3-топ Сұрақ-жауап Қазақстан Республикасындағы сот билігі


Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері



бет13/15
Дата31.12.2021
өлшемі27,63 Kb.
#21909
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
13.Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Оны құқықтық реттеу аса маңызды болып табылады. Кез келген еңбек құқық нормаларымен реттеле брмейді. Тек өндірістік ұйымдастырылған еңбек ғана еңбек құқығының реттеу пәніне кіре алады. Еңбектің өндірістік ұйымдастырылуы дегеніміз еңбек жағдайларының, еңбекті қорғау ережелерінің, ішкі еңбек тіртібі ережелерінің нормаларын сақтай отырып, шартты негізде еңбекті ұйымдастыру.

Еңбек құқығының пәні. Еңбек қатынастарын еңбек құқығының пәні ретінде сипаттау үшін еңбек процесінің өзін және он қолдану жағдайын регламентациялау қажет. Мәселе сонда, еңбек, міндеттемені орындаудың (мысалы, кейбір тапсырмаларды, мердігерлік жұмыстарды, қызметтерді, т.б. орындау) тәсілі ғана болып қалады. Мұндай тапсырмаларды, жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін қатынастар тоқталады. Бұл жағдайларда еңбекті және оның ақтық нәтижелерін қолдануға байланысты туындаған қатынастар еңбек құқығы пәнінің аясынан тысқары жатады.

Еңбек құқығының пәніне еңбек процесінің өзінің қоғамдық формасында міндеттеме пәніне айналатын қоғамдық қатынастар жатады. Бұл жерде еңбекті қолдану, оның жағдайы және ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұны болады.



Еңбек құқығының әдісінің түсінігі. Құқықтық реттеудің пәнінен басқа құқықтың әрбір саласы өзінің әдісімен де сипатталады. Әңгіме құқықтың бұл саласының қоғамдық қатынастың тиісті тобына ықпал жасау тәсілі жайында болып отыр. Егер пән құқықтың қандай саласының, қоғамдық қатынастың қай тобын реттейтіндігі туралы түсінік берсе, әдіс осы реттеу қандай заң тәсілімен қамтамасыз етілетіндігін анықтайды.

Еңбек құқығының әдісі, сонымен қатар, реттеу пәнінің ерекшеліктеріне, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық жағдайына, тараптардың міндеттемелерін қамтамасыз ету тетігіне байланысты. Әдіс, еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі санат (категория) болып табылады, ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және нақты-тарихи жағдайларына байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет