№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/41
Дата06.03.2017
өлшемі4.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

№32 (28760)

18 АҚПАН

БЕЙСЕНБІ

2016 ЖЫЛ

Бїгінгі нґмірде:



7-бет

8-бет

10-бет

Телефон


Аќиќаттыѕ аѕсары

Жыр алыбыныѕ 

жарќын бейнесі

АҚПАРАТТАР

аєыны


  Қазақстан  Даму  банкі 

жеңілдетілген  автонесие 

бағдарламасы бойынша жеке 

тұлғалардың  5161  өтінішін 

қанағаттандырды.  Осыған 

орай 16 млрд. 904 млн. теңгеге 

Қазақстанда  құрастырылған 

автокөліктер сатып алынады.

  Оңтүстік  Қазақстан 

облысындағы  «Назар  Текс-

тиль»  кілем  фабрикасының 

тоқыма  бұйымдары  Ресей 

мен  Қырғызстанға  экспорт-

талуда. Жалпы құны 1,8 млрд. 

теңге болатын жобаны жүзеге 

асырған  кəсіпорын  бүгінде 

150 адамды жұмыспен қамтып 

отыр.

 Қызылорда облысында 



балық өнімдерінің экспорты 

45  пайызға  артты.  Облыс 

əкімі Қырымбек Көшербаевтың 

айтуынша,  Еуроодақ  елдеріне 

шығарылатын  өнім  көлемі 

екі  есеге  артқан.  Былтыр 

кəрі  құрлыққа  экспортталған 

балықтың құны 4,6 млн. АҚШ 

долларын құрайды.

 Атырауда Өңірлерді да-

мытудың 2020 жылға дейінгі 

бағдарламасы шеңберінде 555 

отбасы қоныс тойын тойлады. 

Оның  ішінде  105  отбасыға 

баспана  жалға  берілсе,  450 

пəтер иесі сатып алу құқығымен 

жалға алды.

  Алматы  облысында 



алма бақтарының аумағы 20 

мың  гектарға  жетті.  Облыс 

басшысы Амандық Баталовтың 

сөзіне  қарағанда,  соның  1973 

гектарына  апорт  алмасы 

өсіріледі. Сондай-ақ, əкім биыл 

1350 гектар алқапта ірі бақтар 

пайда болатынын айтты.

 Биыл Батыс Қазақстан 



облысында  агроөнеркəсіп 

кешенін қолдауға бюджеттен 

3766,1  млн.  теңге  бөлінді. 

С о н ы ң   і ш і н д е   ө с і м д і к 

шаруашылығына  –  800  млн., 

мал шаруашылығына – 2260,7 

млн. жəне өзге бағыттарға 705,5 

млн. теңге қарастырылған.

  Павлодарда  15  жыл 

ішінде салынатын тұрғын үй 

аудандары анықталды. Енді 

аталған  қалада  2032  жылға 

дейін 2 млн. шаршы метр көп 

қабатты  үй  салынады.  Облыс 

əкімі  Қанат  Бозымбаев  атап 

өткендей,  2022  жылға  дейін 

шаһарда  екі  жаңа  аудан  бой 

көтереді.

●   А л д а ғ ы   к ө к т е м д е 

Шығыс Қазақстан облысын-

да суармалы жер көлемі 500 

гектарға ұлғайтылады. Семей 

қалалық  ауыл  шаруашылығы 

бөлімінің  сектор  меңгерушісі 

айтқандай,  жаңадан  қосылған 

жерге  шаруалар  көпжылдық 

шөп егуді көздеп отыр.

  Солтүстік  Қазақстан 

облысында  2016  жылы  су-

мен  қамту  жүйесін  дамы-

ту  үшін  403,7  млн.  теңге 

қарастырылды.  Облыстық 

энергетика  жəне  тұрғын  үй 

коммуналдық  шаруашылығы 

басқармасының  басшысы 

Антон Федяевтің мəлімдеуінше, 

бұл  қаржы  сумен  қамту 

нысандарының құрылысы мен 

қалпына келтіруге жұмсалады.



Хабарлар Үкімет, облыстық 

əкімдіктер сайттары, 

«ҚазАқпарат» агенттігі жəне 

«24kz» телеарнасының деректері 

бойынша дайындалды.

(Соңы 6-бетте).

(Соңы 6-бетте).

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қ а з а қ с т а н   П р е з и д е н т і 

жанындағы  Орталық  комму-

никациялар  қызметінде  өткен 

брифингте облыс басшысы Ерік 

Сұлтанов 2015 жылы өңір эконо-

микасына 128,4 пайыздық өсіммен 

154,5 миллиард теңге инвестиция 

құйылып,  жыл  қорытындысы 

бойынша елімізде бірінші орын 

иеленгенін жеткізген еді. Ал, биыл 

аймақ  республикада  алғаш  бо-

лып инвесторлар кеңесін құрып, 

шетелдік  ірі  қаржыгерлердің 

қатысуымен  форум  өткізуі, 

бірнеше меморандумға қол қоюы 

Жолдауда  белгіленген  жаңа 

инвестициялық саясатты жүзеге 

асырудың нақты дəлелі болса ке-

рек. Осы оқиғалардың ізі суымай 

жатып,  екінші  бесжылдықтағы 

Индустрияландыру  картасына 

енген  16-шы  жоба  пайдалануға 

б е р і л д і .   О н ы   т ұ р ғ ы з у ғ а 

«BARTEC-Қазақстан»  ком-

паниясы  қаржылық  қолдау 

көрсетіп, іске асырды. Алдымен 

əлемдегі  3-ші,  ТМД-дағы  1-ші 

кəсіпорынды салуға теріскей өңір 

не себепті таңдап алынды деген 

сауалға келейік. Инвесторлардың 

сөздеріне  қарағанда,  облыстың 

географиялық жағынан қолайлы 

орналасуы қызықтырған көрінеді. 

Тоғыз жолдың торабында тұрған 

Петропавл қаласы арқылы Ресей 

нарығына  өту  қай  жағынан 

да  тиімді  болмақ.  Екіншіден, 

өңір  экологиялық  жағынан  таза 

саналатындықтан,  бұл  фактор 

да  жете  ескерілген  тəрізді.  Бір 

сөзбен  айтқанда,  экономикалық 

артықшылықтар аз емес. 

Германияның  атағы  жер 

жарған  фирмасы  жайлы  бірер 

сөз. Бүгінде төрткіл дүниенің 60-

қа жуық елімен əріптестік тығыз 

қарым-қатынас орнатуы, жылыту 

кабельдерін шығаруда көшбасшы 

саналатыны  зор  əлеуетінен  ха-

бар берсе керек. Бұған «Əлемдік 

нарық  көшбасшыларының 

энциклопедия сына»  енгенін, 

инно вациялық  кəсіпорын  «Топ-

Новатор»  жүл десімен  марапат-

талғанын  қоссақ,  таңдаудың 

əншейін еместігін айғақтайды.

 Инвестиция – игергенге игілік

Əлемдегі їшінші зауыт

ТМД-єы алєашќы кəсіпорынныѕ тўсауы Ќызылжар ґѕірінде кесіліп, 

заманауи технологиялармен жабдыќталды

САЙЛАУ-2016



Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Жақында  Мəскеуде  өткен  фристайлдан 

Əлем  кубогында  Жанбота  Алдабергенова 

күміс  жүлдеге  қол  жеткізді.  Ол  ақтық  сын 

қорытындысында 75,91 ұпай алса, алаң иесі 

мəскеулік Алина Гриднева 77,43 ұпай жинаған. 

Қола  жүлде  75,69  ұпайы  бар  Американың 

үміті Мэдисон Олсенге бұйырды.

Шаңғымен  фристайл-акробатика  тари-

хында тұңғыш рет осындай ірі жеңіске жетіп, 

спорт жылнамасына есімі құрметпен жазылған 

Жанбота Алдабергенованың жеңісті жорығы 

кездейсоқтық  емес.  Ол  бұған  дейін  Сочи 

Олимпиадасында  үздік  алтылықтың  ішінде 

болды. Минскіде өткен Еуропа кубогы үшін 

жарыстың  екі  кезеңінде  көш  бас тады.  Осы 

қуанышқа орай біз Жанбота Алдабергенова 

жаттығатын Шымкенттегі №8 Қысқы спорт 

түрлері  ОРМБЖМ  директоры  Бақытжан 

Зиябековке арнайы жолыққанбыз.

–  Жанбота  Мəскеуде  əлі  біраз  уақытқа 

дейін болады, – деді Бақытжан Ордабекұлы. 

– Бұл жеңіс оңтүстікқазақстандықтардың ғана 

емес, бүкіл қазақ жұртының жеңісі. Жанбота 

–  сырт  көзге  қарапайым  көрінгенімен, 

алған  мақсатынан  қайтпайтын  қайсар  қыз. 

«Шығыстың қос шынары» атанған Əлия мен 

Мəншүктей  ардақты  апаларымыздың  рух 

намысы  осы  қызда  бар-ау  деп  ойлаймын. 

Шаңғылы фристайл-акробатика өнері – қысқы 

спорт түрлерінің ішінде ең қиыны. Өздеріңіз 

де көріп жүрсіздер ғой, жоғарыдан құлдилап 

келіп қайқаңнан секіргенде спортшы бес метр 

биіктікке дейін аспанға ұшып кетеді. Соншама 

биіктіктен  ауада  айналып,  жерге  нық  түсу 

саңлақ  спортшылардың  өзіне  жеңілдікпен 

келмейді. Бұған дейін спорттық гимнастика-

мен айналысқан Жанботаның фристайл-акро-

батика түріне өткеніне төрт-бес жыл ғана. Ал 

оның қарсыластарының өмірбаянына үңілсең, 

спорттық өтілі он, он бес жыл. 

Жалпы,  спорттың  бұл  түрінде  Жанбота 

жалғыз  емес.  М.Ақжігіт,  Б.Інкəрбек  деген 

спортшыларымыз  Минскіде  өткен  Еуропа 

кубогы кезеңінде төрттікке кірді. Конькимен 

мəнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хок-

кей жəне əмбебап жекпе-жек бөлімі спортшы-

лары республикалық, халықаралық жарыстар-

да лайықты жүлде алып жүр.

Бір  қызығы,  Жанботаның  ағайындары 

қызының  қандай  спорт  түрімен  айналыса-

тынын Сочидағы қысқы Олимпиада ойыны 

кезінде бір-ақ білген екен. Бірбеткей қыз айт-

пай  келген.  Шаңғы  арқалағанға  шаңғымен 

сырғанап жүр деп түсінген ғой.

Қазақтың қайсар қызының қазір бір ғана 

арманы  бар.  Ол  –  Олимп  биігінің  шыңына 

шығу.


Оңтүстік Қазақстан облысы.

ЌАНАТТЫ ЌЫЗ

 Еркін елдің ертеңі

Шаѕєы спортыныѕ сирек тїрі – фристайл-акробатикадан 

Əлем кубогыныѕ кїміс жїлдесін алєан 

Жанбота Алдабергенова туралы мґлтек сыр

EXIT-POLL

550 сайлау учаскесінде 

сауалдама жїргізеді

Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Аталған телеарнаның директо-

ры Қанат Сахариянов «Демократия 

институты»  сайлау  күні  дауыс 

беру  учаскелерінде  сауалдама 

жүргізетінін айтып: «КТК сайлау-

ды  əлеуметтік  сүйемелдеу  үшін 

осы ғылыми институтқа тапсырыс 

берді.  Бұл  ретте  біз  сенім  артып 

отырған ұйымның exit-poll техно-

логиясы бойынша жұмыс істейтінін 

ерекше атап өткен жөн», – деді.

Өз  кезегінде  «Демократия  ин-

ституты»  ҒЗҚ  директоры  Юлия 

Кучинская  сауалдама  кезінде 

еліміздің барлық аймағы мен Астана 

жəне  Алматы  қалаларындағы  550 

сайлау  учаскесі  қамтылатынын 

жеткізді. Бұл жөнінде ол: 

«Біздің  институттың  өкілдері 

сайлау кезінде қалалық жерлердегі 

– 313, ал ауылдық елді мекендердегі 

237  дауыс  беру  учаскесінде 

жұмыс  істейді.  Əр  учаскеде 

кеуделерінде  арнайы  бейдждері 

бар  2  қызметкерімізден  тұрады. 

