Тақырыбы:Маталар құрылымының негізгі сипаттамалары.
Жоспары:
I.Кіріспе
Маталар
II.Негізгі бөлім
Маталар құрылымының негізгі сипаттамалары.
III.Қорытынды.
Мата
Мата (лат. textile — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасалуы:
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан(әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан)жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты(негізінен триацетапты)жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.
Солардың ішінде ең көп тарағандары:
полиамид талшықтары мен жіптері(капрон, анид),
полиэфир(лавсан),
полиакрилонитриль(нитрон),
поливинилхлорид(хлорин),
полиолефин (полипропилен, полиэтилен) талшықтары мен жіптері.
Мата құрылымы:
Мата құрылымы:
Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.
Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.
Қарапайым айқаспа:
Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең.
Жаймалық:
Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең.
Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады.