40 Полимерлердің ерітіндісінің түзілу ерекшеліктерін сипаттаңыз.Шын ерітінділердің белгілерін атаңыз. Химиялық талшықтарды ультражіңішке түрде өндіруге болады, ол үшін электрлік иіру арнайы технологиясын қолдану қажет, онда талшық құрағыш полимерлердің ерітіндісі немесе балқымасы фильерадан шығу кезінде электр өрісінен өткізіледі. Бұл технологияны көп жылдар бұрын академик Петрянов ұсынған және ультражіңішке талшықтардан арнайы белгідегі сүзгілер дайындау үшін қолданылды. Қазіргі уақытта электрлік иіру технологиясы шетелдерде медицинаға арналған, гигиеналық тоқымаға (астарлар, жаялықтар) арналған ультражіңішке және наноталшықтар өндіру үшін қолданылуда Дайын талшықтардың химиялық әдістері көп және де соңғы уақыттары әртүрлі мақсатта кеңінен қолданылады. Осындай әдіспен жанбайтын, оттан қорғайтын және химиялық заттар әсеріне төзімді талшықтар мен жіптер, антистатистикалық талшықтар, электрөткізгіш талшықтар, медицинада қолданылатын антимикробтық талшықтар алынуы мүмкін. Талшықтарды химиялық модификациялау әдістерінің ішінен талшықтарды сополимерлерден алу әдісі кең қолданыс тапты: дайын талшықтарға түрлі функциональдық топтарды және талшықтарда полимеранологиялық өзгеріс енгізу.
Соңғы екі әдіс тәжірибеде қолданыс таппады, себебі осы әдістер бойынша еру мен қалыптасу нашарлайды. Сонымен қатар, бұл әдістер технологиялық қиындықтар туғызады. Қазіргі уақытта талшықты қалыптастыру жылдамдығы 100-3000м/мин жеткен және полимерге ұқсас өзгеруі мен қосылуы талшықты қалыптастыру және өңдеу уақытында үлгермейді. Қалыптасушы талшықтың ішінде реагенттерінің терең диффузиясы әсерінен реакция жүргізу үшін көп уақыт қажет. Яғни, тұнба ваннада немесе шахтада талшықтың жүруі ұзындығын үлкейту керек. Сондықтан тәжірибе жүзінде бұл әдістерді тек штапель талшықтарына ғана қолданады. Бұл жағдайда талшықтарды бөлек бактарда өңдеу ұзақтығын шектеусіз жүргізеді. Сополимерден талшықтар мен жіптерді алуда технологиялық процесс еш кедергісіз жүреді. Сонымен қатар, оны қолда бар жабдықта жүргізугеболады.
Берілген еріткіште сополимерлердің ерігіштігі максимальды, ал қоюлығы мен балқу температурасы минималды, егер де сополимер бастапқы мономердің бірдей мөлшерін құраса (40:60) – (60:40). Талшық алу үшін сополимерді қолдану мынаған негізделген, яғни белгілі еріткіштерде гомополимерлер ерімейді.
Мысалы, акриллонитриль және винилхлорид сополимері ацетонда оңай ериді, ал акрилонитрил және винилхлорид гомополимерлері бұл еріткіштерде ерімейді. Түрлі мономерлерді араластырғанда, сополимердің құрамында анықталған функционалды топты енгізуге (анионды және катион активті - бояуды жеңілдету үшін, гидрооксильді- гидрофильдікті жоғарылату үшін және т.с.с) және сонымен талшықтарға қажетті қасиеттер беруге болады.
Бұл әдіс сополимерден ацетонда еритін модакрильді жіптер алуда қолданылады: акрилонитрилді винилхлоридпен немесе винилацетатпен, катионды бояғышармен боялатын; винил немесе арилкарбонды немесе сульфонды қышқылымен акрилнитрилді; анионды бояғыштармен боялған; винилпиридпен акрилонитрильді; бактерицидті қасиеттері бар стиролды сополимерлі талшықтар.
Әртүрлі синтетикалық талшықтардың алу технологиясы бірдей-ақ, тек соңғы өңдеу мен кептіру кезеңінде өзгеше көлемді жіптер мен иірімжіптер алуда қолданылатын әртүрлі отырғыш талшықтар өндірісінде сополимерлер кең қолданыс тапқан. ПА және әсіресе ПЭТ талшықтары өндірісінде сонымен қатар сополимердің полимерконденсатталған түрі үлкен қолданысқаие. Капролактамды біртіндеп маномерлерге немесе капролактам гомологтарына алмастырып және капрон талшығы секілді сондай шарттарда сополимерлерді қалыптастырып талшықтардың иілгіштігі, деформация модулі, жылу- және термотұрақтылығы және отырғыштық қасиеттері бойынша өзгертулер алуға болады.