31. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы


Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері



бет12/13
Дата19.02.2023
өлшемі70,07 Kb.
#69253
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
31. ?àçà? õàíäû?ûíû? XVI ?. áàñûíäà?û ?ëåóìåòò³ê-ýêîíîìèêàëû? æ?

44.Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары.
Ішкі Бөкей ордасы 1801 жылы Павел патша «Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын, көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін, мейірімдігім түскендігін білдіру үшін қара бауға тағып, мойнына іліп жіберуге салған алтын медаль беремін», - деген жарлық шығарады. Осы жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық отбасы Жайықтың оң жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы құрылып, оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды. Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді.. Хандық 14 аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды. Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Олар Ресей губернияларындағы жәрмеңкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді, ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономикалық мүддесін қорғады. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп, 10-ға дейін қысқарды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды. Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар да әкімшілік бірлік болып саналды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған. Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қарамағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді, білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді, халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты, мешіт арқылы халықтың сана-сезіміне оң әсер етті. Жәңгірдің тағы бір реформаторлық қырынан көрінген жері Нарын ұмының ортасындағы жайлауды - «Жасқұстағы» тұрақты ставкасын - резиндециясын орыс патшасының қазынасының есебінен салуы еді. Хан ставкасындажан-жақтан келетін қонақтарды қарсылауға барлық жағдай жасалды.
Онда еуропаша жиһаздалған залдар, саз, шахмат, бильярд салондары болды. Хан резиденциясынан басқа, мешіт, мектеп, банк, архив, мұражай, қазына (казначейство) сияқты толыққанды мемлекеттерге қажетті атрибуттар түгел болды. Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды. Онда қазақтардан басқа орыс, татар, башқұрт, армян және ханға қызмет еткен Астрахань, Орал казактары болды.Білім, ағартү жене өнер Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70 балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды. Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді. Ханның жанынан жоғары діни дәреже - Ахунды бекітті. Молдалар халықты ханға адал қызмет етуге уағыздады. Сонымен қатар, олар ұстаздық қызметпен де айналысты. Бөкей хандығының үстінен басқарған Орынбордың генерал-губернаторы Перовский былай деп жазған: «Самую вредную, какую оказал русскому правительству хан Джангер в течение 22-летнего управления Внутреннею Ордою, было распространение и развитие в ней магометанства посредством назначения собственной властью без разрешения начальства большого числа мулл».Жәңгір хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан миссионерлерінің Ордаға келуіне кедергі жасады. Ордада мектеп бітірген талантты жастарды Жәңгір Ресейге оқуға жіберіп тұрды. Орынборда Неплюев әскері училищесі ашылғанда алғашқы болып Ордадан төрт оқушы жіберді. Одан кейін жыл сайын он баладан оқуға жіберуге рұқсат алды. 1841 жылдан бастап хан ставкасында орман шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде ханның өзі де болды. Оқу-біліммен қатар, Бөкей Ордасында өнер де жақсы дамыды. Еділ мен Жайықтың арасы ертеде Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Досмамбет жыраулардың елі болған.«Ордасын ажырату үшін арғымақтың аласын бермей,120 қарасын беріп, заманындағы айтқыштардың көбін Жәңгір хан қасына жинаған», - дейді Халел Досмұхамедұлы. Ордадағы белгілі ақындар -Шернияз, Байтоқ, Нысанбай, Махамбеттер.
Бөкей ордасында ерекше дамыған күй өнері болды. Құрманғазы, Дәулеткерей. Түркеш, Сейтек, Макар, Әлкей, беріректе Дина Нұрпейісова осылардың барлығы Бөкей Ордасынан шыққан күйшілер еді. Қазақта күй өнерінің шарықтау шыңына жеткен жері - Бөкей Ордасы болды. Жалпы Бөкей Ордасы «Күйдің Меккесіне» айналды.
Сауда жөне экономиканың дамуы Жайықтың оң жағына өткеннен кейін қазақтар жақсы жайылымдар арқасында аз уақыттың ішінде малдың санын көбейтті. Жәңгірдің кезінде сауда өте жақсы қарқынмен дамыды. Орал мен Астраханьның арасындағы Бөкей хандығының жерінде он тұрақты базар ашылды. Жыл сайын Хан ордасындағы базарға мың бес жүзге дейін шеттен адамдар келіп тұрады және онда 300-дей тұрақты істеп тұрған лавкалар болды. Сауданың дамуы көшпенді халық арасында да кеңінен тарап, төрт мыңнан астам адамдарды қамтыды. Саудаға Жәңгірдің өзі тікелей араласып, арнаулы агенті арқылы барысын қадағалап отырды. Жәңгір хан малды асылдандыру мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Ресей мен Кавказдан асыл тұқымды жылқыларды әкеліп, айналасындағы би-старшиндарға үлестіруді дәстүрге айналдырды.
Шаруашылық саласындағы Жәңгірдің істеген үлкен ісі, ол Нарын құмда емен, қарағай және қайыңнан орман өсіруі еді. Хан көзінің тірісінде орманды қорыққа айналдырып ағашты кесуге тиым салды.
Ханның жеке басына келетін болсақ, ол жас кезінде Астрахань генерал-губернаторы Андреевтің үйінде жатып оқып, еуропаша білім алған заманның озық ойлы, жан-жақты білімді азаматы болды. Ол өз анкетасында татар, орыс және араб тілдерін білемін деп жазды. 1826 жылдан бастап Жәңгір Қазақ университетінің демеушілерінің бірі және университеттің ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар, ол студенттерге қазақтың тарихы, әдет-ғұрыпы, тұрмысы жайлы лекция оқыды. Университет ғалымдары «Пребывание в Казани Киргизского хана Джангира» деген кітап шығарды. Ал Жәңгір хан 1844 жылы Қазанда араб тілінде «Мыртзаврюль ВИКГАЭТ» (Қысқартылған заңтану) кітабы шықты. Ол патша армиясының генералы, «Қасиетті Анна», т.б. императордың ең жоғарғы бірнеше ордендерінің иегері болды. Хан тапсырмасы бойынша С.А. Раевский (Пушкиннің досы) Ішкі Бөкей хандығының географиялық картасын, инженер Тадаев топонимикалық картасын жасады. Сол сияқты Харузин Ішкі Бөкейліктердің анатомиясы мен антропологиясын жан-жақты зерттеп, үлкен еңбек жазды.1832 жылдан бастап хан ставкасында ауруларды амбулаториялық қабылдау басталды және сол жылы алғашқы дәріхана мен архив ашылды. Жәңгір хан заманның көптеген зиялыларымен жақсы қатынаста болды. 1829 жылы Ордада болған А. Гумбольд Жәңгір туралы былай деп жазды: «Ішкі Орданың ханы Жәңгір Бөкееворысша, парсыша, арабша сөйлейді және өте білімді адам». 1844 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу туралы бірінші толық заң шықты. Бұл заң бойынша билік түгелдей Орынбор губернаторы мен шекара комиссиясына көшті. Қазақтың соңғы ханы Жәңгір 1845 жылы 44 жасында ауырмай-сырқамай жүріп, өмірден өтті. Ханның өлімі туралы әртүрлі жорамалдар бар. Солардың бірі - патша жендеттері улап өлтірді дегеннің негізі бар. Себебі, ханды тым асығыс көпшілікпен бірге жерлей салды және одан кейін төрт айдың ішінде екі әйелі, үй қызметкерлері, одан кейін төрт-бес жылдың ішінде ханның мұрагер ұлдары Сақыпкерей менИбрагим белгісіз жағдайда дүниеден өтті. Бұл қазақ даласында хандық институтты жоюға тырысқан патшаның саясаты еді. Жәңгір мен Махамбет халық аузында Жәңгір мен Махамбет сөз таласында ханның: «Менің алдьім жалын, артым өрт», -деген сөзі қалды. Шынында да, Жәңгір ханның тағдыры орыс патшасының колониялық саясаты мен көшпенді халқын ивилизацияға жеткізуге реформаторлық қызмет еткен ханды түсінбеген ру басшылары мен қарапайым халықтың трагедиясының ортасында өтті. Бұл жөнінде Н. Макиавелли «Реформатордың ісі - нәтиже бермейтін ең қиын қызмет. Себебі, қоғамда қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысқан көпшілік оған қарсылық көрсетеді. Ал, оны түсінген аз топтың өзі, оған белсенді көмек беруі екіталай, себебі олар да істің оң бітуіне сене бермейді» деген екен. Қалай болғанда да, Жәңгір хан – өз ғұмырының ішінде ұрпақтарына өшпес із қалдырған ұлы мемлекет қайраткері. Ол құрған мемлекет басқару жүйесі, оқу-ағарту саласындағы, дінді дамытудағы, шаруашылық саласындағы реформаторлық істері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет