Метаморфтық тау жыныстары - (грек. Metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.
Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және метасоматоздық болады. Катаклаздық Метаморфтық тау жыныстары тектоникалық қозғалыстарға байланысты туатын қысымның әсерінен қалыптасады. Уатылу дәрежесіне қарай олардың тектоникалық брекчиялар, катаклазиттер, милониттер сынды түрлері пайда болады.
Жапсар-термалық Метаморфтық тау жыныстары интрузиялардың сыртында жылудың әсерінен қалыптасады. Онда силикатты тау жыныстары мүйіз тастарға, карбонаттылар мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. Олардың минералдық құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамы мен температурасына байланысты әр түрлі болып келеді.
Демек, мрамор — метаморфтық жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен жаншылып, кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды. Габбро өзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады.
Қазақстан жеріндегі де кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот – амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу темп-раларына сәйкес орта, жоғарғы қысым жағдайларында пайда болғаны анықталған. Бұл кешендер белдеулік (Үлкен Қаратау, өлытау) және тең өлшемді Мақбел (Мақпал), Шу, Көкшетау көтерілімдері] болып бөлінеді.
3. ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН ТАЛҚАНДАУ ӘДІСТЕРІ
Ұңғы бұрғылауда қолданылып жүрген тау жыныстарын талқандау әдістерінің көпшілігі қатты массаның бір көлемін кішкентай көлемдерге бөлшектеуге негізделген. Ондай бөлшектеулер тау жыныстарының ішкі байланыс күштерінен асып түсетін шоғырланған кернеулердің әсерінен болады. Мұндай талқандаушы кернеулер жыныс талқандағыш құралдардың көмегімен, әйтпесе басқа бір ортаның әсерімен жасалуы мүмкін. Ол орталар: үлкен жылдамдық пен үлкен қысымдағы су ағымы, қопарылыс толқынының әсері, гидравликалық соққы және т.б.
Бұл әдістерге тән ерекшелік: жыныстардың талқандалуы олардың құрамы мен қасиеттерін өзгертпей жүргізілді.
Тау жыныстарына мұндай әсер ететін әдістер физикалық әдістер қатарына жатады. Физикалық әдістерде тау жыныстарынының талқандалуының мынадай түрлері болады: кесу, жаншу, опыру, жұлқу, қажау, бөлшектеу, тығыздау, қопсыту және т.б.
Одан басқа балқыту, жандыру және еріту сияқты химиялық процестердің әсерімен болатын жыныс талқандау әдістері де белгілі.
Бұл әдістердің ерекшелігі. Физико-химиялық процестердің әсерімен тау жыныстарының сапасы терең өзгеріске түседі, олардың табиғаты мен құрамы да көп өзгереді.
Тау жыныстарына мұндай әсер ету әдістерін физико-химиялық әдістер дейді. Осы айтылған принциптерді ескере отырып профессор С.С.Сулакшин ұңғы бұрғылау кезінде қолданылатын тау жыныстарын талқандаудың белгілі әдістерінің классификациясын жасады [40]. Барлық әдістерді ол үлкен үш топқа бөлді: тау жыныстарын әдейі арналған забойлық құралдармен талқандау, тау жыныстарын құралсыз талқандау және құрамалы әдістер.
Жыныстарды әдейі арналған забойлық құралдармен талқандау әдісі механикалық деп аталатын, қазір кеңінен қолданылып жүрген бір топ әдістерді қамтиды.
Бұл әдістерге талқандау процестері көбінесе механикалық қасиеттермен (беріктік, қаттылық, серпімділік, морттық, иілімділік және т.б.) байланысты әдістер жатады. Бұл жағдайда жыныстағы оның беріктігінен асатын кернеулер механикалық әсермен: қысыммен, соққымен, тербеліспен жасалады. Әр түрлі механикалық факторлардың әсерінен физикалық процестер болып, тау жыныстарының таза механикалық талқандаулары жүреді: жаншылу, езілу, бөлшектеліну, опырылу, кесілу, тығыздану, қопсытылу және т.б. Тау жыныстарының талқандалу жағдайын туғызу үшін механикалық жыныс талқандағыш құралдар (коронкалар, қашаулар, бұрғы қасықтары, жылан бұрғы және т.б.) қолданылады. Әдейі арналған құралдармен тау жыныстарын талқандаудың механикалық әдістеріне мыналар жатады: айналма әдісі, соққы әдісі, құралды басып кіргізу әдісі, діріл әдісі, айналма батыру әдісі жынысталқандағыш құралды айналып тұрған винттің және осьтік күштің әсерімен батыру).
Тау жыныстарын әдейі арналған жыныс талқандағыш құралсыз талқандау әдістері үлкен топтан тұрады. Олардың біразын қашаусыз әдістер, ал қалғандарын электрофизикалық әдістер дейді.