3 тақырып. Заманауи туризмнің ҰҒымдық аппараты қарастырылатын сұрақтар



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі34,08 Kb.
#44369
  1   2   3

3 тақырып. ЗАМАНАУИ ТУРИЗМНІҢ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТЫ


Қарастырылатын сұрақтар:
3.1 Заманауи туризмнің ұғымдық аппараты
3.2 Заманауи шарттардағы туризмнің функциялары мен формалары
3.3 Туризм түрлері
3.4 Бағдарламалық туризм
3.5 Туристік маршруттар және олардың типтері


3.1 Заманауи туризмнің ұғымдық аппараты

«Туризм» термині француздың «tour» сөзінен шыққан, ол «серуендеу» дегенді білдіреді және оны ең алғаш рет 1830 жылы В. Жекмо қолданған. «Туризм» түсінігін ашуға олар тұрақты өмір сүру немесе қызмет ету орнынан ауысумен байланысты емес халықтың қозғалу көзқарасы жағынан жақындады. Туризмнің дамуына арналған халықаралық іс-шараларда талқыланды Дублин (1950 ж.) мен Лондондағы (1957 ж.) Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының жиналысы; БҰҰ халықаралық туризм мен Римдегі саяхаттар бойынша конференциясы (1963 ж.); 1980 жылы Манила қ. (Филиппин) өткен және Әлемдік туризм бойынша танымал Манила декларациясы қабылданған ДСҰ конгрессі). 


«Туризм» және «турист» түсініктеріне негізін салушы анықтаманы 1954 жылы БҰҰ берген болатын, оған сәйкес «туризм – бұл денсаулықты нығайтуға және адамның физикалық дамуына әсер ететін, тұрақты өмір сүру орнынан бөлек жылжумен байланысты белсенді демалыс», ал «турист – белгілі бір жергілікті жерге бір түннен артық және бір жылдан кем мерзімге сапарға шығатын тұлға.


3.2 Заманауи шарттардағы туризмнің функциялары мен формалары

Қазіргі уақытта туризмге бірнеше айрықша ерекшеліктер қатары тән. Н.И. Кабушкин келесілерді белгілейді:


- туристік кәсіпорындар мақсаттарының анықсыздығы мен қиын өлшемділігі;
- туризмнің аймақтық саясатқа әсер етуі;
- туристік өнімнің ерекшелігі, оның қайнар көзінен бөлінбейтіндігі;
- туристік өнімге сұраныстың ерекшелігі;
- туристік қызметтердің жиынтықтығы;
- туристік қызметтерді тұтынудң маусымдығы, яғни туристік қызметтер көлемінің ең алдымен табиғи – климаттық шарттарға тәуелділігі.
Бүгінгі күні туризмнің келесі формалары белгіленген:
- қатысушылар саны бойынша: жеке және топтық туризм.
- туристердің жасы бойынша: балалар, жасөспірімдер, жастар, орта жастағы адамдарға арналған туризм, кемел жастағы адамдарға арналған турлар, зейнетке шығу алды жастағы адамдарға арналған турлар мен зейнеткерлерге арналған туризм;
- жыл мерзіміне байланысты: жаздық, қыстық және маусымаралық туризм;
- болу ұзақтығына байланысты: бір күндік турлар мен көп күндік турлар;
- жылжуға байланысты: жаяу жүргінші, вело-, мотто-, автотур, теміржол, әуе, теңіз көлігіндегі туризм;
- туристердің географиялық жылжуына және мемлекет шекараларының қиылысуына байланысты: ішкі және халықаралық туризм;
- турды ұйымдастыруға байланысты: тұтас (бір бағаға қызметтер кешенін ұсыну) және жеке тур;
- туристік іс-шараларға қатысу сипатына байланысты: белсенді және пассивті туризм формалары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет