3-топ Сұрақ-жауап Қазақстан Республикасындағы сот билігі



бет14/15
Дата31.12.2021
өлшемі27,63 Kb.
#21909
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Құқық 3-топ

14. Меншік құқығы

Меншік құқығы дегеніміз - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

Меншік құқығының міндеттемелі нышандарының бірі- оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188-бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.

Меншік құқығы мемлекет танитын шекте ғана болады. Бұл дегеніміз меншіктің абсолюттік құқығы заң құжаттарымен шектелуі мүмкін деген сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет