№ 3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Мыс оксидтерінен мысты агитациялық әдіспен күкірт қышқылдық ерітінділеу (2 сағат)
Жұмыстың мақсаты: металдардың суда еритін қосылыстарын ерітінділеуді зерттеу және өндірістік ерітінділерді алу дағдыларын игеру
Қысқаша теориялық ақпарат
Тотыққан кендерден мысты бөліп алу үшін (құрамында қарапайым және күрделі мыс оксидтері бар) көбінесе күкірт қышқылымен ерітінділеу қолданылады, кей жағдайда аммиакпен ерітінділеу қолданылады.
Кеңінен таралған мыс минералдарының ішінен күкірт қышқылында жеңіл еритіндерге - тенорит (CuO), малахит(CuCO3) және азурит 2CuCO3 ∙Cu (OH)2 - екі валентті мыс қосылыстары. Куприт (Cu2O) айтарлықтай баяу ериді.
Мыс оксидтерін күкірт қышқылымен ерітінділеу келесі реакциялар бойынша жүреді:
СuО + Н2ЅО4 = СuЅО4 + 2Н2О,
Сu2О + 2H2SO4 +1/2О2 = 2СuЅО4 + 2Н2О,
СuСО3∙Cu (OH)2 +2Н2ЅО4 = 2СuЅО4 +СО2 +ЗН2О.
Оксидтің массасы m0 -ден г. m-ге дейін төмендейді .
Бөліп алу дәрежесі ε:
Оксидті ноңьңндңлеу жылдамдығы:
Күкірт қышқылымен ерітінділеу кезінде түзілген, құрамында 25-тен 45 г/л-ге дейін мыс бар ерітінділерді мысты темірмен цементациялауға немесе металды ерімейтін қорғасын анодтары бар ванналарға электролиттік шөктіруге жіберіледі.
Құрамында 60-70 г/л бос күкірт қышқылы және 14-16 г/л мыс бар пайдаланылған электролит, кендердің жаңа партияларын ерітінділеу үшін қолданылады.
Егер кенді ерітінділеу кезінде мыс бойынша кедей ерітінділер алынса (5-10 г/л), олардан металды бөлу, темір скраппен цементациялық әдіспен жүзеге асырылады.
CuSO4 + Fe = FeSO4 + Cu
Кей жағдайда цементациялық әдісті пайдаланылған электролиттің бір бөлігінен мысты бөліп алу үшін қолданады.
Қажетті материалдар мен құрылғылар:
1. Техникалық таразы.
2. Ұнтақтауға арналған табақша мен келсап.
3. Мыс оксиді (CuO).
4. Көлемі 250 мл химиялық стакан.
5. Концентрациясы 100 г/л , күкірт қышқылы ерітіндісі.
6. Магниттік араластырғыш.
7. Кептіру шкафы.
Сурет.1. Шаймалау қондырғысы 1-колба, 2-магнит (араластырғыш құрылғы), 3 - қыздырылған магнитті араластырғыш.
Жұмысты орындау тәртібі
1. Техникалық таразыда салмағы 20 г болатын CuO өлшендісін өлшеп алады.
2. Өлшендіні сыйымдылығы 250 мл химиялық стаканға салып, стақанға концентрациясы 50 г/л күкірт қышқылыны ерітіндісін құйяды. Сұйық пен қаттының қатынасы С:Қ =6:1 Қажетті еріткіштің көлемі - 20 × 6 = 120 мл.
3. Қыздырғышы бар магнитті араластырғыштың қуаты қосылады. Ерітінділеу ұзақтығы 45 мин, ерітінділеу температурасы 50-600С.
4. Ерітінділеуден кейін қойыртпақты сүзеді. Кек 10-15 мл ыстық сумен жуылады.
5. Өлшемдік стақанмен сүзіндінің көлемін өлшейді. Кек кептіргіш шкафта кептіріледі және техникалық таразыда өлшенеді.
Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңыз.
№
|
Хим.формула
|
Өлшендіөнің салмағы, г
|
Кекөтің салмағы, г
|
H2SO4 ерітінді-сінің көлемі, мл
|
H2SO4, концентра-циясы
|
Мысты ерітіндіге бөліп шығару дәрежесі
,%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |