Химиялық сипаттағы өндірістік факторлар



Дата28.11.2022
өлшемі6,37 Mb.
#53143
Байланысты:
Санитария 2 сабак презент

Химиялық сипаттағы өндірістік факторлар Өндірістік улар

Орындаған:Қалимбекова Дильназ

ТФП21-041

Жоспар

  • Өндірістік факторлар
  • Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
  • Еңбек ауырлығы ұғымы,категориялары
  • Өндірістік қажу
  • Еңбек қауіпсіздігі
  • Өндірістік улардың жіктелуі

Өңдірістік факторлар

  • Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды,қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді.
  • Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар


Жұмысшыға нақты жағдайларда жарақат немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса қауіпті
Ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса зиянды болып саналады.
Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады

Физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық факторлар

  • Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
  • 1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
  • 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
  • 3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
  • 4. Психофизиологиялық факторларфизикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б. 

Еңбек ауырлығы ұғымы 

  • Еңбек қалай биологиялық категория болса, дәл солай әлеуметтік те категория болып табылады, сондықтан да нақты өндірістік жағдайда еңбекті зерттеу, жұмысшыға әсерін тигізетін әлеуметтік факторларды ескере отырып іске асырылуы тиіс.

Категориялары

  • Ауырлықтың бірінші категориясына сыртқы ортаның оңтайлы шартында орындалатын кез келген жұмыс түрі.
  • Ауырлықтың екінші категориясына организмнің қалыпты жағдайда өзгермейтін жұмыстар жатады. Негізінен, организмнің физиологиялық мүмкіндігі жұмыс жүктемесінен аспайды
  • Ауырлықтың үшінші категориясына адам организмінде жүктеменің артуынан, еңбектің қолайсыз жағдайынан бастапқы кезеңі қалыптасатын жұмыстар жатады.
  • Ауырлықтың төртінші категориясына организмде терең шекаралық функционалдық жағдай орындалғанда қалыптасатын жұмыстар жатады. Жалпы ауру саны көбейеді, өндірісті негізделген аурулар пайда болады, өндірістік травма саны мен ауырлығы өседі.
  • Ауырлықтың бесінші категориясына адам организмінде патологиялық функционалдық жағдай қалыптасатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың бесінші категориясын ұзақ атқаратын жұмыстағы адамдарда уақыт өте келе созылмалы аурулар, ал өндірістік зияндарда кәсіптік аурулар дамиды.
  • Ауырлықтың алтыншы категориясына өндірісті негізделген және кәсіптік аурулар санының көптігі тән, ерте анықталады және ауыр ағысы бар болады.

Өндірістік қажу

  • Өндірістік қажу - жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда болатын, адам организмінің функционалды мүмкіндіктерінің уақытша және қайтымды төмендеуі.
  • Өндірістік қажуды дамытатын объективті көрсеткіштер келесілер болуы мүмкін:
  • • экономикалық (айлықтың төмендеуі, бірлік уақыттың өсуі, ақаулы заттардың өсуі);
  • • статистикалық (жұмыскерлердің бастамасы бойынша үзілістер, жұмыс әрекетіндегі микроүзіліс, микротравматизм мен травматизм жағдайларының өсуі);
  • • физиологиялық (қозғалыс үйлесімінің, қол мен саусақтардың треморы (қалтырауы), назар құрамының төмендеуі, қателіктер санының өсуі);
  • • психологиялық (психикалық процесстердің және реакциялардың азаюы, қателер санының өсуі).

Еңбек қауіпсіздігі

  • Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы.
  • Сәтсіз оқиғаларды тергеу мен есепке алу келесі шараларды ұсынады:
  • - жұмыс жетекшісіне жылдам хабар беру;
  • - жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек көрсетіп,оны емдеу мекемесіне жеткізу;
  • - сәтсіз оқиға туралы жоғары тұрған жетекшісіне хабар беру;
  • - тергеуге дейін оқиға болғандағы жағдаймен құралдарды сол қалпында сақтау
  • - сәтсіз оқиғаны тергеу бойынша құзырлы комиссияны құру;
  • - сәтсіз оқиғаны тергеу 24 сағат ішінде өтеді
  • - тәуліктік мерзім ішінде тек кәсіпорын жетекшісімен бекітілетін, Н-I формасы бойынша акт құрастырылады;
  • - сәтсіз оқиғаларды арнайы есепке алу журналында бекітіледі.

Өндірістік улардың жіктелуі:

Өндірістік улардың адам организміне әсер ету сипаты бойынша (жалпы улылық, тітіркендіретін, сенсибилизациялаушы, канцерогендік, мутагендік, әйелдердің репродуктивтік функциясына әсері); Организмге ену жолдары бойынша (тыныс жолдары арқылы, асқорыту жолдары, тері арқылы әсері), 

Қосылыстардың химиялық сыныптары бойынша (органикалық,Органикалық емес, элементорганикалық т.б.); Улылық дәрежесі бойынша (аса жоғары улылы, жоғары улылы, орташа улылы,улылығы аз); Организмге әсер ету дәрежесі бойынша (аса қауіпті, қауіптілігі жоғары, қауіптілігі орташа,қауіптілігі аз заттар) жіктелулері көбірек қолданылады.

Назарларыңызға рахмет Қолданылған сайт:https://ppt-online.org/453122



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет