№31 «Береке» жалпы орта мектебі коммуалдық мемлекеттік мекемесі



бет3/3
Дата03.04.2023
өлшемі387,97 Kb.
#78886
1   2   3

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған - туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

  • Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған - туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр шағын салып Аллаһ Тағала дан перзент сұрап жалба рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. 

  • Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұр шағын салып Аллаһ Тағала дан перзент сұрап жалба рынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. 

Асату. Оны С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

  • Асату. Оны С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

 Балдыз қалың

  •  Балдыз қалың
  • Қалың малы төленген қалыңдық қайтыс болған жағдайда қазақ дәстүрі бойынша қалыңдықтың сіңлісін (балдызын) алу кезінде төленетін қосымша қалың мал балдыз қалың деп аталады. Күйеу қайтыс болған қалыңдығына ұрын барған болса ғана бұл ақы төленеді. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса, балдыз қалың төленбейді. Балдыз қалың – күйеудің балдызын алу үшін бұрынғы қалың мал үстіне түйе бастаған тоғыздан тағы да қалың мал төлеуінің атауы.

Қорытынды
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын, өсиет - өнегелерін өзіне үлгі тұтуға тиіс. Көне салт - дәстүрлерді зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным – оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені, тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен оның адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт - дәстүрге, оның ішінде көне салт – дәстүрлерді қайта жаңғыртып, ерекше мән беруіміз керек. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт - дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт – дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын. Салт - дәстүр, әдет -ғұрып - халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениетінің арқауы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүрді халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру – өркенді де өнегелі іс.
Ұсыныс:
Бала тәрбиесіндегі үлкен рөл атқаратын ата – бабаларымыздан қалған, қолданыстан шыққан көне салт – дәстүрлеріміз балаларға арналған суретті кітаптарда, мектеп оқулықтарында, отбасына арналаған бағдарламаларда көпетеп шығарылса деп ойлаймын.
Әдебиеттер тізімі: 1. Қазақтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары. С.Кенжеахметұлы. Алматы. «Ана тілі»1994ж 2. Жеті қазына. С.Кенжеахметұлы. 1-кітап. Алматы. «Ана тілі»2003ж. 3. Қазақ мақал - мәтелдері. Алматы. «Қазақстан» 1990ж 4. Қазақтың салт - дәстүрлері. Алматы. 5. Халық тағылымы. Ә.Табылдиев. 1992ж 6. Қазақ этнопедагогикасы.Алматы.1999ж 7. Балдырған, Айгөлек, Мөлдір бұлақ журналдары.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет