Балалардың ас қорыту жүйесі
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
Медицина Университеті
Казахский Национальный Медицинский
Университет им. С.Д.Асфендиярова
Орындаған: Тұрсын.А
Курс:3
Тобы:12-2
Текскерген: .
Алматы, 2017ж
Жоспар - 1. Ауыз қуысының құрылысы және астың қорытылуы
- 2. Ac қорыту жолы
- 3. Балалардың ас қорыту жүйесінің анатомо физиологиялық ерекшеліктері
- 4. Ерте жастағы балалардың асқорыту үрдісінің ерекшеліктері
- 5. Ерте жастағы балалардың асқорыту үрдісінің ерекшеліктері
- 6.Қорытынды
- 7.Қолданған әдебиеттер
- Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және Жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады. Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Тілдің ұшындағы клеткалар, екі жағындағы клеткалар және түбіндегі клеткалар қандай дәмдерді сезетінін естеріңе түсіріндер.
Ac қорыту жолы - Ұзындығы 25 см, бұлшық еттік түтікше өңеш пен қарынды (асқазан) жалғастырады. Сақиналы бұлшық еттердің толқынды жиырылуынан ас жентегі жылжиды. Ac қорыту жолының жоғарғы қабырғасы көлденең жолақты бұлшық еттен, ал ортаңғы және төменгі жағы тегіс бұлшық еттен тұрады
Балалардың ас қорыту жүйесінің анатомо физиологиялық ерекшеліктері - Ұрықтық дамудың бастапқы 4 аптасында асқорыту мүшелері қалыптасады, жүктіліктің 8 аптасында барлық асқорыту мүшелері анықталады. Жүктіліктің 16-20 аптасында ұрық қағанақ суын жұта бастайды. Асқорыту үрдісі ұрықтың ішектерінде жүріп, біріншілік нәжіс мекония жинақталады.
Ерте жастағы балалардың асқорыту үрдісінің ерекшеліктері - Өмірінің алғашқы айлары кезінде сәбидің қабылдайтын қоректік заттары маңызды орынға ие, ол ана сүті арқылы түсіп, сол ана сүті құрамындағы заттар арқылы қорытылады. Қосымша қорек арқылы ферменттік жүйе механизмі ынталандырады. Түскен тағамды қорытудың балаларда өзіндік ерекшеліктері бар. Казеин жіңішке ішекте аминқышқылдарына дейін ыдырап, белсенді түрде сіңіріле бастайды.
Балалардағы ауыз қуысының ерекшеліктері - Туылғаннан кейін баланың ауыз қуысының негізгі функциясы сору актісін қамтамасыз ету болып табылады. Ауыз қуысының кішкентай өлшемдері, тілінің үлкен болуы, ерін бұлшық еттерінің және шайнау бұлшық еттерінің жақсы дамуы, еріннің шырышты қабатында көлденең қатпарлар, қызыл иектің валик тәрізді қалыңдауы, беттерінде майдың томпаюлары бар (Биш томпаюлары) олар беттерге серпімділік береді. Балалардың сілекей бездері туылғанда кейін жеткілікті дамымаған;сілекейлер алғашқы 3 айда өте аз бөлінеді. Сілекей бездерінің дамуы өмірдің 3 айында аяқталады.
Балалардағы өңештің ерекшеліктері - Сәбилерде өңеш ұршық тәрізді болып келеді , ол жіңішке және қысқа болып табылады. Оның ұзындығын жаңа туылған балаларда 10 см ғана, балаларда өмірінің бірінші жылында — 12 см, 10 жаста -18 мм. Оның ені тиісінше 7 жаста — 8 мм, 12 жаста – 15
Балаларда асқазанның ерекшеліктері - Нәрестеде асқазан горизонталді орналасқан. Баланың өсуімен дамуына сай, бала жүре бастаған кезде, асқазан біртіндеп вертикалді орналаса бастайды, 7 -10 жаста ересектермен бірдей болып табылады. Асқазанның сиымдылығы біртіндеп артып: туылғанда ол 7 мл, 10-шы күнде – 80 мл, 1 жаста — 250 мл, 3 жаста – 400-500 мл, 10 жаста — 1500 мл
Балалардың ұйқы безінің ерекшеліктері - Ұйқы безі үлкен емес мөлшерлі болып келеді. Жаңа туылған балада оның ұзындығы 5-6 см құрайды, ал 10 жасқа келгенде ол екі есе ұлғаяды.Ұйқы безі іш қуысында Х кеуде омыртқасы деңгейінде терең орналасады , ал егде жастағыларда І бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оның қарқынды өсу 14 жасқа дейін жүреді.
Қолданылған әдебиеттер - Б.Түсіпқалиев Балалар ауруларының пропедевтикасы,2002ж Ақтөбе.
- Бочков Н.П., Захаров А.Ф. и Иванов В.И. Медицинская генетика, с. 181, М., 1984;
- Мазурин А.В. и Воронцов И.М. Пропедевтика детских болезней, с. 336, М., 1985.
- Вельтищев Ю.Е. и др. Обмен веществ у детей, М., 1983, библиогр
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |