3 тапсырма жүйке жүйесінің дамуы


Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен функционалдық маңызы. Автономиялық жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің құрылысы



бет2/2
Дата15.09.2022
өлшемі23,61 Kb.
#39219
1   2
Байланысты:
3 тапсырма (2)

4.Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен функционалдық маңызы. Автономиялық жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің құрылысы.
Жауап: Орталық жүйке жүйесі (лат. сyстема нервосұм централе) – адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
Ми мен жұлынның байланысы
Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады.
Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады.
Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі.
Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның ВІІІ мойындық, І – ХІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан.
Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
5. Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу және психикалық қызметтерін атқару үшін организмнің реакцияларын ұйымдастырудағы рөлі. 
Жауап:түйіндері үлкейіп, күрделілене түседі. Омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары, негізінен, орталық жүйке жүйесінен (жұлын мен мидан) тұрады. Омыртқалылардың эмбрионалдық дамуында жүйке жүйесі сыртқы ұрық қабықшасы – эктодермадан (алғашқыда жүйке пластинкасы түрінде) дамып, кейін науашық, одан әрі бір-бірімен жақындаса келіп түтікке айналады. Жүйке түтігінің бас жағы үш ми көпіршігіне бөлінеді. Жүйке жүйесінің қалған бөлігінен жұлын жетіледі. Балықтардың алдыңғы миы жіктелмеген, бірақ артқы, ортаңғы миы және мишығы жақсы жетілген. Қосмекенділер, бауырымен жорғалаушыларда алдыңғы ми көпіршіктерінен аралық ми және екі ми жартышарының алғашқы қабы дамыған. Құстарда орталық, аралық ми және мишық айқын дамыған, ал ми қыртысы нашар жіктелген. Жоғары сатыдағы жануарлардың жүйке жүйесі дами келе жіктеліп, орталық жүйке жүйесі және перифериялық (шеткі) жүйке жүйесіне бөлінеді. Шеткі жүйке жүйесі – соматикалық жүйке жүйесінен және вегетативтік жүйке жүйесінен тұрады. Жүйке жүйесінің ең жоғары сатыдағы дамыған түрі адамдарда болады. Эмбриогенез кезінде жүйке түтігінің бас жағы 5 көпіршікке бөлінеді. Бұлардың алдыңғысынан үлкен ми сыңарлары мен аралық ми, ортаңғысынан ортаңғы ми, артқысынан варолий көпірі мен мишық және сопақша ми дамиды. Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген жүлгелер мен иірімдер бар. Жүйке жүйесінің құрылымын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылым неврология деп аталады. Адам ағзасындағы жүйкенің сезімталдығы мен қызметінің бұзылуы – жүйке жүйесінің ауруларын тудырады. Оларға орталық және шеткі жүйке жүйесі құрылымдарының өзгерістері, жүйке-психика аурулары (нервоз) жатады. Жүйке жүйесінің белгілі бір жеріндегі рефлекс процесіне қатысты ағзаның белгілі бір тіршілік әрекетін реттейтін нейрондар тобы – жүйке орталығы болады. Жүйке орталығын құратын нейрондар қозу және тежелу синапстері арқылы өзара байланысып, нейрон торлары деп аталатын күрделі жүйе құрайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет