Бекiтемiн:
_______Қуатова Р.Х
«_____»_______201__ж
Топ:2ЭВТ -18Б
Оқытушы: Исағалиева З.А.
Сабақтың тақырыбы: Архиватор бағдарламалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
|
Архиватор бағдарламалардың түрлерімен танысу. Файлдарды архивке енгізуді меңгеру
|
Дамытушылық:
|
Оқушылардың зеректігін дамыту
|
Тәрбиелік:
|
Берілген материлды талдап білу, ұйымшылдыққа, өз ойын еркін және нақты жеткізе білуге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, дәріс.
Пәнаралық байланыс: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырманы сұрау
Тақырып бойынша сұрақтар
Үй тапсырмасын қорытындылау
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
Архиваторлар, бұл файлдың олшемін кішірейту арқылы, дисктегі орынды үнемдеуге мумкіндік беретін программалар болып табылады. Архивтеу программасы өте көп. Мысалға: PKZIP, ARJ,RAR, Windows ортасы үшін- WinZIP,WinRAR. Бұлардың барлығы жеткілікті тез және жақсы жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысын да қолдануға болады. Бізге информатика оқулыгын жазу барысында жасалған файлдарды архивтеу (буып-таңу) керек болсын. Бұл файлдар информатика бумасында жинақталған. Егер Сізде WinRAR архиваторы бар болса, онда Сіз тышқан курсорын сол бумаға көрсетесіз де оң жақ пернесін басасыз. Жауап ретінде нұсқаулары бар терезе шығады. «Добавить в архив “Информатика”» нұсқауын таңдайсыз. Егер тышқанды сырт еткізсеңіз, архивтеу үрдісі жүктеледі, ақпарат терезесі дәлелдеме болады.
Программа файлдарды буа бастайды. Сонымен қатар олардың аттарын және тығыздау дәрежесін жазады. Программаның орындалуы аяқталысымен, сіз сол каталогте дәл сондай атпен жаңа файлды байқайсыз.
Әрі қарай қасиет нұсқауының көмегімен сіз файлдың типін, орналастыру әлшемін архивтеу үшін қандай қосымша қолданьшғаидығын және тасу кезінде дискте қандай орын алатындығы және т.б. білетін боласыз. Архивтелген файлмен көптеген амалдар орындауга болады: алу (ашу), жаңарту, қосу және т.б.
Жаңа сабақты бекіту:
Архиваторлар бағдарламаларында жеке- жеке құжаттарды мұрағаттаңыз
Бақылау сұрақтары:
Архивтеу дегеніміз не?
Архиваторлар дегеніміз не?
Файлдарды архивке енгізу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
Архиватор бағдарламалардың қандай түрлері бар?
Жаңа сабақты қорытындылау:
Insert әдісі
Үйге тапсырма:
Бақылау сұрақтарына жауап беру. Слайд жасау
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |