Құзыреттіліктер
|
Бакалавриат
|
Магистратура
|
PhD докторантура
|
Оқылатын пән саласын білу және түсіну керек
|
Негізгі қағидаларды, кестелерді, үлгілерді, жіктеулерді, анықтамаларды және т.б білу.
|
Оқылатын пән саласы бойынша ғылыми танымның қазіргі жағдайы мен даму бағыттарын білу.
|
Оқылатын пән саласын жүйелі түрде түсіну, сол салада қолданылатын зерттеу әдістері шеңберінде терең арнайы білімдер.
|
|
Нақты пән саласындағы аса озық білімдердің элементтерін білу.
|
Оқылатын пән саласы бойынша ғылыми таным әдіснамасын, ғылыми қызметті ұйымдастыру қағидалары мен құрылымын білу.
|
Оқылатын пән саласы бойынша ғылыми таным әдіснамасын білу.
Оқылатын саладағы ғылыми мектептерді білу, олардың практикалық және теориялық жұмыстарын, ғылыми тұжырымдамалар мен әлемдік жетістіктерін, осы сала бойынша қазақстандық ғылымды, қазіргі тенденциялар мен бағыттарды, оның даму заңдылықтарын білу.
|
Алған білімді тәжірибеде қолдана білу.
|
Алған білімді стандартты кәсіби мәселелерді шешу үшін қолдана білу.
|
Білімді ерекше үлгіде қолдана білу, осы салаға байланысты аса кең салалар (пәнаралық) контексті мен шеңберіндегі мәселелерді шеше білу, кәсіби мәселелерді шешуде ғылыми таным әдістерін қолдана білу, білімдерін ерекше даму үшін және ғылыми зерттеулер контекстінде идеяларды қолдану үшін пайдалана білу.
|
Ғылыми зерттеу нәтижелерін жүзеге асыра білу, ғылыми сала аумағының кеңеюі үшін жеке зерттеулері арқылы өзінің үлесін қоса білу.
|
Ақпаратты жинақтай, талдай және түсіндіре білу.
|
Қажетті ақпарат көздерін сәйкестендіріп, ақпаратты өңдеу мен түсіндірудің адекваттық тәсілдерін білу.
|
Концепциялар, теориялар және үрдістер мен құбылыстарды талдау тәсілдемелерін сыни талдай білу.
|
Әртүрлі ғылыми тұжырымдамаларды талдай, бағалай және қорытындылай білу, әртүрлі ақпараттар көзінен ақпараттарды талдай және өңдей білу,
жаңа және күрделі идеяларды сыни талдай және бағалай білу.
|
Кәсіби мәселелерді шешу мен кәсіби қызметті ұйымдастыру үшін алынған білімді біріктіре білу.
|
Оқылатын пән саласында дәйектерді құрастыра білу және мәселелерді шеше білу.
|
Бейтаныс жағдайларда зерттеу мәселелерін шешу үшін әр түрлі пәндер шеңберінде алынған білімді біріктіре білу, белгісіз жағдайларда әрекет жасай білу, мәселелер мен міндеттерді шешу үшін ерекше тәсілдемелерді қолдана білу.
|
Оқылатын пән саласы бойынша қазіргі теориялар мен талдау әдістері негізінде кешенді ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлай және жасай білу, жүзеге асыра және түзете білу қажет.
Өзінің жаңа жеке идеяларын тудыра білу, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми сала аумағының кеңеюі үшін ғылыми қауымдастыққа хабарлай білуі тиіс.
|
Пайымдауларды бағалау және қалыптастыра білу.
|
|
Толық емес және шектеулі ақпараттар негізінде пайымдаулар беру, қиындықтарды шеше білу.
|
Ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасай білу.
|
Өзін-өзі жетілдіру мен білім алуға қабілеттілігі
|
Күнделікті кәсіби қызмет үшін жаңа білім алу дағдыларын меңгеру және магистратурада білім алу үшін білімін жалғастыру.
|
Өз бетінше білім алу үшін күнделікті кәсіби қызметте жаңа білім алу дағдыларын кеңейту және докторантурада білім алу үшін білімін жалғастыру.
|
Өзінің кәсіби дамуы үшін жоспар құрып, оны болжай білу.
|
Қажетті техникалар, әдістер, қосымшалар, технологияларды және т.б. (инструментал құралдарды) пайдалана білу
|
Заманауи техниканы қолдана білу, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалана білу.
|
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиогарфиялық жұмыстарды жүргізе білу.
ЖОО-да арнайы пәндерді және ғылыми зерттеулерді жүргізе білу үшін қажетті шетел тілін кәсіби деңгейде еркін меңгеру.
Педагогикалық қызметте жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының білімдерін қолдана білу. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдана білу.
|
Қазіргі зерттеу жұмыстарын, әдістерін тиімді пайдалана білу. Патентті ізденіс жүргізе білу.
Қазіргі технологиялар мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, ғылыми ақпаратты жеткізе білу.
Ғылыми қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру үшін және халықаралық қатынастар үшін шет тілін жетік меңгеру.
Ғылыми жаңалықтар мен еңбектерде өзінің жеке интеллектуалдық құқығын қорғау қағидаларын білу.
ЖОО мамандарын даярлау мәселелеріндегі құзыреттіліктер.
|
Әртүрлі мақсатты аудиториялар үшін
ақпараттық хабарламаларды (коммуникативтік дағдылар) құрастыра және жеткізе білу.
|
Мамандарға және маман еместерге ақпаратты, идеяларды, мәселелер мен шешімдерді хабарлай білу.
|
Қорытындылар мен білімдерін анық және нақты жеткізе білу, оны мамандар мен маман еместерге негіздей білу. Диссертация, ғылыми мақала, аналитикалық жазба және т.б. түрінде ғылыми зерттеу мен аналитикалық жұмыстарды қорытындылай білу.
Кәсіби қарым-қатынас және мәдениаралық коммуникация дағдылары.
Өзінің ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық жеткізе білу, шешендік өнерінің дағдылары.
|
Өзінің білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қауымға және ауқымды қоғамға хабарлай білу. Ғылыми жазу және ғылыми қарым-қатынас дағдысы. Кәсіби қарым-қатынас және мәдениаралық коммуникация дағдылары.
Шешендік өнері мен халықаралық ғылыми форумдар мен конференцияларда, семинардарда сөйлей білу.
|
Оқу нәтижесінің деңгейін бағалауға және баға беруге мүмкіндік беретін әрбір сұрақ түріне жауап сапасының шкаласын құру керек. Мысал:
Бағаланатын параметр
|
Өте жақсы
|
Жақсы
|
Орташа
|
Нашар
|
Білімі
|
Сұрақтардың, математикалық идеялардың және үдерістердің толық түсінігін көрсетеді
|
Сұрақтардың, математикалық идеялардың және үдерістердің барынша түсінігін көрсетеді
|
Жауап мәселенің шектеулі түсінігін көрсетеді
|
Жауап мәселені толық түсінбегенін көрсетеді
|
Емтихан сұрақтарын құрастыру бойынша ұсыныстар:
– біріншіден, емтихан сұрағы білім алушыны шатастыру үшін бағытталмауы тиіс, екіншіден – дұрыс жауабын оңай таба алатындай өте қарапайым болмауы қажет;
– емтихан сұрағын құрастыру барысында берілген сұрақ қандай білім деңгейін анықтайтынын ескеру қажет, сұрақтың жауабы білім алушының белгілі бір ақпаратты тек еске түсіріп қана қоймай, оны қолдана білуін талап ететіндей болуы тиіс:
Сұрақ түрі
|
Нені анықтайды?
|
«Анықтама беріңіз...», «Атап көрсетіңіз...», «Сипаттаңыз....», «Көрсетіңіз...» және т.б. түрдегі сұрақтар
|
Белгілі бір ақпаратты тек еске түсіру, оны түсіну міндетті емес.
Мысалы:
«Ғылыми зерттеулермен байланысты этикалық мәселелерді анықтап, сипаттап беріңіз».
«Заңнамалар қашан және қалай өзгереді, оның зардаптары қоғамға қалай әсер ететінін сипаттаңыз».
«Туберкулезбен ауыратын адамға күтім жасау талаптарын атап көрсетіңіз»
|
«Түсіндіріңіз....», «Мысал келтіріңіз...», «Шешіңіз...», «Көрсетіп беріңіз....», «Айырмашылығын көрсетіңіз...», «Анықтаңыз....» және т.б. түрдегі сұрақтар
|
Игерген ақпаратты (білімдерді) түсіну және түсіндіре білу.
Мысалы:
«Азаматтық және қылмыстық құқық арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсетіңіз».
«Электорндық сауданың дамуына кім қатысатынын және оның мақсаттарын анықтаңыз».
«Екінші дүниежүзілік соғыс одан кейінгі жылдары қандай экономикалық, әлеуметтік және саяси зардаптарға әкелгенін түсіндіріңіз».
|
«......пайдаланыңыз», «....табыңыз», «...... таңдап алыңыз», «......байланысын анықтаңыз», «.... көрсетңіз» және т.б. түрдегі сұрақтар
|
Жаңа мәселелерді шешу үшін алған білімдерді пайдалана білу.
Мысалы:
«19 ғасырдағы Қазақстанда болған ең маңызды оқиғалар бойынша уақыт шкаласын құрыңыз»
«Талдау әдістерін таңдаңыз және оны күрделі өндірістік үдерістерде энергияны пайдаланудың үнемділігін бағалау үшін қолданыңыз».
«Шағын кәсіпорын үшін өнім сапасын бақылаудың аса жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс стандартын өзгертіңіз (кейс-стади)».
|
«...салыстырыңыз», «...арасындағы байланысты табыңыз», «...сыни бағалаңыз», «...тексеріңіз», «...категориясын анықтаңыз», «...айырмашылығын анықтаңыз», «...талдаңыз», «... негіздеңіз» және т.б. түрдегі сұрақтар
|
Ақпаратты талдау қабілеттілігі, өзара байланыстарды анықтау және негіздеуші қағидаларды анықтау.
Мысалы:
«Электронды бизнестің түрлі үлгілері арасындағы айырмашылықтарды салыстырып, табыңыз».
«Энергияны қайта өңдеудің экономикалық және экологиялық тиімділігін негіздеңіз».
|
«...құрастырыңыз», «...жоспарын жасаңыз», «...жасап беріңіз», «...түрлендіріңіз» және т.б. түрдегі сұрақтар
|
Жаңасын құру үшін ақпаратты синтездей ала білу.
Мысалға:
«1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісінің себептері мен салдарын анықтаңыз».
«Энергияны үнемдеуді басқару әдістерін қолданумен байланысты мәселелерді шешуге қажетті тапсырмаларды анықтап құрастырыңыз».
|
«... бағалаңыз», «...шешіңіз», «...болжам беріңіз», «...сыни бағалаңыз» және т.б. түрдегі сұрақтар
|
Нақты мақсаттар үшін материалдың/ақпараттың сәйкестігін бағалай білу қабілеттілігі
Мысалдар:
«КСРО тарихындағы тарихи өзгерістер үдерістеріндегі басты тұлғалардың рөлі мен маңызын бағалаңыз».
«Электрондық бизнестің түрлі үлгілері үшін маркетингті стратегияларды бағалаңыз».
«Электромагниттік индукция саласындағы Майкл Фарадейдің басты үлесін анықтаңыз»
|
– магистратура мен докторантурада білім алушылар үшін емтихан сұрақтарын құрастыру барысында жоғары деңгейлі білім мен зерттеулерге сүйену қажет.
– магистратура мен докторантурада білім алушылар үшін емтихан сұрақтарын құрастыру барысында пәнаралық байланысты орнату, жаңа және жеткіліксіз ақпараттарды шешу, тиісті білімдер мен әдістерді сыни бағалау қажет, сонымен қатар белгілі бір пән саласы бойынша проблемалық және перспективалық бағыттарды сәйкестендіре білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |