3 Зертханалық жұмыс №3. Бірінші ретті сызықты объектілерін графикалық әдісімен идентификациялау



бет3/3
Дата08.04.2023
өлшемі178,89 Kb.
#80541
1   2   3
Қорытынды
3.5 Бақылау сұрақтары

3.6.1 Идентификация деген не?


Жауабы: Басқару теориясының маңызды бағыттарының бірі кірудегі және шығудағы сигналдар өлшеулер нәтижелерінің негізінде объекттің сипаттамаларын анықтау есебін шешу, осы есеп объектті идентификациялау деп аталады.
3.6.2 Динамикалық модель анықтамасын беріңіз.
Жауабы: Динамикалық модель объекттің күйінің уақыт бойынша өзгеруін бейнелейді. Осындай модельдердің математикалық бейнелеуіне міндетті түрде уақыт бойынша туынды кіреді. Динамикалық модельдерде дифференциалды теңдеулерді қолданылады.
3.6.3 Сызықты модельдің анықтамасын беріңіз.
Жауабы: Егер де модель операторының өрнегінде сызықты емес операциялар болса, модель сызықты емес болады, кері жағдайда – сызықты.
3.6.4 Графикалық идентификация процедурасын өткізуге объект кірісінде қандай функция орнатылды?
Жауабы: кірісіне бір сатылы сигнал беретін Step блогы қолданылды.
3.6.5 Беріліс функцияның k параметрі қалай анықталды?
Жауабы: (3.2) өрнектен t → болғанда, y(t) = k  a болатыны белгілі. 4-суреттен көріп тұрғанымыздай бізде шығыс мән, яғни y(t)=2, ал а=1. Сол арқылы k-ны табуымызға болады. Ол k=y(t)/a=2/1=2. Сонда k=2
3.6.6 Беріліс функцияның T параметрін анықтаудың әдістерін түсіндіріңіз.
Жауабы: Бірінші әдісте T мәнін табу үшін өтпелі сипаттаманың орныққан мәнінен түзу және өтпелі сипаттамаға жанама жүргіздік. Ол 4-суретте көрсетілген. Түзу мен жанаманың қиылысындағы нүкте бізде уақыт тұрақтысының мәнін берді. Ол T=2,8 ге тең болды.
Уақыт тұрақтысын табудың екінші әдісі бар. Оның мәнін табудың формуласы (3.3) көрсетілген. Бұл жерде k жоғарыда табылған 2 мәніне тең. Оған дәлел ретінде 5-суретте Signal Statistics бөліміндегі Max мәні. Ал tgα мәні біздің Ramp блогындағы мән. Жанаманы сызу: t = T болғанда y(t) = k  (1−e-1)= k  (1−0,37) = 0,63  k болады. Яғни бірінші ретті жүйенің T уақыт тұрақтысы өтпелі функция өзінің орнықталған шамасының 63% жеткендегі уақыт бөлігіне тең. Яғни жанама орнықталған мәннің сызығы мен 63% дағы мәннің вертикаль сызығының қиылысына сызылуы керек. Мәндерді орнына қойғанда бізде T=2,49 ға тең болды.
3.6.7 Scope терезесіндегі өтпелі процестің графигіне жанаманы қалай құрдыңыз?
Жауабы: Бірінші әдісте көзбен сыздық, ал екінші әдісте Rump блогы қолданылды.
3.6.8 Transfer Function блогының келесі: Numerator coefficients және Denominator coefficients параметрлерін түсіндіріңіз.
Жауабы: Numerator coefficients – бұл беріліс функцияның алымындағы өрнектердің, яғни кіріс сигналдың коэффициенттері. Denominator coefficients – бұл беріліс функцияның бөліміндегі өрнектердің, яғни шығыс сигналдың коэффициенттері.
3.6.9 Қолданылған идентификациялау амалдарының қайсысының дәлдігі жоғары? Неге?
Жауабы: Екінші амал. Себебі, бірінші әдісте уақыт тұрақтысы көзбен өлшеп, сызылып табылды. Ал екінші әдісте уақыт тұратысы формулалар арқылы табылды.
3. 6.10 Қарастырылған идентификациялау әдісін қандай объектілерге қолдануға болады?
Жауабы: Бұл жұмыста идентификациялау бірінші ретті апериодтық үзбеде қолданылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет