31. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы


Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы



бет6/13
Дата19.02.2023
өлшемі70,07 Kb.
#69253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
36. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы Ұлттық тарихнаманың қалыптасуында ауызша тарихтың орны ерекше. Ауызша тарих ең алдымен ғасырлар бойы қариялардың есте ұстап, ұрпақтан ұрпаққа өсиет есебінде айтылып келген тарих. Ауызша деректерге: тарихи аңыздар, мифтік аңыз әңгімелер, халық жыр – эпостары, батырлық ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, салт-дәстүр жырлары (бақсы сарындары, айтыс, балалар фольклоры) жатады. Ауызша тарихтың үлкен тармағы – батырлық жырлар. Олардың тарихи деректік қабілетіне қатысты мынадай факторларды атап өткен жөн: 1) Тарихи деректердің бұл түрінің сол халықтың пайда болып, өмір сүрген ортасында, «туған топырақта» жаратылғаны, иесі белгілі бір халық. 2) Батырлық жырлардың этникалық тарихты жомарт (өзіне ғана тән тілмен) бейнелейтіндігі. 3) Батырлық жырлардың халықтың тарихи зердесіне (халықтың өткен тарихының көрінісі) айналып, тіптен тілден, діннен, ата қоныстан айрылған кезеңдерде де ұлттың жадынан жоғалмайтын қасиетінің күштілігі. Тарихи жырлардың тарихи дерек ретінде қазақ тарихы ғылымында орын алуға толық іргелі негіз бар. Тарихи туындылар – халқымыздың басынан өткізген тарихи-әлеуметтік оқиғалар мен тарихта болған қайраткерлердің батырлық істерінің негізінде туған және олар елдің саяси-әлеуметтік, шаруашылық өмірін, әдет-ғұрпын, рухани құндылықтарын, әсіресе, ерлік салтын бейнелейді [7]. Ермұхан Бекмаханов фольклорлық деректердің қазақ тарихы үшін деректік маңызы мен ғылыми құндылығын жоғары бағалай отырып, олардың деректік ерекшеліктері мен кемшіліктерін де көрсетіп берді. Ол: «Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі – оның сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиял және аудармашының жорамалы болатынын, әсіресе, бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан-ауызға көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан түйдектетіп қосатын қосымшалардың да мұндай фольклордан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек» [8] - дейді. Ғалым, академик Манаш Қозыбаев ӛзінің еңбегінде «Қазақ шежіресін зерттеуді, оны білуді рушылдық, жершілдік сияқты келеңсіз құбылыстармен шатастырмау керек. Бұл екеуінің шежіреге қатысы жоқ. Ендеше, ауызша тарих айту дәстүрінсіз қазақ халқының тарихын жасау мүмкін емес» [9] деген еді. Тарихшы Қамбар Атабаев: «Қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз әдебиеті туындылары: ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларда бейнелеген», деп ой түйіндеген.
Ғалым ұлттық деректану ғылымын қалыптастыруға арналған еңбектерінде фольклор қазақ тарихының дерек көзі ретінде қарастырылады [11] Автор фольклордың тарихи дерек ретінде қарастыруда оның деректік маңызы, объективтілігі, алғышарттары, тарихи жағдайлары, ерекшелік жақтарына назар аударады.
Отандық тарих ғылымында тұңғыш рет дәстүрлі ауызша тарихтың өзін дербес ғылыми проблема ретінде көтеріп, оны зерттеудің қазақ тарихтануындағы мәнін көрсеткен Г. Жүгенбаеваның «Дәстүрлі ауызша тарих» монографиясын атауға болады. Еңбекте дәстүрлі қазақ қоғамындағы руханияттың деректемелік және тарихнамалық қырлары жан-жақты қарастырылады. Г. Жүгенбаева зерттеулерінің нәтижесінде «...ауызша тарих – халықтың біртұтас жады және этникалық тарихтың дереккӛзі белгісіндегі бірегей болмысын танытып берді» деген тұжырым жасайды [12]. Автордың басты жаңалығы ретінде қазақтардың дәстүрлі ауызша тарихын ұлттық интеллектуалдық құбылысқа теңеуін айтуға болады. Осы монографияда автор дәстүрлі ауызша тарихпен қатар ұлттық сан мен тарихи жадқа да баса мән береді: «Қалыптасуының өзі адамзат тарихымен бірге жасаған «тарихи санаға» барынша әмір жүргізу өткен кеңестік билік тұсында жүзеге асырылды. Біртұтас кеңестік тарихи жадты орнықтыру саясаты қазақ халқының тарихи санасына «қондырылған» жоспарлы үстем науқаннан көрініс тапты. Тарихи санаға арналған кеңестік саясат ұлттар тарихына қатысты мынадай ұстанымды орнықтырды. Тарихты зерттеудің теориялық-методологиялық әдіснамасына маркстік формациялық методологияны негіздеу; тарихты танудың, зерттеудің ең басты қайнары тарихи деректерді алалау; ұлттық тарих пен ұлттық руханиятты зерттеуші зиялыларды қуғындау. Қазақтың рухани мұраларына төнген қатер өткен XX ғасырдың 40-жылдардың соңынан белең алды. Маркстік методологияның кеңестік ғылымдағы эксперименті бойынша тарихты әлеуметтік қайшылықтар мен болмай қоймайтын таптар күресі тұрғысынан зерттеу, ұлтшылдықпен күрес, одан социалистік реализм, түрі ұлттық, мазмұны советтік әдебиет «жасау» науқандары қазақтың тарихи зердесіне, оның ұлттық рухына жасаған шабуылдарға айналды. Нәтижесінде қазақ тарихы төлтума деректерсіз-ақ танылып, ұлттың тілін меңгермей-ақ зерттеген тарихнамашылар зерделеуімен жазылып жатты».
Ауызша деректердің қайсыбір түрлері халықтың тарихи санасының дерек көзі бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет