30. Р. А. Сулейменованың арнайы педагогиканы дамытуға қосқан үлесі



Дата29.05.2022
өлшемі22,87 Kb.
#35912
Байланысты:
30-39 сурак


30.Р.А.Сулейменованың арнайы педагогиканы дамытуға қосқан үлесі
Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырушысы және алғашқы басшысы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Айтжановна Сулейменова.

Арнайы білім беру саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізіп, дамуында түрлі бұзылыстары бар балаларды диагностикалау, оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша көмек бере алатын қызмет ету қағидалары тұрғысынан жаңа типтегі орталықты құру идеясы уақыт талабы болды.Оған дейін Қазақстанда арнайы білім беру саласының мәселелерімен айналысатын бірде-бір ғылыми-зерттеу зертханасы не институт болған емес. Бұндай жағдай Роза Айтжановнаны арнайы білім беру саласын әдістемелік, құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз мәселелерімен айналысатын Орталық құруға итермеледі.

Р.А. Сулейменованың басшылығымен балаларға ерте жастан түзете-педагогикалық көмек көрсету жүйесі құрылып, арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері ретінде қызмет атқара бастаған төмендегідей жаңа ұйымдардың модельдері ұйымдастырылып, жүзеге асырыла бастады: психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (ПМПК), Оңалту орталықтары (ОО-ы), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), лекотека. Аталмыш ұйымдардың барлық түрі Р.А. Сулейменованың бастамасы негізінде құрылып, ол кісінің жетекшілігімен 2002 жылы қабылданған ҚР-ның «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына енгізілді.

2000 жылдың мамыр айының 6-нда орталық ҚР-ның Білім және ғылым Министрінің № 439 бұйрығына сәйкес «Ақыл-ой және дене дамуында мәселелері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалтудың Республикалық ғылыми-практикалық орталық» деп қайта аталды.

2004 жылдың ақпан айының 25-нде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 222 Қаулысына сәйкес мекеме Ұлттық орталық мәртебесін алды.
31.Зияты зақымдалған балаларды тәрбиелеу және оқыту
Қазіргі кезде елімізде зияты зақымдалған балаларды оқыту қарқынды жұмыс істеу шегінде тұр. Айта кетсек ежелгі ғасырда зияты зақымдалған балаларды адам ретінде көрмей құбыжық немесе жын шайтан ретінде көріп өмір сүруіне мұрша бермеген. Кейіннен келе мұндай балаларды гуманистік көз қараспен қарап шіркеулерде кейін арнайы мекемелерде оқытып қарастырған болатын. Ең алғашқы болып арнайы оқыту мекемелері АҚШ- та ашылған болатын. Кейіннен келе КСРО мемлекетінде де көптеп кездескен. Ал енді біздің елдегі мұндай балаларға көрсетіліп жатқан оқыту процестеріне тоқтала кетсек. Оқыту дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс- әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі- мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекеті.

Қазақстан Республикасында « Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагокикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11- шілдедегі № 343 заңы қабылданған. Ақыл- ой кемістігі бар балаларды арнайы мектепте оқыту мынадай екі кезеңнен тұрады:

1 кезең –I – IV сыныптар;

2 кезең – негізгі (V-IX сыныптар, X өндірістік сынып).


Ақыл- ой кемтар балаларға арналған арнайы мектептің түзету жоспары мұндай балаларды қоршаған ортаға бейімдеуге өздігінен өмір сүріп кетуіне ықпал жасайтын оқу процесін ұйымдастыру. Оқу бағдарламасының мемлекеттік стандартта сәйкес жеіңл деңгейі (1 тип) және қалыпты (2 тип) оқушыларға арналған оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады. Арнайы мекемеде балалрдаң бәрі бірдей меңгере алмайды меңгерген жағдайда да оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуі аз болады. Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған. Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:

Гуманитарлық;

Жаратылыстану математикалық;

Мәдениеттану;

Әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;

Түзеу технологиялары;

Көмекші мектептерде зияты зақымдалған балалардың мүмкіндіктеріне бейімделген дәстүрлі пәндер мен түзеу пәндері оқытылады.
«Түзеу ритмикасы» бұл сабақта балалар дене қозғалысын жетілдруге, бағдарлай алуды дамытуға, ептілікке, музаклық сезім және эстетикалық сезімдерін қалыптаструға бағытталған.

«Емдік дене шынықтыру» балада жүріп- тұру функциялары бұзылған балалрарды оңалту мақсатында жүзеге асады. Сабақ топпен немесе жеке де жүріп отырады.

«Логопедиялық сабақтар» көмекші мектепте ақыл- ой кемістігі бар балаларда көптеп кездесетін тіл кемістігі көптеп кездеседі. Сөйлеу бұзылушығы ақыл- ойы кемтар балалардың психологиялық дамуына, білім алуына кері әсерін тигізеді.

«Танымдық іс- әрекетті түзеу» сабақтар ақыл- ойының кемістігі бар балаларды дамытуға, оқу және іс- жүзіндегі іс- әрекетке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.


33 Зияты зақымдалған балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері
Тәрбие дегеніміз жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Зияты зақымдалған балаларды тәрбиелеу қиынға соғады себебі балаларда таным процестері зақымдалғандықтан олардың қабылдауы төмен деңгейде жүзеге асады. Көмекші мектептің тәрбие жұмысындағы адамгершілік тәрбиесі қиынға соғады.
Э.Сеген құнды бір еңбектерінде былай деген «егер де адамгершілік мінезді қалыптастыруда тәрбиеші бала бойына мықты қалыптастырмаса, жүргізілген жұмыстарының бәре еш нәтиже бермейді, яғни бәрі әдеттен басталады. «Әдет ұзақ уақытты үрдісте қалыптасатындықтан, ерте жастан икемдеу үрдісіне кірудің қорытындысы жақсы нәтиже беріп отыр» деген. Адамгершілік тәрбие адамның мінез- құлқындағы әдет, еңбекке баулу бұлардың бүкілі жүрзізілетін тәрбиенің нәтижесі. Көмекші мектепте оқушылардың дәрежелеріне байланысты адамгершілік тәрбиесінің нақты мәселелерін шешу әр- түрлі сатыда жүзеге асады. Көмекші мектептегі тәрбиелеудегі өзекті мәселенің бірі тілалғыштық, себебі тілалғыштықсыз оқытуды ұйымдастыру мүмкін емес. Тілалғыштықта баланың мұғаліміне және ата- анасына деген бағынушылығы артады. Тілалғыштық кезінде мұғалім ең алдымен балаға оқушыларды сынып бөлмесіне қалай кіру керек, партада дұрыс отыру ата-анасына және мұғаліміне дұрыс сөйлеуді үйретеді. Және тәртіп дағдыларын анықтайтын жаттығулармен үйде, сабақта өзін қалай ұстау керек екенін үйренеді. Осылайша оқушылардың санасында алғашқы тәртіа туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Тәрбинің мақсаты оқушыларда еңбексүйгіштікке және дене еңбегіне үйретеді. Себебі бала арнайы мектепті бітірген соң өзіне- өзі қызмет көрсете алуы керек.

Балаларды алдымен жеңіл еңбек түрімен айналыстыру керек сонда ғана балада дене еңбегіне деген маңыздылықты сезіне алады. Еңбек- балада өз бетінше жұмыс істеуге шыдамдылыққа өжеттілікке үйретеді. Адамгершілік тәрбиесінің тағы бір міндеті балада әділ болуды үйрету, өйткені бұл балалар мінезін жасырмайды және ата- аналары ессіз сенеді. Бірақ бұл жастағы балаларда өтірік айту көптеп кездеседі. Мысалы бала досының затын тек еденде жатқаны үшін ғана алағанын және үй жұмысын дұрыс орындамағанын түсіндіругк тырысады. Мұндай балалар сенгіш болып келеді бұл кемшіліктерді түзету кезінде шамалы ғана жоюға болады. Балада мұндай қасиеттерді жою үшін мынадай тәсіл қалыптастыру керек мысалға бастауыш сынып оқушысына анасына шындығын айту керек деген себеп болса, жоғары сыныптарда егер өтірік айтпасаң сен жақсы оқушы боласың және болашағың да зор болады деп қалыптастыру керек.


34 Олигофренопедагогиканы зерттеуге үлес қосқан шетелдік ғалымдар
Олигофренопедагогика пәні белгілі тарихи құбылыстарды есепке алып өзгеріп отырды және қоғамдағы философиялық, мәдени, экономикалық және саяси көз-қарастарды қарастырады.

Зерттеу субъектісі ақыл-ойы төмен балалар болады. Ақыл-ойы төмен балаларға білім беріп, тәрбиелеп дамуында теориялық негізінің өңделуіне үлкен үлес қосқан олигофренопедагог және психолог –ғалымдар: Л.С.Выготский, М.Ф.Гнездилов, Г.М.Дульнев, И.Г.Еременко, Х.С.Замский, Л.В.Занков, М.И. Кузмицкая, В.И.Лубовская, В.Г.Петрова, Б.И.Пинкая, М.С.Певзнер.


37 Жатырішілік даму кезінде әсер ететін әр түрлі патогендік факторлар
Адам ұрығының дамуына әсер ететін факторлар:
Физикалық фактор : физикалық жүктеме
Биологиялық фактор : вирус, инфекция, бактерия және т.б.
Химиялық фактор : темекі, никотин, дәрі және т.б.

Темекі шегу ананың, ұрықтың және іштегі нәрестенің ағзасында асқынулар туғызады. Темекі шегудің жағымсыз әсері ұрықтың жарақаттанғышының, түсік тастау қаупінің артуының, мезгілінен бұрын босануының, сондай-ақ жатырда және туа сала қайтыс болуының «көрсеткіші» болып табылады. Темекі шегетіндер шала бала туады. Бұл ұрық гипоксиясымен (тіндердегі оттегінің азаюы), жатыр ішінде дамыған кезіндегі оттегі жетіспеушілігінен және ұрыққа темекідегі зиянды заттардың әсерімен байланысты. Темекі шегетін аналардың ішіндегі нәрестенің дамуы мына шамалар бойынша төмен: салмақ қана емес, дене ұзындығы, бас және кеуде тұсының шеңбер өлшемі. Қоршаған ортаның уыттылық әсері трисомияға (Даун ауруына) әкеліп соқтыратыны да дәлелденген.


38 Зияты зақымдалған балаларға педагогикалық-психологиялық мінездеме үлгісі
Кӛмекші мектептегі оқушылар құрамының психологиялық мінездемесі балаға кәсіби тұрғыдан бақылау жасаудағы мұғалімнің әрекеті қажетті ақпараттармен қарулануы арқылы анықталады. Дамудағы кемшіліктің диагнозы мен тарихын білу оқушының психикалық жағдайы мен тәртібіндегі ерекшеліктерді жақсы түсіну, оқыту мен тәрбиелеу ісінде мақсатқа бағытталған жеке әдістерді таңдай білуге кӛмектеседі.

Кӛмекші мектептегі оқушылар құрамын практикалық мақсатта анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының зақымдануы түрінде екі топқа бӛліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар VIII түрдегі кӛмекші мектептерде білім алады. Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық диагнозы қойылған балалар құрайды. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың еркшелігі мынадай белгілермен анықталады:


Ақыл-ой дамуының кещеуілдеуінде баланың физикалық статусы ӛзгерістерге ұшырайды, яғни бала бойындағы физикалық жетіспеушілік бас миының күрделі


Бұзылуларының ерте кездегі анықталуымен сипатталады. Оларды ішкі органдардың ӛзгерістерге ұшырауы, туа пайда болған жүрек аурулары, тыныс алу органдар жұмысының бұзылуынан байқауға болады. Осы факторлардың барлығы балаға еңбек


Сабақтарында, физикалық күш түсіру кезіндегі сабақтарда коррекциялық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін анықтайды. Күрделі локальдық неврологиялық симптомдар олигофрения кезінде сирек кездеседі. Олар: бас-миының зақымдануынан болатын қылилық, жоғарғы қабақтың тӛмен түсуі, нистагм (кӛз алмасының ритмикалық қозғалысқа түсуі), бет нервісі мен тіл асты нервтерінің салдануы;


39.Жүктіліктің алғашқы кезіндегі бала дамуы

  • Жүктілік (лат. Gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа жасушасы бөлінген кезде түзілетін жасуша бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір жасушалы ұрықтан көп жасушалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр жасушаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет