№32 (8211) Сенбі, 9-тамыз 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата21.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2388
1   2   3   4

3

æ¾êòåëåð æàóàïêåðøiëiê ìîë

«Қандастарымызға жол ашуымыз керек.

Қазақтың жері кең. Орналасамын деген

жерін өзі таңдасын. Оңтүстікте халықтың

тығыздығын, ал солтүстікте аздығын да

ескеру қажет. Келген жастар өз болашағын

жасау үшін мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс.

Осы орайда Үкімет барлық жағынан қолдау

білдіруі керек», деді Н.Назарбаев.

Отырыс барысында «Самұ рық-Қазына»

Ұлттық əл-ауқат қорының басқарма

төрағасы Өмір зақ Шөкеев те сөйледі. Ол өз

баяндамасында «Самұрық-Қазына» қоры-

на кіретін топтың капитал құны 2010 жылғы

36 млрд. доллардан қазіргі күні 48,7 млрд.

долларға немесе 26 пайызға артқанын

мəлімдеді. «Қорға қатысты республикалық

бюджеттен қаржыландыру көрсет кіші жыл

сайын төмендеп келеді. Егер 2010 жылы

бұл 106 мил лиард теңге болса, қазір 73

миллиард теңгені құрап отыр. Сонымен

қатар, аталған қаражат негізінен Үкіметтің

тапсырмасына сəйкес, тек экономиканың

басымдықты салаларына, сондай-ақ

əлеуметтік бағдарланған жобаларға

бағытталады», деді Ө. Шөкеев. Оның

айтуынша, қорға тиесілі сыртқы қарыз

шамасы да біраз төмендеген. «Бұл бағытта

қатаң саясат ұстану арқасында біз

директорлар кеңесі ұсынған дəлізден

шыққан емеспіз. Жалпы, тиімді сыртқы

қарыздың қазіргі көрсеткіші 14 миллион

долларға жетті. Бұл əлеуетті біз кез келген

уақытта қажет болатын жаңа

инвестициялық жобаға жұмсай аламыз»,

деді Ө.Шөкеев.

Үкіметтің кеңейтілген оты 

ры сындағы

баяндамашылар тізімін «Бəйтерек» Ұлттық

басқарушы холдингі» АҚ басқарма

төрағасы Қуандық Бишімбаев түйіндеді.

«Осыдан бір жыл бұрын Сіздің

Жарлығыңызға сəйкес «Бəйтерек» Ұлттық

басқарушы холдингі құрылған болатын. Сіз -

дің тапсырмаңызға сəйкес жұ мысымыздың

басында біз өзіміз үшін үш негізгі міндетті

айқындадық. Біріншіден, даму институт-

тарының тиімділігі мен ашықтығын арттыру.

Екіншіден, даму институттарының

инвестициялау мен несие беру қызметін

белсенді ету. Үшіншіден, экономиканың

негізгі басым секторларына отандық жəне

шетелдік инвестицияларды барынша

тарту», деді ол Елбасы алдында баяндаған

есебінде. Қ.Бишімбаевтың айтуынша, бір

жыл ішінде бұл мақсаттар жүйелі

орындалған. Атқарылған жұмыстар

нəтижелі. Мəселен, осы айда Азия даму

банкі қазақстандық шағын жəне орта

бизнеске 150 млн. АҚШ долларын бөлмек.

Азия банкі желісі бойынша 2015 жылға

дейін шағын жəне орта бизнеске 200 млн.

АҚШ долларын тарту туралы келіссөз

жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, холдинг

Бүкілəлемдік, Еуропа банкі, Еуропалық

инвестициялық банкпен шағын жəне орта

бизнеске, индустрияландырудың екінші

бесжылдығына 300 млн. АҚШ доллары

көлемінде инвестиция құю мəселесін

қарастырып жатыр.  Осы ретте Елбасы бұл

шағын жəне орта бизнесті дамыту

мақсатында жасалып жатқан үлкен

қамқорлық екенін айтып, басқа елдерде

мұндай қамқорлық жоқ екенін, сондықтан

осының бəрін дұрыс түсініп, мұны тиімді

пайдалану керектігін ескертті. Үкімет

мүшелерінің есебінен кейін Мемлекет

басшысы кеңейтілген отырысты қоры-

тындылады.

«Біз еліміздің əр саласын басқаратын

Үкімет мүшелерінің есебін тыңдадық.

Өздеріңіз көріп отырғандай, жұмыс істеліп

жатыр. Жұмыстың барлығының қиын

жағдайға қарамастан, істеліп жатқанына оң

баға беруге болады. Соңғы кезде Үкіметтің

жұмысы бірқалыпты жүйеге түсті, тездетілді

деп ойлаймын. Шешімдер де өз мезгілінде,

дер уақытында қабылданып жатады.

Барлық салалар бойынша нақты жұмыстар

қолға алынуда. Яғни бүгін еліміздің əр

саласында еңбек ететін Үкімет мүшелерінің

баяндамаларынан аңғарғанымыз, бұл

жұмыстар Қазақстанның əлемнің 30

дамыған елінің қатарына қосылуына бағдар

болатын «Қазақстан-2050» Стра 

-

тегиясында көзделген міндеттерді жүзеге



асыру бағыты бойынша жүзеге асырылуда.

Төңіректегі жағдай оңай емес. Жаңағы

берген есептерден көріп отырсыздар,

экономиканың жағдайы да дүниежүзіндегі

конъюнктураға біздің сыртқа шығаратын

шикізат бағаларының тө 

мен деуіне

байланысты мемлекеттің қазынасына

түсетін ақшаның да төмендеуі орын алады.

Сон дықтан, халық мұны біліп отыруы керек.

Əлеуметтік жағдайды төмендетпеуге

мемлекет барлық жағдайды жасап,

қарастырып отыратын болады. Дегенмен

де, əр жерлерде ақшаны ысырапсыз,

бекерге жұмсамай, оны үнемдеудің

жағдайын ойлау керек. Тиімді пайдалану

мəселесі қазір айрықша назарда. Əр

мекеменің дұрыс жұмыс істеуі, өз міндетін

орындауы – осының барлығы мемлекеттің,

Үкімет мүшелерінің алдында тұр ған міндет

болуы керек», деді Мем лекет басшысы.

Осылай дей келе, Нұрсұлтан Əбішұлы

қазіргі қалыптасып отырған жағдайларға

байланысты Үкімет алдында жаңа

міндеттер тұрғандығына тоқталды. «Олар

7 түрлі бағыт бойынша жүзеге асуы тиіс.

Біріншіден, 2015 жылдың 1 қаңтарынан

бастап Еуразиялық экономикалық одақ

туралы шарт іс жүзіне асатын болады. Біз

Қазақстанның Бүкілəлемдік сау да ұйымына

кіруінің соңғы кезеңінде тұрмыз. Биылғы

жыл дың желтоқсан айына дейін Эко 

-

номикалық əріптестік жəне даму ұйымымен



ынтымақтастық орнату туралы елдік

бағдарлама қабылданатын болады. Жаңа

интеграциялық жағдайға сəй 

кес, біздің

экономикамызды əрта 

раптандыру бағы-

тындағы жұмыстарды одан əрі тереңдетіп,

жалғастыра беруіміз керек. Бұл орайда,

Ресей жəне Беларусь елдеріндегі өңір -

лермен белсенді жұмыстар жүр гізудің жəне

олардың қажет еті летін жерлерінде сауда

өкіл діктерін ашудың уақыты келді», деді

Елбасы.

Мемлекет басшысы экспортты əртарап-



тандыру үшін қажетті маңызды бағыт

ретінде көлік маршруттарын дамытуды

атады. Бұл ретте, Н. Назарбаев «Қорғас –

Шығыс Қақпасы» арнайы экономикалық

аймағы «құрғақ порты» құрылысын

аяқтаудың жəне Ақтау мен Құрықта теңіз

порттары инфрақұрылымдарын құру мен

дамудың өзектілігіне айрықша тоқталды.

«Мəселен, Ақтау мен Құрықтағы теңіз

порттары – бұл өте маңызды порттар», деді

Елбасы өз сөзінде. Сондай-ақ, Мемлекет

басшысы Парсы шығанағы мен Тынық

мұхиты жағалауы елдерінде бос қоймалар

құрылысын бастаудың мүмкіндігін

қарастыру мəселесін де назарға алды.

Отырыс барысында Н.На зар баев 2014-

2015 жылдар ара лығында экономиканы

дамытуға жаңаша серпін беру үшін Ұлттық

қордан 1 триллион теңге бөлу туралы

шешім қабылданғанын тілге тиек етті.

Олардың ішінде шағын жəне орта бизнесті

несиелендіруді қолдау мақсатына 100

миллиард теңге қарастырылған. «Бұл

ақшаны біз, өзімізде артық ақша болғасын

бөліп отырған жоқпыз. Бұл нарықта

осындай конъюнктура жəне қазіргідей

дағдарыс жағдайы орын алғаннан кейін

қолға алынып отырған үдеріс. Яғни біз бұл

қаржыны елдің экономикасының дамуы

тежелмеуін көздегендіктен бөліп отырмыз.

Бұл – маңызды міндет. Мəселен, банктік

секторды сауықтыру үшін 250 миллиард

теңге бөлініп отыр. Егер, екінші деңгейдегі

банктер жақсы жұмыс істемесе, экономика

да дұрыс жұмыс істемейді. Ал индус-

триялық жəне инновациялық дамуды

жүзеге асыруға да 250 миллиард теңге

бөлінді. Мəселен, 3 айдың ішінде шағын

жəне орта бизнестің жалпы сомасы 78

миллиард теңге болатын жобалары

мақұлданды. Жалпы алғанда, жобаларды

қаржыландыру 47 миллиард теңгені құрап

отыр. Бұл жақсы бастама, бірақ, əлі де

жеткіліксіз. Мəселен, «Бəйтерек» холдингі

индустриялық жобаларға бағытталған 150

миллиард теңгені бөлуді созып отыр», деді

Мемлекет басшысы. Осылай дей келе,

Президент холдинг басшысы Қуандық

Бишімбаевтан: «Бəрі дұрыс деп едің. Мұны

қалай түсінуге болады?», деп сұрады. Өз

кезегінде Қ.Бишімбаев: «Біз əлі 150

миллиард теңгені алған жоқпыз. Қыркүйек

айында алатын боламыз», деп жауап берді.

