Айқындалған түрде берілген функциялардың жоғарғы ретті туындылары
функциясының туындысы -тан тәуелді функция да болып табылады, және бірінші ретті туынды деп аталады. Егер функциясы дифференциалданатын болса, онда оның туындысы екінші ретті туынды деп аталып, арқылы белгіленеді. Сонымен, . Екінші ретті туындыдан алынған туынды бар болса, онда ол үшінші ретті туынды деп аталып, арқылы белгіленеді. Сонымен, . n-ретті туынды деп ретті туындыдан алынған туынды аталады:
.
(1)
Реті екіден жоғары туындылар жоғары ретті туындалар деп аталады.
Екінші ретті туындының механикалық мағынасы
материалдық нүктесі S=f(t) заңы бойынша түзу сызық бойымен қозғалсын делік. Бізге белгілі болғандай туындысы нүктенің сол уақыт мезетіндегі жылдамдығына тең
. Жолдың уақыт бойынша екінші туындысы нүктенің түзу сызықты қозғалысының үдеуінің шамасын анықтайтындығын, яғни болатындығын көрсетейік. Нүктенің t уақыт мезетіндегі жылдамдығы v, ал уақыт мезетінде жылдамдық болсын делік, яғни уақыт аралығында жылдамдық -ға өзгереді. қатынасы уақыты нүктенің қозғалысының орташа үдеуін өрнектейді. болғандағы осы қатынастың шегі М нүктесінің берілген уақыт мезетіндегі үдеуі деп аталып, а әрпі арқылы белгіленеді: . Бірақ болғандықтан, , яғни .
Анықтама 2. Функцияның туындысы нөлге тең немесе үзіліс нүктелері болатын нүктелер кризистік (стационар) нүктелер деп аталады.
Есептер шығару:
1. y= 2x2+4x-2 y′-?
2. y=3x(x-1) y″-?
3. y=f(x) функциясының екінші туындысы дегеніміз…….
4.Екінші туындының физикалық мағынасын түсіндіріп бер.
5.y=(2x+1)5 y′-?
6. Кризистік (стационар) нүктелер деген не?
7. f(x)=4x—x3+-5 f ′(x)-? f ″(x)-?
8. f(x)=x2-2e2x-1 f ′(x)-? f ″(x)-?
9. Нүкте түзу бойымен s(t) заңымен қозғалады (мұндағы t секундпен, x(t) метрмен өлшенеді). Нүкте қозғалысының to мезетіндегі жылдамдығы мен үдеуін табыңдар: