№3 зертханалық ЖҰмыс



бет2/2
Дата18.04.2022
өлшемі423,56 Kb.
#31393
1   2
Қорытынды

  Шудың жағымсыз әсері адамдарға, құлақтың мүкістік ауруының пайда болуына, жүйке жүйесінің нашарлауына, жүрек қан тамырларының ауруына, қатерлі ісік ауруының тууына, асқазан ауруларына және басқа да құлақтың естімей қалуы сияқты ауруларға алып келеді. Адамның құлағы 20-20000 Гц аралығында естілетін тербелістерді қабылдайды. Шуды нормалау екі бағыттан тұрады, олар гигиеналық нормалау және машиналардың шуын сипаттау нормалары. Өндіріс орнындағы шуды нормалау қазіргі таңда ҚР-ның мемлекеттік стандартымен жүзеге асырылып отырады. Адамның әртүрлі жиіліктегі дыбыстарға ерекше сезгіштігі болады. Сондықтан, шудың маңызды сипаттамасына оның жиілігі жатады, ол герцпен (Гц) өлшенеді. Өндіріс орындарында көп уақыт бойы шулы жерде қызмет істеген адамда кездесетін ең қауіпті кәсіби ауруларының түрі – құлақ мүкістігі. Көптеген жұмыс орындарында жұмысшыларға әсер ететін механикалық тербелістердің жиынтығы діріл болып саналады. Адам денесіне дірілдің берілуіне байланысты, жеке (жергілікті) діріл, адам қолы арқылы берілетін немесе жалпы діріл, ол дененің тіреуіш аппараты арқылы тұрған немесе отырған адамның денесіне берілетін діріл болып бөлінеді. Адам денесіне ұзақ уақыт бойы дірілдің әсер етуі әртүрлі аурулардың пайда болуына, мысалы «діріл ауруына» алып келеді. Дірілдің гигиеналық бағалауын МЕСТ 12.1.012-90 «Діріл. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарымен» жүзеге асырады. Қазіргі заманғы физиологиялық әдістер көмегімен жүргізілген зерттеулер нәтижесі жеке қорғаныс құралдарының шудың әсерінен ағзаны едәуір қорғайтынын, сонымен қатар әртүрлі терең функционалды зақымдаулар мен бұзылулардың алдын алатындығын дәлелдеді. Бірақ жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жалпы шумен күресу мәселелерін толығымен шешпейді. Шу адамның есту мүшесіне және ағзасына алғашқы 3-5 жылда қатты әсер етеді, содан соң патологиялық өзгерулер баяулай бастайды. Сондықтан да, шулы өндірісте жұмысты алғаш бастар алдында қорғаныс құралдарын қолдану маңызды болып табылады. Шудан қорғанудың жеке қорғаныс құралдарына тығындар, құлаққаптар және шлемофондар жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет