгі топтарға жіктейтін психологиялық классификациясы.
1-топ. Сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту
Бұл топ балаларында жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте жастан байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең тиімді қорғаныс тәсілінің көмегімен өтеді(сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту). Мұндай балалар өз есімін айтқанда бұрылмайды, басқалардың өтінішіне жауап бермейді, сонымен бірге өздері де ештеңе сұрамайды. Оларда, ереже бойынша мақсатты түрде бағытталған тәртіп қалыптаспайды, керісінше алаңдық бір объектіден екінші объектіге ауысуы, заттарға қол тигізу, оларды қолдарында ұстау, бір затқа өрмелеу, шеңбер бойымен жүгіру, объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау байқалады. Балаларда сөйлеу тілі болмайды, алайда олардың кейбіреулері кейде коммуникативті бағытталмаған жеке сөздерді немесе тіптен сөз тіркестерін де айтулары мүмкін. Балалар қоршаған ортамен қатынас үшін сөйлеу тілін, мимикамен ишаратты пайдаланбайды, жақын адамдарына деген бауыр басушылықты білдірмейді. Қоршағандарға енжарлық білдіре отырып, олар тактильді қатынасқа қарсылық білдірмейді, ол өзін тамақтандыруға, киіндіруге және басқа да іс–әрекеттерге енжар қатысады. Бұл аутизмнің ең терең түрі.