Олардың  барлығы  exit-poll-дың 

шығаберісте кімге дауыс бергендігі 

жөнінде сауалдама жүргізу техно-

логиясын  меңгерген.  Зерттеу  ба-

рысында  дауыс  берушінің  жасы, 

географиялық  ерекшелігі  секілді 

барлық  факторлар  ескеріледі.  Біз 

қолданатын  əдісті  шетелдік  жəне 

отандық  ғалымдар  мақұлдаған. 

Осыған дейін Қазақстанда өткен үш 

сайлау науқанында жұмыс істедік. 

Қорытындымыз  Орталық  сайлау 

комиссиясының  есебімен  бірдей 

болды.  Айырмашылық  шамамен 

0,5 пайыз мөлшерінде ғана», – деді.

Ю . К у ч и н с к а я н ы ң   с ө з і н е 

қарағанда, сауалдама жүргізілетін 

сайлау  учаскелері  əр  аймақтағы 

сайлаушылардың  санына  бай-

ланысты  бөлінеді.  Олардың 

тізімдері  стратификатталған 

іріктемені құру техникасын орын-

дау  арқылы  жасалады.  Соның 

арқасында облыс орталықтарынан 

шалғайда орналасқан жəне даму 

деңгейі  əртүрлі  елді  мекендер 

қамтылмақ.

Сонымен  қатар,  институт  ди-

ректоры сайлау күні мəліметтерді 

жинау  бес  уақыт  аралығында 

жеке  əлеуметтік-демографиялық 

топтардың  электоратты    бел сен-

ділігін есепке ала отырып іске асаты-

нын мəлімдеді. «Бұл тəсіл халықтың 

түрлі топтарын қамтуға мүмкіндік 

береді», – деді Ю.Кучинская.

«Қолданылатын  сауалдама 

əдістері  репрезентативті,  сенімді 

мəліметтер  алуға  жəне  ықтимал 

ауытқулардың  үлесін  есептеп 

шығару  арқылы  болжамдық  баға 

беруге тиімді. Тағы бір айта кететін 

жайт, науқан кезінде біздің инсти-

тут елімізде сайлауды ұйымдастыру 

жəне өткізу аспектілері бойынша да 

экспресс-сауалдамалар  жүргізеді. 

Сондай-ақ, білікті сарапшылардың 

пікірлері  де  назарға  алынады»,  – 

деген ол əдеттегідей, exit-poll-дың 

зерттеу  нəтижесі  20  наурыз  күні 

сайлау аяқталғаннан кейін ғана жа-

рияланатынын айтты.



Кеше Астанада КТК телеарнасы мен «Демократия институты» 

ғылыми  зерттеу  қауымдастығы  бірлесіп  20  наурыз  күні  өтетін 

Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауына байланысты бри-

финг өткізді. Онда алдағы саяси науқанды əлеуметтік сүйемелдеу 

мəселесі сөз болды.

–––––––––––––––

Сайлауалды материалдар топтамасын 

4-5-беттерден оқисыздар.

● Оймақтай ой

Ақыл деген – 

өлшеусіз бір 

жарық нұр.



     

        Шəкəрім 

ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.

Кґрмеге 


ќызыєушылыќ 

арта тїсуде



Жақында Сыртқы істер министрінің 

бірінші  орынбасары,  ЭКСПО-2017-нің 

Комиссары  Рəпіл  Жошыбаев  бастаған 

қазақстандық делегация жұмыс сапары-

мен Бельгия Корольдігінде болды. 

Сапар барысында Бельгияның 

Валлония  аймағы  іскер  топ-

тары ның  жетекшілерімен  жəне 

өкіл дерімен  кездесулер  өткізді. 

Валлония аймағы үкіметі басшы-

сының  орынбасары,  экономика, 

білім, коммерция жəне жаңа тех-

нологиялар  министрі  Жан-Клод 

Маркурмен өткізілген келіссөздер 

барысында  екі  ел  арасындағы 

ынтымақтастық байланыстардың 

болашағы  тілге  тиек  етілді. 

Кездесу  кезінде  Р.Жошыбаев 

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық 

барысы туралы кеңінен əңгімелеп, 

бельгиялық  бизнесмендерді 

халықаралық  көрме  жұмысына 

қатысуға шақырды. 

Тараптар  бельгиялық  ком па-

ния лардың  «жасыл»  энергетика 

саласындағы ынтымақтастығы Қа-

зақстан жəне Бельгия арасындағы 

экономикалық  байланыстарды 

жаңа деңгейге көтеретіндігін атап 

көрсетті. Бельгиялық министрдің 

айтуы бойынша, Корольдік 2050 

жылдары елдің бүкіл энергетика-

сын  жаңғырмалы  қуат  көздеріне 

көшіру жөнінде аса жоғары жос-

пар қабылдағандығын тілге тиек 

етті. Осы жаңғырмалы энергети-

каны  дамыту  жөніндегі  ұлттық 

жоспарға байланысты 2020 жылы 

Бельгияның барлық энергетикалық 

қуатының  13  пайызы  баламалы 

энергетика көздерінен қамтамасыз 

етілетін  болады.  Осы  орайда 

Ж.-К.Маркур  Астанада  өтетін 

ЭКСПО-2017  халықаралық  көр-

месі  шеңберінде  бельгиялық 

компаниялардың  «жасыл»  энер-

гетика саласындағы тəжірибесімен 

бөлісетіндігін айтты. 

Сонымен  бірге,  сапар  бары-

сында Р.Жошыбаев Валлонияның 

«жасыл»  экономикасын  дамыту 

жоспарына  қатысушы  ірі  жə не 

ұсақ  кəсіпорындарды,  уни вер-

ситеттерді, зерттеу орталықтарын 

жəне  оқу  бірлестіктерін  бір 

орталыққа  біріктіретін  «Green 

win»  атты  ұйымда  болды.  Осы 

жерде  ол  жиналған  іскер  топ-

тар  өкілдерін  Қазақстанда 

бизнесті  дамыту  үшін  жасалып 

отырған  мүмкіндіктермен  жан-

жақты  таныстырды.  Қазақстан 

Үкіметінің инвестициялық ахуал-

ды жақсарту мақсатында іс жүзіне 

асырып  жатқан  тиімді  шарала-

рын  тілге  тиек  етті.  Кездесулер 

қорытындысында  бірқатар 

бельгиялық компаниялардың бас-

шылары Астана қаласында өтетін 

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға 

қызығушылық танытты. 

Ұлан САНЖАР.

САНДЫЌ ТЕХНОЛОГИЯ 

– əлемдік дамудыѕ айнасы

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Х а л ы қ а р а л ы қ   ш а р а н ы ң 

мақсаты  –  сандық  технология-

ларды  өмірге  дендеп  енгізіп, 

оның  əлеуметтік  топтар  саты-

сын дағы халықтың өміріне елеу-

лі  түрде  тигізетін  əсерін  айғақ-

тау  екені  биік  мінберге  шыққан 

сөйлеушілердің алғашқы сөзінен-

ақ анық байқалды. «Сандық тех-

нологиялар  қазіргі  кезде  əлемде 

кеңінен таралуда. Алайда, оларды 

пайдаланудың артықшылықтары, 

яғни  сандық  дивидендтер  өмір-

ден  кешеуілдеп  орын  табуда. 

Көп  жағдайда  бұл  технология-

лар  экономиканың  дамуына, 

қызмет  көрсету  сапасын  арт-

тыруға септігін тигізетіні даусыз. 

Алайда, өкінішке қарай, олар дан 

келіп  түсетін  дивидендтер  бір-

келкі  таратылып  жатқан  жоқ», 

деді  мемлекеттік  секторлар  са-

ласы  бойынша  аға  маман  əрі 

баян даманың  тең  авторы  Захид 

Хаснайн.


Алматыда  Дүниежүзілік  банктің  «Əлемдік  даму  тура-

лы баян дама-2016: сандық дивидендтер» атты тұсаукесер 

рəсімі өтті.

18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

2

ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ САЯСАТЫ

ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ САЯСАТЫ

БОЛАШАЌЌА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

БОЛАШАЌЌА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ АРНАЙЫ ЖОБАСЫ



«НҰРЛЫ ЖОЛ»

ТРАНСҰЛТТЫҚ ДӘЛІЗДЕР 

РЕСЕЙ


БЕЛАРУСЬ

ҚАЗАҚСТАН

УКРАИНА

РУМЫНИЯ


ГРУЗИЯ

ӨЗБЕКСТАН

ҚЫРҒЫЗСТАН

ҚЫТАЙ


ӘЗЕРБАЙЖАН

ТҮРКИЯ


ТҮРІКМЕНСТАН

ИРАН


АУҒАНСТАН

ИРАК


Батыс Еуропа

Корей түбегі, Жапония

Солтүстік Еуропа

Петропавл

Астана

Атырау


Жезқазған

Астрахань

Бейнеу

Ақтау


Арыс

Достық/Қорғас

Алматы

Ахалкалаки



Сарыағаш

Шығыс Еуропа

Берекет


Қытай,

Оңтүстік-Шығыс Азия

Оңтүстік-Шығыс 

Еуропа

Карс


Горган

Орталық 

Азия 

Парсы шығанағы 

елдері 

Еуропа-Кавказ-

Азия көлік дәлізі 

(ТРАСЕКА)

Солтүстік-Оңтүстік 

Трансазиялық 

теміржол магистралі 

(ТАТМ)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ 

ДАМУЫНЫҢ 

БАҒЫТТАРЫ

КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

ИНДУСТРИЯЛЫҚ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

ТКШ, СУ- ЖӘНЕ 

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

ӘЛЕУМЕТТІК 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

ШАҒЫН ЖӘНЕ 

ОРТА БИЗНЕС

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖӘНЕ 

ЖАҢҒЫРТЫЛУДАҒЫ 

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Челябі

Петропавл



Омбы

Қостанай


Көкшетау

Павлодар


Барнаул

Батыс Еуропа

АСТАНА

Семей Өскемен



Ақтөбе

Қарағанды

Аягөз

Атырау


Ақтоғай

Ақтау


Қызылорда

Талдықорған

Батыс Қытай

Алматы


Түрікменстан

Шымкент


Бішкек

Ташкент


ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

2014 жылдың 

1 қаңтарына 

қарасты жергілікті 

маңыздағы авто-

жолдар жағдайы 

мыналарды 

құрайды:


2014 жылдың 

1 қаңтарына 

қарасты 

республикалық 

маңыздағы 

автожол-


дар желісінің 

жағдайы мы-

наларды 

құрайды:


ЖАҚСЫ

ҚАНАҒАТТАНҒЫСЫЗ

ЖАҚСЫ

ҚАНАҒАТТАНҒЫСЫЗ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

МЕРЗІМ

ҚАТЫСУШЫЛАР

ЖЫЛ

(2015-2019 жылдар)



ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫ

   және


 

100

-ден


астам 

шетелдік 

компаниялар

мемлекеттік 

құрылымдар 

мен ұйымдар

мемлекеттік емес 

құрылымдар мен 

ұйымдар

ЖАЛПЫ 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ 

ПОРТФЕЛЬ

МЕМЛЕКЕТ 

ҮЛЕСІ

.

АВИАЖЕЛІЛЕР:

– Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушысы

Базалық әуежайлар

АСТАНА


АТЫРАУ

АЛМАТЫ


18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

3

ҰЛЫМ ДЕГЕН ЕЛІ БАРДА

ЕЛІМ ДЕГЕН ҰЛЫ БАР

Бидай өсірген бүлдіршіндер



Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

«Батыр  болсаң  жауға  найзаң  тисін, 

бай болсаң елге пайдаң тисін, екеуін де 

жасамасаң  жұрттан  бөлек  тіккен  үйің 

күйсін» деген екен қазақтың атақты би-

лерінің бірі Əйтеке.

Ауырлау сөз, қатал үкім. Бірақ, негізсіз 

емес. Жалғыз шауып батыр болмайсың. 

Батыр – бір оқтық. Ер қылатын да, ез қы-

латын  да  қасыңдағы  қараша,  алқалаған 

жұртың.  Бай  болсаң  ормандай  еліңнің 

арқасында,  өз  елің,  өз  жеріңде  малды 

болдың. Тілеуіңді тілеген жұртыңа артық 

дүниеңнен  бөліссең  алғыс  аласың,  ісің 

алға жылжиды.

«ЖаңаАрнаҚұрылыс» серік тестігінің 

директоры Мағауия Тұрысбеков осылай 

пайымдайды.

Мамандығы – тарихшы. Тоқ санын шы 

жылдардың  соңында  Мағауия  Сексен-

байұлы  институт  қабырғасынан  түлеп 

ұшқанда  дағдарыстың  дендеп  тұрған 

шағы еді. Жас баладай аяғын əлтек-тəлтек 

басқан жас мемлекет қайда бағдар ұстар ын 

білмей мықты мемлекеттерге жаутаңдап 

қарап  жүрген  шағы.  Құлаған  өндіріс-

тен мықты инженер кетті. Аурухана мен 

мектепте де жағдай қиын. «Балапан ба-

сымен, тұрымтай тұсымен» кетіп жатқан 

шақта алғыр жас қайратына мінген. Жеке 

кəсіпке ден қойды. 2000 жылы «Сырым» 

ЖШС-ін ашты.

Əртүрлі  мемлекеттердің  даму  жос-

парын  ой  елегінен  өткізіп,  үйренетінін 

үйреніп, аяғынан нық тұрған Қазақстан-

мен бірге сол елдің бір кірпіші – Мағауия 

Тұ рыс бековтің де кəсібі өрге өр леген.

Бүгінде  ол  басқаратын  «Жаңа Арна-

Құрылыс» серік тестігінде 100-ден астам 

қызметкер  бар.  Құрылыс  жұмыстарын 

жүргізуге тəжірибелі маман, қажетті тех-

никалары сай. Мемлекеттік сатып алуда 

көшедегі көлденең көк атты емес, барлық 

керек-жарағы сай, жеңіп алған нысанды 

уақытында əрі сапалы салатын мердігер 

жеңіске жетеді.

«ЖаңаАрнаҚұрылыс» ЖШС бұл жа-

ғы нан қамшы салдырмайды.

Қазақстан тек шикізаттың Отаны бо-

лып,  одан  түскен  табыс ты  малданбауы 

керек. Елімізге өңдеуші, өндіруші мықты 

кəсіп орындар  қажет.  Елбасының  ерте-

ден айтып келе жатқан сөзіне мəн беріп, 

ойын айтқызбай түсінген Мағауия бүгінде 

«Оңтүстік» индустриялық аймағынан жер 

алып,  медициналық  қолғап  шыға ратын 

кəсіпорын  құрылысын  бастап  кетті.

Əкесі  Сексенбай  аға  кезінде  шаруа-

шылықтарда басшылық қызметте болған, 

бүгінде  ел  кесіміне  тоқтайтын  көшелі 

кісі. Анасы – Үрзада жас ұрпаққа білім 

нəрін сепкен ұстаз. Осындай өнегелі от-

басыдан шыққан Мағауия өзі туып-өскен 

Созақ  өңіріндегі  қайырымдылық  ісінен 

бір рет сыртқары қалған емес. Қамкөңіл, 

тұрмысы  төмен  отбасыларға  азық-түлік 

жіберіп тұрады.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Созақ 

аудандық филиалы орналасқан ғимаратты 

да қазақтың атпалдай ұлы Мағауия Тұрыс-

беков партияның кезектен тыс XVI конфе-

ренциясында тарту еткен.

Бірақ, мұндай қайырымдылық істерін 

көпшілікке жария етуді жаратпайды. «Сү-

йер ұлың болса сен де сүй, сүйінерге жарар 

ол» деген осы.



Оңтүстік Қазақстан облысы.

Елде болса ерінге тиеді





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет