№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт

__________________ ______ ж. «___» __________________________ (орналасқан жері) 

Бұдан əрі Тапсырыс беруші деп аталатын_______________________ (тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан _____________________________________________________________ 

 (уəкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (бар болса)

бір тараптан жəне бұдан əрі өнім беруші деп аталатын_____________________ 

(өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы)

атынан __________________________________ негізінде əрекет ететін_______ 

(Жарғының, Ереженің жəне т.б.) (уəкілетті

______________________________________________________ екінші тараптан

адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (бар болса) 

2015  жылғы 4 желтоқсандағы  «Мемлекеттік  сатып  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының 

(бұдан əрі – Заң) жəне _____жылғы___ _______ өткен _______________________________ (конкурс, баға 

ұсыныстары, бір көзден алу тəсілімен) мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде осы мемлекеттік 

сатып алу туралы шартты (бұдан əрі – шарт) жасасты жəне мына төмендегілер туралы келісімге келді: 

1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен жəне жазбаша көрсету керек) сомаға 

(бұдан əрі – шарттың бағасы) қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен жəне жазбаша көрсету), акциз сомасы (сома цифрмен жəне 

жазбаша көрсету керек) құрайды.

2. Осы шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады: 

1) шарт – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге 

де нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық 

қосымшаларымен жəне толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен 

бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт; 

2) шарттың бағасы – шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Өнім 

берушіге Тапсырыс беруші төлеуге тиіс соманы білдіреді; 

3) көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, заттық 

нəтижесі жоқ қызмет;

4)  тапсырыс  беруші – мемлекеттік  органдар,  мемлекеттік  мекемелер,  сондай-ақ  мемлекеттік 

кəсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу жəне одан 

астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар; 

5) өнім беруші – кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, онымен мемлекеттік сатып алу ту-

ралы жасасқан шартта Тапсырыс берушінің контрагенті ретінде əрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан 

Республикасының  заңдарында  өзгеше  белгіленбесе,  мемлекеттік  мекемелерді  қоспағанда),  заңды 

тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум). 

3.  Төменде  тізбеленген  құжаттар  мен  оларда  айтылған  талаптар  осы  шартты  құрайды  жəне  оның 

ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда: 

1) осы шарт; 

2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі; 

3) техникалық ерекшелік; 

4) шарттың орындалуын қамтамасыз ету. 

4.  Өнiм  берушi  Қағидалардың 123-тармағында  көрсетiлген  жағдайларда  жəне  мөлшерде  шарттың 

орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді.

Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар жəне мемлекеттік мекемелер болып та-

былатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа 

енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны; 

2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.

5.  Өнім  берушінің  шарт  бойынша  міндеттемелер  толық  орындалғанға  дейін  үшінші  тұлғалардың 

енгізілген  кепілдік  ақша  жарнасына  тұтастай  не  бір  бөлігінде  талап  қою  құқығының  туындауына  əкеп 

соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Тапсырыс 

берушінің Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді. 

6.  Мемлекеттік  органдар,  мемлекеттік  мекемелер  жəне  жедел  басқару  құқығындағы  мемлекеттік 

кəсіпорындармен бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да əскери құралымдарының жеке құрамын 

тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы 

шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспайды;

2)  көрсетілетін  қызметтерді  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  жағдайларда  бір 

қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда жасалады.

Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мұндай 

мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шартты  бəсекелестік  негізде  жүргізілген  мемлекеттік  сатып  алу 

қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының 

елу жəне одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жəне олармен үлестес заңды тұлғалар 

басқару органдары немесе көрсетілген тұлғалардың жоғары органдары бекіткен даму жоспарында (биз-

нес-жоспарда) белгіленген, мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқталатын іс-шараны 

орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді 

шарт жасасуы мүмкін. 

8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспай-

тын мерзімге жасалуы мүмкін. 

9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, ал Тапсырыс беруші осы шарттың ажырамас бөлігі болып табы-

латын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сəйкес сан 

мен сапада көрсетілген қызметті қабылдап алуға жəне оған ақы төлеуге міндеттенеді. 

Ақы төлеу нысаны

_________________________________________________ (аударым, қолма қол есеп айырысу жəне т.б.) 

10.  Төлеу  мерзімі_____________________________________________ (мысал:  қызметтер  межелі 

пунктте көрсетілгеннен кейін % немесе алдын ала төлеу немесе т.б).

11.  Төлеу  алдындағы  қажеттi  құжаттар: _____________________________ (шот-фактура  немесе 

қабылдап алу-беру актiсi немесе т.б.)

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы 

шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздейді.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттiк сатып алу 

шарт тарының мазмұнын жəне (немесе) өнiм берушiні таңдау үшiн негiз болған ұсынысын өзгертетiн өзгерiс-

тердi Заңның 45-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

12. Осы шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға 

сəйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

13.  Өнім  беруші  шарттың  мазмұнын  немесе  оның  қандай  да  бір  ережелерін,  сондай-ақ  Тапсырыс 

беруші немесе осы шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан 

басқа тұлғалар берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді не-

месе ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ешкімге ашпайды. 

Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде жəне шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті 

шамада берілуге тиіс. 

14. Өнім беруші қандай да бір жоғарыда келтірілген құжаттарды немесе ақпаратты Тапсырыс берушінің 

алдын ала жазбаша келісімінсіз шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатқа пайдаланбайды. 

15. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні осы шарт бойынша кепілдіктерден 

немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

16. Осы шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетеді.

17. Тапсырыс берушінің шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен 

бағаларға сəйкес болуға тиіс. 

18. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, шарттың құжаттарына ешқандай (сызба-

лар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер тиеу, орау əдістері, жеткізілетін орны немесе Өнім беруші 

көрсететін қызметтер жəне т.б.) ауытқуларға немесе өзгерістерге жол берілмейді. 

19. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қажетті құнның 

немесе мерзімнің азаюына əкеп соғатын болса, шарттың бағасы немесе жеткізу кестесі немесе екеуі де 

тиісті түрде түзетіледі, ал шартқа тиісті түзетулер енгізіледі.

Осы бап шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден 

өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуге тиіс. 

20. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс 

берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз толық та, ішінара да бермейді.

21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы 

шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін береді. 

Қосалқы  мердігерлердің  болуы  Өнім  берушіні  шарт  бойынша  материалдық  немесе  басқа 

жауапкершіліктен босатпайды. 

22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сəйкес жүзеге асыруға тиіс.

Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік 

он бес күннен кем болмайды.

23.  Өнім  беруші  тарапынан  қызметтерді  көрсетудің  орындалуын  кідірту  оған  жүктелетін  мынадай 

санкцияларға əкеп соқтыруы мүмкін: 

шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің шартты бұзуы не 

уақтылы жеткізбегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу.

24.  Форс-мажор  мəн-жайларды  қоспағанда,  шарт  бойынша  қызметтерді  көрсету  жөніндегі 

міндеттемелердің Өнім беруші тарапынан орындалмағаны не тиісінше орындалмағаны үшін Тапсырыс 

беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына нұқсан келтірмей, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, 

өсімпұл) өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда мерзімі өткен əрбір күн үшін шарт сомасының 

0,1 %-ы  мөлшерінде  не  мерзімі  өткен  əрбір  күн  үшін  тиісінше  орындалмаған  міндеттеменің 0,1 %-ы 

мөлшерінде өндіріп алады.

25.  Шарттың  талаптарын  бұзғаны  үшін  басқа  қандай  да  бір  санкцияларға  нұқсан  келтірмей,  Өнім 

берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Тапсырыс беруші: 

а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін немесе бəрін шартта көзделген мерзім(дер)

де немесе Тапсырыс беруші берген осы шартты ұзарту кезеңі ішінде көрсете алмаса; 

б) егер Өнім беруші шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемесін орындай алмаса, осы 

шартты толық немесе ішінара бұза алады.

26. Егер шарттың орындалуын кешіктіру форс-мажор мəн-жайларының нəтижесі болып табылса, Өнім 

беруші өзінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды жəне шарт талаптарының орын-

далмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеу немесе оны бұзу үшін жауапты болмайды.

27. Осы шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің тарапынан бақылауға болмайтын, Өнім 

берушінің қателігі немесе ұқыпсыздығына байланысты емес жəне күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді.

Мұндай  оқиғалар  əскери  іс-қимылдар,  табиғи  немесе  зілзала  апаттары,  індет,  карантин,  тауарды 

жеткізуге эмбарго сияқты əрекеттерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

28. Форс-мажор мəн-жайлар орын алған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай мəн-жайлар 

мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жібереді. 

Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, бұл қаншалықты орынды болуына 

қарай  Өнім  беруші  шарт  бойынша  өзінің  міндеттемелерін  орындауды  жалғастырады  жəне  шартты 

орындаудың форс-мажор мəн-жайларына тəуелді емес баламалы тəсілдерін іздестіруді жүргізеді. 

29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлемге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабар-

лама жібере отырып, Тапсырыс беруші шартты кез келген уақытта бұза алады. 

Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады жəне егер шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе 

Тапсырыс берушінің іс-қимылдар жасауға қандай да бір құқықтарын немесе оған қойылған немесе кейіннен 

қойылуы мүмкін санкцияларды қолдануды қозғамауы шартымен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты 

ешқандай қаржылық міндетті көтермейді. 

30.  Заңның 5-бабының 10-тармағына  сəйкес  шартты  бұдан  əрі  орындаудың  орынсыздығына  бай-

ланысты  Тапсырыс  беруші  Өнім  берушіге  тиісті  жазбаша  хабарлама  жібере  отырып,  оны  кез  келген 

уақытта бұза алады.

Хабарламада шартты бұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, 

сондай-ақ шарттың бұзылуы күшіне енген күн баяндалады. 

31.  Шарт  жоғарыда  көрсетілген  мəн-жайларға  байланысты  күшін  жойған  кезде,  Өнім  беруші  шарт 

бұзылған күнге оны бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. 

32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ мемлекеттік сатып 

алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жəрдем көрсеткен жағдайда мемлекеттік сатып 

алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. 

Өнім берушінің осы негіздер бойынша шарттың бұзылуына байланысты болған шығындар үшін ғана 

ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ. 

33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші өздерінің арасында шарт бойынша немесе оған байланысты 

туындайтын  барлық  келіспеушіліктерді  немесе  дауларды  тікелей  келіссөздер  процесінде  шешуге  бар 

күш-жігерін жұмсауға тиіс. 

34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен 

Өнім  беруші  шарт  бойынша  дауды  шеше  алмаса,  тараптардың  кез  келгені  осы  мəселені  Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сəйкес шешуді талап ете алады.

35.  Мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасының, 

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден 

заңнамасының талаптарына сəйкес қосылған құн салығын жəне акциздерді төлеу талаптарын қамтиды.

36.  Мемлекеттік  сатып  алу  туралы  шарт  Қазақстан  Республикасының  бейрезидентімен  жасалған 

жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын 

ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі. 

37. Шарт қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда 

шарттың қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу жəне 

тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сəйкес болуға тиiс.

38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жасалады. 

39. Шартқа сəйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере 

отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жөнелтіледі. 

40. Хабарлама мына күндердің қайсысы кешірек басталатынына қарай, жеткізілгеннен кейін немесе 

күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді. 

41. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық 

заңнамасына сəйкес төленуге жатады. 

42. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, 

көлемде жəне шарттарда енгізуге міндетті.

43. Осы шартта Тапсырыс берушімен жəне Өнім берушімен белгіленген тəртіппен келісілген өзге де 

айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар 

көзделуі мүмкін.

44.  Осы  шарт  Тапсырыс  беруші  оны  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің  аумақтық 

қазынашылық  бөлімшелерінде  (мемлекеттік  органдар  мен  мемлекеттік  мекемелер  үшін)  тіркегеннен 

кейін жəне Қағидалардың 121-тармағында көрсетілген жағдайларда Өнім беруші шарттың орындалуын 

қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

Тараптардың деректемелері:

Тапсырыс беруші:  

 

Өнім беруші



<Тапсырыс берушінің толық атауы>  

<Өнім берушінің толық атауы>

<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>  

<Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>

Тапсырыс берушінің БСН <БСН>  

 

БСН/ЖСН/ТЕН < Өнім берушінің БСН/ЖСН/ТЕН>



Тапсырыс берушінің БСК <БСК>  

 

Өнім берушінің БСК <БСК>



Тапсырыс берушінің ЖСК <ЖСК>  

 

Өнім берушінің ЖСК <ЖСК>



<Банктің атауы> 

 

  <Банктің атауы>



Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>  

<Өнім берушінің телефоны>

<Тапсырыс берушінің лауазымы>  

<Өнім берушінің лауазымы>

<Тапсырыс берушінің Т.А.Ə.>  

<Өнім берушінің Т.А.Ə. > 

Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін): ________

__________________________________________________________________________________________

Осы Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт Тапсырыс берушінің тауар-

ларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы процесінде Тапсырыс беруші 

мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. 

Осы шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде, 

өзінің тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының түпкілікті жобасын 

əзірлейді. 

Бұл ретте осы шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының, 

оның ішінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, 

Өнім  берушінің  конкурсқа  қатысуға  өтініміне  жəне  Конкурс  қорытындылары  туралы  хаттамаға  сəйкес 

болуға тиіс. Осы шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.

Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды 

жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша

Конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуды

 жүзеге асыру туралы хабарламаның нысаны

____________________________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, пошта

 жəне электрондық мекенжайлары) 

мынадай:____________________________________________________________ 

 (жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді

 мемлекеттік сатып алудың атауы)

тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  мемлекеттік  сатып  алу  өткізілетіні  туралы 

хабарлайды.

Тауарлар, жұмыстар /қызметтер:

___________________________________ жеткізіледі (орындалады /көрсетіледі)

(тауарлар жеткізілетін, жұмыстар, қызметтер 

көрсетілетін орны мен олардың көлемін көрсету керек)

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін 

қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен толық ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген деп 

сілтеме жасауға құқылы). 

Тауарларды жеткізудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі ______

__________________________________________________________________________________________

Конкурсқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағында 

көрсетілген біліктілік талаптарына сай барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін əлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлегені 

туралы  құжатты  (егер  бұл  конкурстық  құжаттамада  көзделген  жағдайда)  бергеннен  кейін ___жылғы 

«____»___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда 

(конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуға дейін 24 сағат қалғандағы уақыт пен күнді көрсету 

керек) 


сағат____-дан____-ге  дейін  мына  мекенжайдан:________,  №__  бөлме  жəне/немесе  электрондық 

поштамен мына мекенжайдан_______ алуға болады. 

Конкурстық құжаттаманың көшірмесі пакетінің құны____________ теңгені құрайды жəне мына шотқа ____

__________________________________________________________________________________________

 (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шотын көрсету керек) 

енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, бұл абзац алып тасталады). 

Конверттерге желімделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді əлеуетті өнім берушілер __________________

_______________________________ (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету керек) 

мына мекенжайға__________________________ береді. (толық мекенжайын, бөлменің № көрсету керек) 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі_______________ (уақыты мен күнін көрсету керек)

______________дейін. 

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер___________________ (уақыты мен күнін көрсету 



керек)  мына  мекенжайда ____________________________________ашылатын  болады. (толық  мекен-

жайын, бөлменің № көрсету керек)

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: _______________________

_____________________________________________. (қаланың коды мен телефон нөмірін көрсету керек) 

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының 

уəкілетті өкілі_____________________. (Т.А.Ə. (бар болса), лауазымы мен байланыс телефоны көрсетіледі).



Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды

жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөнінде 

əлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасы

________________________ 

 (Конкурстың атауы) 

___________________________  

___________________________ 

(Кездесу өтетін орын) 

  (уақыты мен күні) 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдіретін тұлғалар: __________________________

________________________________________ (олардың Т.А.Ə. (бар болса), байланыс телефондарын 

көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілі, мемлекеттік сатып алуды 

ұйымдастырушының өзге де мамандары мен əлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып 

алуды ұйымдастырушыны білдірген, тартылған сарапшылар)

мынадай тұлғаларға:

____________________________________________________________________(олардың Т.А.Ə. (бар 

болса),  сондай-ақ  конкурстық  құжаттаманың  ережелерін  түсіндіру  жөніндегі  мемлекеттік  сатып  алуды 

ұйымдастырушымен кездесуде мұндай тұлғаның əлеуетті өнім берушіні білдіруге өкілеттігін растайтын 

құжатты көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан əлеуетті өнім 

берушілердің уəкілетті өкілдері туралы)

конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде кездесу өткізді. 

2. Кездесуде əлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде мы-

надай сұрақтар қойды: 

_______________________________________________ (қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды) 

3.  Қойылған  сұрақтарға  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушының  уəкілетті  өкілдері  мынадай 

жауаптар берді: 

__________________________________________________________________ (олардың  т.а.ə.,  бай-

ланыс телефондарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қатысып отырған 

өкілдерінің қайсысы жауап бергенін көрсету керек). 

4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөніндегі 

кездесу нəтижесінде мынадай шешімге келді:

1) конкурстық құжаттама өзгертуді (толықтыруды) талап етеді деп тану керек

__________________________________________________________________ (атап  айтқанда, 

конкурстық құжаттаманың қандай ережесін өзгерту (толықтыру) қажеттігін көрсету керек) 

2) конкурстық құжаттамаға өзгеріс (толықтыру) енгізудің қажеті жоқ деп тану керек __________________

__________________________________________________________________________________________ 

(олардың  Т.А.Ə. (бар  болса),  сондай-ақ  конкурстық  құжаттаманың  ережелерін  түсіндіру  жөніндегі 

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде мұндай тұлғаның əлеуетті өнім берушіні білдіруге 

өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге 

қатысқан əлеуетті өнім берушілердің уəкілетті өкілдерінің қолдары) __________________________________

__________________________________________________________________________________________

(олардың  Т.А.Ə. (бар  болса),  байланыс  телефондарын  көрсете  отырып,  мемлекеттік  сатып  алу-

ды  ұйымдастырушының  уəкілетті  өкілінің,  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушының  өзге  де 

мамандарының мен əлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны 

білдірген, тартылған сарапшылардың қолдары)

Ерекше тəртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды 

жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет