3-тоқсан. 6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау №1
Бөлім
«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология».
Оқу мақсаты
6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
Бағалау критерийі
Мәтін мазмұнындағы детальді ақпараттарды анықтайды.
Есімдіктің қызметін түсінеді, ажыратады.
Ойлау дағдысының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
Мәтінді оқып, детальді ақпараттарды анықтаңыз.
Жаңбыр Жаңбыр – табиғаттың ерекше сыйы. Халқымыз жаңбыр жауса, «нұр» жауып тұр деп жақсы ырымға балаған. Өзге де елдерде жаңбырға қатысты небір қызықты мәліметтер бар. Мысалы, Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта түнде ғана жауады. ХҮІІ ғасырда Ұлыбританияда жаңбыр туралы заң қабылданыпты. Заң бойынша жаңбырды дұрыс болжамаған синоптик жазаланатын болған. Пара қаласының тұрғындары уақытты жаңбырға қарап түзейді. Себебі бұл жерде жауын күнделікті бір уақытта жауатын көрінеді. Ботсванада адамдар «шула» деп сәлемдеседі. Бұл сөз «жаңбыр» деген мағына береді. Сонымен қатар ел валютасы да «жаңбыр» деп аталады. Уганда тұрғындарын найзағаймен қорқыту мүмкін емес. Өйткені мұнда жылына 250 рет найзағайлы жаңбыр жауады. Сонымен қатар психологтер туған күніңізде жаңбыр жауса, оны жақсылыққа балаңыз дейді. Егер сіз туған күні нөсер жауын жауса, онда қызметтік мансабыңыз алға басады. Ал егер жаңбыр сіркіреп тұрса, сол жылы қиыншылықтардың да аз болары хақ. Көбіне теңін таппай жүрген жандардың туған күнінде біресе жауын жауып, біресе күн шығып тұрады. Және сол жылы көптен күткен сыңарын тауып қалуы да әбден мүмкін. Көбісі туған күнінде жаңбыр жауса, жабырқап жүреді. Ал мамандар, керісінше, бұған қуану керектігін айтады.