«Ал, онда сен əлі алмасаң, бұл жақта сын

айтылып жатыр. Міне, шенеуніктер көп

болғанда, осылай жұмыс істейді. Маған

«150 миллиард теңгені əлі бөліп, таратпай

жатыр» деген ақпарат берілді. Ал сен ол

қаржыны əлі алмаған да екенсің. Бұл

жағдайда, сені қалай сынауға болады?»,

деді Мемлекет басшысы. Бұдан кейін

Елбасы күн сайын бөлінген қандай да бір

қаржы өзінің тиісті жеріне бармаса, онда

елдің экономикалық ырғағы төмендейтінін

атап өтті. Мемлекет басшысы халықаралық

институттармен арада жалпы сомасы 7

миллиард долларға жуық келісім-шарт-

тарға қол жет 

кі зілгенін айта келе, 1

қыркүйек ке дейін 2015 жылы Ұлттық қор дан

бөлінген 500 миллиард теңге транштың

екінші бөлігін инвес 

тициялауға қатысты

нақтылы ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Екінші кезекте Мемлекет бас 

шысы


экономиканы əртарап 

тандыру Үкіметтің

басымдыққа ие жұмысы болып табыла-

тынын атап өтті. «2015-2019 жыл 

дар

аралығын көздейтін Индус 



триялық-

инновациялық мем 

лекеттік бағдарлама

əзірленді жəне оны бекіттім. Онда екінші

бесжылдықтағы өнеркəсіптің басымдыққа

ие салалары айқын далған. Биылғы жылы

экономи каның мұнай-газ жəне тау-кен

метал лургиясы сынды негізгі сала 

-

ларындағы оң өсім қарқынын қамтамасыз



етудің маңызы зор. Бұл ретте,

компаниялардың экспортқа шығуларына,

тасымалдау үдерістеріне қолдау көрсету

керек. Жаңа кен орындарына барлау

жүргізу жəне қазіргі таңда жұмыс істеп

тұрған кен орындарын жаңғырту бағытында

ауқымды жұмыстарды бастауымыз керек.

Себебі, шетелдік геологтардың жүргізген

зерттеулеріне сүйеніп айтар болсақ,

Қазақстан өзін 

дегі газды, сұйық, қатты

мине рал дарының қорын еселеп молайту

мүмкіндігіне ие», деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, қазіргі

таңда экономика дамуы 

ның негізгі көзі

қызмет көрсету саласы болып отырғанына

тоқталды. Мəселен, бүгінде қызмет көрсету

саласының ІЖӨ-дегі көрсеткіші 53 пайызға

жеткен екен. «Яғни қызмет көрсетудің

бəсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша

нақтылы іс-шаралар жүзеге асырылатын

елдерде еңбек өнімділігі де арта түседі. Ал

біз əлі күнге дейін бұл секторды өзіміздің

назарымыздан тыс қалдырып келеміз.

Мəселен, туризм саласында ашылған бір

жұмыс орны өзінің артынан, мəселен,

жеңіл, тамақ өнеркəсібі салаларында жəне

көлік салаларында қосымша жұмыс

орындарының ашылуына мүмкіндік беретін

болады. Бұл орайда, мен Үкіметке жылдың

аяғына дейін 2020 жылға дейін қызмет

көрсету саласын дамытуға байланысты

кешенді бағдарламаны əзірлеп,

қабылдауды тапсырамын», деді өз сөзінде

Елбасы.


Қазақстан Президенті отырыс бары-

сында агроөнеркəсіп саласына қатысты

жұмыстарға да тоқталып өтті. Екі жыл

қатары нан «Агробизнес -- 2020» бағдар -

ламасы жүзеге асырылып келеді. Ендігі

кезекте бұл саладағы барлық шешімдер,

оның ішінде қаржыландыру мəселесіне қа -

тысты шешімдер қабылданды.

Агроөнеркəсіп кешені саласында ауыл

шаруашылығы саласы өнімдерін өндіру,

қайта өңдеу мəселесі айрықша назарды

қажет етіп отыр. Біз бұл мəселені əрбір

осындай отырыстар сайын айтып келеміз.

Бұл ең алдымен, азық-түлікпен қамтамасыз

ету үшін, ауылшаруашылық өнімдерінің

бағасын арттыру үшін қажет. Қазіргі таңда

барлық отандық ауылшаруашылық

өнімдерінің əрі қарайғы қайта өңдеу

үдерісіне жартысынан азы ғана барады

екен. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы

өндірістік қуат орташа есеппен алғанда 30

пайызға ғана орындалып отырғанын тілге

тиек ете келе, бұл бағыттағы кейбір

жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткізді.

«Бұған не себеп? Шикізаттың жетіспеушілігі

ме, əлде жұмыстың дұрыс жолға

қойылмауы ма? Онда біз не үшін жаңа

өнеркəсіп орындарын саламыз? Біз ең

алдымен, қазіргі қолда бар өнеркəсіптердің

тетігін дұрыс іске қосуымыз керек. Ол үшін

осындай мəселелердің шешілуін

жылдамдатуымыз керек. Себебі, біз өз

қолымызбен ауылшаруашылық өнімдерінің

қайта өңделуін тежеп отырған жайымыз

бар. Мəселен, бізде еттің 30 пайызы, ал

сүттің 40 пайызы ғана қайта өңдеуден өтеді

екен. Ал көкөніс пен жемістің тек 4

пайыздан астамы ғана. Демек, бізге

осындай мəселелерді тез арада шешу

керек. Бұл ретте, əкімдіктер де ауқымды

жұмыстар атқаруы тиіс. Мен осы

мəселелердің тез арада шешілуін жəне

оның оң нəтижесін күтетін боламын», деді

Елбасы. Президент 2016 жылға қарай ірі

қара мал етінің экспортын 60 мың тоннаға

дейін жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

«Ол үшін біз шетелден көп ірі қара мал

сатып алдық. Фермалар құрдық. Оларға

қажетті жем-шөп орындарын дайындадық.

Мəселен, биылғы жылы ет экспортының

көлемін 10 мың тоннаға жеткізуді көздеп

отырмыз. Алдағы уақытта осы бағыттағы

жұмыстарды жалғастыра беруіміз керек»,

деді Елбасы.

Президент Үкіметтің ауыл шаруашылық

тауарларын өндіру шілерге субсидия беру

тетіктерін өзгертуі қажеттігіне де назар

аударды. Мемлекет басшысының атап

өтуінше, жыл сайын мемлекеттен ауыл

шаруашылығы саласына бөлінетін

субсидия көлемі артып келеді. Мəселен,

соңғы бес жылдың ішінде ғана субсидия

көлемі екі есеге артқан.«Ал нəтижесі

қандай? Алдыңғы қа тар лы технологиялар

енгізіп, сұ ра  нысқа ие ауылшаруашылық

өнім  дерін өндіретін тауар өн ді рушілер ғана

субсидия алатын ын бірнеше мəрте айттым.

Сон дықтан тағы бір мəрте Үкі 

метке

ауылшаруашылық  тауарларын өндіруші-



лерге субсидия беру тетіктерін өзгертуді

тапсыра мын», деді Елбасы. Сондай-ақ,

Пре зидент ауылшаруашылық коо 

пера -


циясына қатысты арнайы заң жобасын

əзірлеу қажеттігін жеткізді.

Елбасы кеңейтілген отырыс барысында

бизнесті жүргізу жағ дайын жақсарту үшін

бірқатар заңдық өзгерістер енгізілгенін,

олар өз кезегінде жер учаскелерін рəсімдеу

процедураларын, кəсіп орындарды тіркеуді,

кедендік электронды декларацияны енгі -

зуді, лицензияны беруді автомат тандыруды

жеңілдетуді қарасты 

ратынын атап өтті.

«Мемлекет тарапынан соңғы жылдары көп

жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта біз

бизнесте оң үдерістің байқалуын жəне

оның тарапынан қайтарымның болуын

күтуге құқылымыз. Бұл ретте, Ұлттық

кəсіпкерлер палатасы бұдан да тиімді

жұмыстар атқарады деген үміттеміз», деді

Н. Назарбаев.

Президент биылғы жылдың желтоқсан

айына дейін Үкімет бизнесті қолдау мен

дамытуға байланысты бірыңғай

бағдарламаны бекіту қажеттігіне назар

аударды. Сондай-ақ, Н. Назарбаев Үкіметке

2014 жылдың 1 қазанындағы жағдайға

сəйкес, шағын жəне орта бизнес субъек-

тілерінің айып 

пұл дары мен өсімдерін

са лықтық амнистиялауды тапсырды.

«Бұған қоса, мемлекеттің эконо 

микаға

қатысуын қысқарту қажет. Мəселен,



«Халықтық IPO» мен жекешелендірудің

екінші тол қынын жүргізуге қатысты бағ -

дарламалар «өлі нүктеден» қоз 

ғалды.


Жекеменшік секторды дамыту жəне жаңа

иелердің пайда болуы үшін жаңа

мүмкіндіктер ашылуда. Үкімет бұл орайда,

жекешелендірудің ашық, айқын үдерісін

белсенді түрде жүргізуі керек», деді

Елбасы. Н.Назарбаев өз кезегінде

экономиканың бұдан əрі дамуы тиімді

қаржылық секторсыз мүмкін еместігін де

естен шығармады.

Отырыс барысында Елбасы жоғары оқу

орындарында білім алу үшін мемлекеттің

оқу гранттарына бюджет қоржынынан

ауқымды қаржы бөліп отырғанын, алайда,

кейбір оқу орындарының сапасыз білім

беруіне байланысты түлектердің жұмыс

таба алмай қиналып қалатынын атап өтті.

«Кəсіби білім беру жүйесінде мамандарды

дайындаудың құ ры лымы мен сапасы еңбек

на рығының талаптарына жауап бере

алмайды», деді Н.Назарбаев. Бұл орайда,

Президент осы ба 

ғыттағы жұмыстарды

одан əрі жүйелі жүргізуді, колледж оқу шы -

ларының өндірістік тəжірибеден міндетті

түрде өтуін қамтамасыз ететін дуальды

білім беруге қатысты заңдық нормаларды

қам тамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қа 

зақ станның

əлемнің 30 дамыған елінің қатарына

қосылуы үшін мемлекеттік басқарудың

тиімді жүйесін құру қажеттігін де айрықша

атап өтті. Бұл ретте, Елбасы министрліктер

мен жергілікті атқарушы органдар өздеріне

тиесілі міндеттерді өз бетімен шешуді

толықтай қажетті деп санамайтынын сынға

алды. «Мұны қазіргі таңдағы заң-

намалардың əлі де мүлтіксіз болмай

отырғандығымен де байланыстыруға

болады. 


(Соңы 4-бетте).

9-тамыз 2014 жыл

4

Ò¼ëåáè òóû

²êiìåòòiº æàºà °½ðàìûíà

æ¾êòåëåð æàóàïêåðøiëiê ìîë



(Соңы. Басы 1-2-3-беттерде).

Бізде бүгінде еліміздің дамуына қажетті

маңызды бағдарламалар қабылданды.

Алайда, оларды орындау жағы ақсап

жатады. Бізде оперативтілік пен икемділік

жоқ. Министрліктерде əлі күнге дейін

берілген тапсырмаларды орындау мін-

деттерді шешудің ең қиын да көп иірімге

толы созылмалы жүйесі болып келеді.

Соңғы жылдардың өзінде осындай

«үдерістердің» салдарынан министрліктер

ішіндегі құжаттар айналымы 3 -- 4 есеге

дейін артқан», деп атап өтті Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, соңғы 10

жылда мемлекеттік қызметкерлердің саны

шамамен 8,5 мың адамға артқанына, оның

90 мыңдық көрсеткіштен асып кеткеніне, ал

олардың еңбекақысы бюджеттің жыл

сайынғы əкімшілік шығынының өсуіне

ықпал ететініне тоқталды. «Мұндай

«шенеуніктік аппарат» мемлекет қолға

алған іс-шараларды жүзеге асыруға тежеу

болады жəне оның тиімділігіне кері əсерін

тигізеді. Сондықтан, əрбір жетекші өзінің

аппаратын жетілдіруді ойлауы керек», деді

Елбасы. Бұл орайда, Н. Назарбаев Үкіметті

ықшам түрде құру, мемлекеттік аппараттың

жұмыс тиімділігін жəне оперативтілігін

арттыру бюрократия мен бос сарсаңды,

сөзбұйдаға салынуды қысқартуға ықпал

ететінін атап өтті. Мəселен, Елбасы Үкімет

отырыстары мен келіссөздерінің нақты

күнтізбесін жасау, сол арқылы негізгі

жұмыстардың атқарылуына кедергі

келтірмеуді ойлау қажеттігіне тоқталды.

«Үкімет əрбір аптадағы отырыс тарда 50-60

қаулы қабылдайды екен. Бұл не нəрсе?

Оларды кім жəне қашан орындайды?

Себебі, министрліктер өздеріне жауап-

кершілікті алғылары келмейді, нəтиже-

сінде, өзінен лауазымы төменде отырған

орынбасарларына сілтеп отырады. Бір

отырыстан кейін екінші отырыс жалғаса

береді. Нəтижесінде, адамдар бір отырыс-

тан шығып, екіншісіне барады. Мұны ретке

келтіру керек. Отырыс өткізудің өз күнтіз-

бесі болуы тиіс. Үкіметтегі жəне минис-

трліктегі барлық жиындар тек сейсенбі

күндері ғана болғаны жөн. Ал басқа күндері

Үкіметке де, министрліктерге де барудың

қажеті жоқ. Адамдарға жұмыс істеуге

мұрша беру керек», деді бұл орайда

Президент. Мемлекет басшысы отырыс,

жиын өткізудің нақтылы күнтізбесін

жасауды жергілікті билік органдарына да

жүктеді.


Нұрсұлтан Назарбаев Үкі меттің министр-

ліктердегі комитет 

тер санын оңтайлан-

дыруы қажет тігіне де тоқталды. Мемле кет

басшысының айтуынша, министрлік

құрылымында аумақ 

тық бөлімшесі бар

комитеттер ғана қалуы тиіс. Ал ондай

құрылымдары жоқ комитеттер министр-

ліктің департаменті ретінде қайта құ рылуы

қажет. «Осыған орай Үкі мет ке осы шешім-

дерден туын 

дайтын барлық қажетті

шараларды қабылдауды тапсырамын.

Жергілікті өзін өзі басқаруды ре форма-

лаудың келесі кезеңінде өзін өзі басқару

органдарының қаржылық-экономикалық

дер бестігі үшін мығым негіз құ 

ру ды

қарастыру қажет», деді Н.На зар баев.



Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген

отырысында Пре 

зи дент Нұрсұлтан

Назарбаев Ми нистрлер кабинетінің қайта

құрылатынын жария етті. Сонымен, бұған

дейін Қазақстан Үкіметінің құрамында 17

минис трлік, 9 агенттік, 54 комитет, 272

департамент болса, құрылымдаудан кейін

12 министрлік пен 30 комитет қана қалды.

Ал барлық 9 агенттік жойылып, комитет

түрінде министрліктер қарамағына кірді.

«Қазіргі уақытта мемлекетті басқарудың

тиімді жүйесін құру талап етіледі. Жинақы

Үкімет қажет. Бізге қажеттіден артық

шенеунікті отырғызудың еш қажеті жоқ»,

деп түсіндірді Елбасы өз шешімін.

Сонымен, Мемлекет басшысы жаңа 5

министрлік құры 

ла тынын жария етті.

«Ұлттық экономика министрлігі – оның

құрамына Экономика жəне бюд 

жеттік


жоспарлау, Өңірлік даму министрліктері,

Статистика, Табиғи монополияларды

реттеу, Бə секелестікті қорғау агенттіктері

кіреді. Премьер-Министрдің ұсынысымен

бұл ведомствоның басшылығына Ерболат

Досаев тағайындалды», деді Елбасы.

Осыдан кейін Президент Денсаулық

сақтау министрлігі мен Еңбек жəне халықты

əлеуметтік қорғау министрлігі бірігіп, Ден -

сау лық жəне əлеуметтік даму ми нистрлігі

деп аталатынын жария етті. «Министрлікке,

кеңесе келе, бұған Тамара Дүйсенова

жетекшілік етеді деп шештік. Ал Денсаулық

сақтау министрі Сали дат Қайырбековада

ешқан дай мін жоқ, біз тек министр ліктерді

біріктіріп жатырмыз. Егер келіссеңіз, онда

министр дің бірінші орынбасары болып

тағайындаласыз, бұрын ғы жұмыстар ауқы-

мын жалғас тырасыз», деді Н.Назарбаев.

Келесі құрылған ведомство – Мəдениет

жəне спорт министрлігі. Оған Мəдениет

министрлігінің, Дін істері, Спорт жəне дене

шы нық тыру істері агенттіктерінің қыз 

-

меттері мен өкілеттіктері беріледі. Бұл



ведомствоға Арыстанбек Мұ 

хамедиұлы

басшылық жасайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Индус-

трия жəне жаңа технологиялар, Көлік жəне

коммуникация министрліктерінің, Байланыс

жəне ақпарат, Ұлттық ғарыш агенттіктерінің

өкілеттіктері бері ле отырып, Инвестиция

жəне даму жөніндегі министрлік құрыл-

ғанын жария етті. Аталған ведомствоға

Əсет Исекешев басшылық жасай 

тын


болады. «Өздеріңіз де жақ сы білесіздер, ол

осы жылдар ішінде жұмыс істеп тəжірибе

жи нақ тады жəне жұмысын одан əрі жал-

ғастырады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы бұған дейін Көлік

жəне коммуника ция министрі болған Жеңіс

Қа сым бек аталған министрліктің бірінші

орынбасары қызметіне тағай ындалғанын

атап өтті. Ал бұған дейін Байланыс жəне

ақпарат агенттігінің басшысы болған Асқар

Жұмағалиев Əсет Исекешевтің орын-

басары қызметіне кіріседі.

«Энергетика министрлігі құры 

лады.


Өйткені, бізде энергетика саласында

тəртіпсіздік орын алып отыр. Түсініксіз,

мұнай мен газ бір жерде, қатты энергетика

келесі жерде, электр энергиясы үшінші,

атом энергетикасы төртінші орында. Еш -

теңе де түсінбейсің», деп атап өткен

Мемлекет басшысы энер гетика саласы бір

ортаға шоғыр 

ланатынын баса айтты.

Президенттің атап өтуінше, бұл министр-

лікке Мұнай жəне газ министрлігі, Индус-

трия жəне жаңа технологиялар министр-

лігінің энергетика саласына, Қоршаған орта

жəне су ресурстары ми 

нистр лігінің

қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты

қызметтері мен өкілеттіктері беріледі. «Тал -

қылап, ойлана келе, бұл саланы,

энергетиканы түсінетін Вла димир Школь-

никті Энергетика министрі қызметіне

тағайындау шешімін қабылдадым», деген

Н.Назарбаев бұған дейін Мұнай жəне газ

министрі болған Ұзақ 

бай Қарабалиннің

жаңа министрдің бірінші орынбасары

болып тағайындалғанын айтты. Осы

орайда Елбасы Қорша ған орта жəне су

ресурстары ми нистрі Нұрлан Қаппаровқа

екі бірдей қызмет ұсынды. «Бұл минис -

трлікке қоршаған ортаны қорғау мəселелері

кіреді. Нұрлан Қап паров бұл жұмыстарды

жақсы жүргізді. Ол өз қалауымен осы

министрлікте орынбасар ретінде жұмысын

жалғастыра алады немесе мен оған

«Қазатомөнеркəсіп» ұлттық компаниясы-

ның пре 


зиденті болуды ұсынамын.

Ше шіміңді Мəсімовке баян етерсің. Мүмкін

қазір айтатын шығарсың», деді Елбасы. Өз

кезегінде ол атом өнеркəсібі саласында жұ -

мыс істеуді қызық тырақ санай тын дығын

жеткізді.

Сонымен бірге, Төтенше жағ 

дайлар


министрлігі таратылып, оның қызметі

еліміздің Ішкі іс тер министрлігіне толы-

ғымен өтті. Бұл жаңа ведомствоға Ішкі іс тер

министрі Қалмұханбет Қасы мов басшылық

жасайды. Ал министр 

лігі таратылған

Владимир Божко Ішкі істер вице-министрі

болып тағайындалды.

Президент қысқаруға ұшыраған

ведомстволардың басшылары жұмыссыз

қалмайтынын да атап өтті. «Біріктірілген

ми нис трліктер, қысқарып жатқан министр-

лер жұмысында еш кінə жоқ. Үкімет менің

тапсырмам бойынша оларды жұмысқа

орналастырады. Ал бұрын министр болып,

енді орынбасарлыққа тағайындалғандар

өздері бұрын атқарып келген қызметтерінің

бөлігін жалғастырады», деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Ел 

басы өңірлік даму

министрі болған Болат Жəмішевтің

Қазақстанның Даму банкі басшылығына

тағайын далатынын атап өтті.

Президент қалған министр 

ліктердің

өкілеттіктері бірқатар өзгерістермен сақ-

талатындығын айтты. Атап айтқанда,

Экономика жəне бюджеттік жоспарлау ми -

нистрлігінің бюджеттік жоспарлау сала-

сындағы қызметі Қаржы министрлігіне,

Қоршаған орта жəне су ресурстары

министрлігінің балық шаруашылығы, су

ресурс тарын басқару, орман жəне су

қызметтері Ауыл шаруашылығы ми-

нистрлігіне берілетін болады. Сонымен

бірге, Елбасының тапсырмасына сай Үкімет

ми нистрліктердегі комитеттер санын

оңтайландыратын болады. Яғни, ми-

нистрлік құрылымында аумақтық бөлімшесі

бар комитеттер ғана қалуы тиісті. Ал ондай

құрылымдары жоқ комитеттер министр-

ліктің департаменті ретінде қайта құрылуы

қажет.

Айта кетерлігі, Премьер-Ми нистрдің екі



орынбасары бо лады. Бірінші орынбасар

бо лып Ба 

қытжан Сағынтаев қалса, ал

адами даму мəселелері жөнін 

дегі

орынбасары Гүлшара Əб 



діқалықова

болады.


Жиын соңында атқарушы би ліктің жаңар-

тылған құрамын айқындаған Н.Назарбаев

олардың алдағы жұмыстарына сəттілік

тіледі. «Осында отырған баршамыз,

сондай-ақ, барлық қазақстандықтар елдің

ертеңі үшін жұмыс істесек, сонда ғана

мақсатымызға жетеміз. Бағдарламалар

бекітілді, тапсырмалар айқын. Енді тек жұ -

мыс істеу керек. Ендеше, сəтті лік тілеймін.

Барлық қалған жұмыс 

тарды Кəрім

Қажымқанұлы тия 

нақ ты түрде қарап

шығатын болады. Министрліктер мен

ведомство лардың алдағы мəселесін де

шешеді. Үкімет еш кедергісіз жұмыс істеуде

тиісті шешімдер қабылдайды деп сенемін»,

деді Мемлекет басшысы.

Ақордада өткен кеңейтілген отырыс

барысында Н.Назарбаев тұрақтылықтың

мəні мен маңызын Украинада қалыптасқан

қазіргі ахуалдан əбден байқауға болатынын

жеткізді. Мемлекет басшысы əлемдегі

құбылмалы жағдайларға байланысты

еліміздің жергілікті басқару органдары

дайын отыру керектігін ескертті. Əсіресе,

қаржылық-экономикалық жағынан қорлар

қалыптастырып, қандай жағдай болса да

сыр бермей шығатындай, қосымша табыс

көздерін қалыптастыру керек. Яғни, сыртқы

факторлардың əсерінен əл-ауқатымыз

əлсіре мей тіндей болуы қажет. Дұрысында,

жергілікті жер 

лерде халықты жұ 

мыспен

қамти тындай өңірлік өндіріс орындарын



іске қосып, елді кəсіппен шұғыл 

данып,


еңбек етуге икемдеу абзал.

Мемлекет басшысы əлемді былай қойып,

қазіргі күні іргеміздегі ТМД елдерінің өзінде

тұрақсыздық орнап тұрғанын жеткізді. «Біз

осыны ескеруіміз керек. Елдің əрбір

азаматы қазір осыны ойға ала отырып,

өзінің болашағы, өз елінің тұрақтылығы

үшін еңбек етуге тиіс. Жаһан елдерінен

келер жағымсыз əсерге жығыла кетпей,

«аяғымызды нық ұстауға» тиіспіз. Соған

орай мемлекетіміз барлық тиісті

шараларды қолға алуы керек. Мəселен,

өзіміз көріп отырғандай, кеше ғана бейбіт

күй кешіп отырған Украина бүгінде

берекесіздікке белшесінен батты. Айталық,

Украина үкіметінің ресми болжамдарына

сүйенсек, ондағы тұрақсыздықтың сал-

дарынан ІЖӨ жылдың соңына дейін 6

пайызға дейін төмендемек. Инфляция 20

пайызға өспек. Ұлттық валюта құнсыз-

данады. Ал мұның бəрі бізді де алаңдатпай

қоймайды. Осы жағдайларды тілге тиек

еткен Елбасы елімізде өз экономикалық

саясатымызды анықтау керектігімізді баса

айтты. «Өздеріңізге белгілі, Украина ТМД

елдері арасындағы еркін сауда аумағының

қатысушысы. Бұл ел – Қазақстанның

маңызды əріптестерінің бірі. Бұл елмен

біздің ауылшаруашылық саласындағы

көптеген қатынастар, сауда-саттық келісім-

дер, тіпті оның артында тұрған қаншама

адамның тағдыры байланыстырады.

Мұның бəрі сөзсіз, біздің елді айтарлықтай

алаңдатады», деді Президент.

Осылай дей келе, Президент өзінің

тұрақтылық пен бейбіт шіліктің ең басты

құндылық екенін Тəуелсіздіктің бірінші

күнінен бас тап айтып келетінін атап өтті.

«Біз бірлікті бағалай білген, татулықты тəу

еткен халықпыз. Жаманнан жиреніп,

жақсыдан үйренген елміз. Соның

нəтижесінде бүгінгі Қазақ 

стан жаңа

Қазақстан болып қа 

лыптасып, дүние-

жүзінде үлкен дəрежеге ие болып отыр.

Бірлік ті елдің биігін өзгелер біздің жетіс -

тіктерімізге қарап біледі. Бірліксіз жұрттың

жағдайын біз басқалардан көріп отырмыз.

Тұрақтылықтың мəні мен маңызын

Украинаның қазіргі ахуалынан байқауға

əбден болады», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы соңғы жыл дары бұл

елде адамдар еңбек етуді ұмытып, жұрттың

барлы ғы жаппай берекесіздікке бой ұрып,

наразылық шеруі сəнге айнал ғанын баса

айтты. «Адамдар митинг 

ке күнделікті

жұмысқа шығатын 

дай болып келетін

болды. Оның неге əкеп соққанын өздеріңіз

де білесіздер. Ондай тəртіпсіздік қайда

апарып соқтырғаны бізге белгілі болып

отыр, төңірегіміздегі тəжірибе де жеткілікті.

Ел ішінен жау іздеп, бірін-бірі кемсіту еш қа -

шан да ешбір мемлекетті жақ 

сы лыққа

апармайды», деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті кезінде одақтас

республикалардың ішін 

дегі ең қуатты

елдердің бірі болып келген Украина қазір

соғыс өр 

тіне айналғанын, бір елдің

азаматтары бір-біріне оқ атып, күн сайын

бейбіт тұрғындардың қаны төгіліп жатқанын

атап өтті. «Мемлекеттің дамуы, Украина-

ның дамуы ондаған жылға артқа қарай

кетті. Қазынасы қаңырап, өндірістері тоқтап

қалды. Жүздеген əлеуметтік нысан іске

алғысыз болып, қиратылды. Тұ 

ра лаған


экономиканы қайта қалпына келтіруге

ондаған жылдар керек», деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақ 

станның


Украинадағы қарапайым жұрттың қасірет-

қайғысына жаны ашитынын айтты. «Біз

қақты ғысушы жақтардың бəрін келіс сөзге

келіп, сенім мен ашық диалог негізінде,

əсіресе əйелдер мен балаларға зардабы

тиіп жатқан қан төгісті тоқтату үшін өзара

қолайлы шешімнің жолын іздеуге

шақырамыз. Бұдан басқа ақылға қонымды

баламалы жол жоқ деп санаймын. Мен өз

тарапымнан мүмкіндігіне қарай атсалыса -

мын жəне қолдан келгеннің бəрін

жа сай мын», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент біздің еліміздің мемлекеттік

органдары мен қоғам дық институттарының

мұндай жағдайдағы басты мін деті бей біт -

шілікті, келісімді, тыныш тық ты жəне елдегі

қауіпсіздікті сақ 

тау екендігіне тоқталды.

«Барды ба 

ғалап, құндылықты қадір 

леу

əрбір азаматтың міндеті. Ел бірлігі – ең



асыл қазына, ең асыл қасиет. Осы қасиетті

қазы наны көздің қарашығындай сақ тау – тұ -

тас қазақтың, барлық қазақ стан дықтардың

алдында тұрған ұлы парыз. «Қазақстан

2050»-дің биі гіне көтеріліп, Мəңгілік ел болу

жолында халқымыз бүгінгі бағы 

тын

жалғастыра беретін болады. Əрбір азамат



елдің өркендеуі үшін жұмыс істеуі керек.

Сонда ғана біз мақсатымызға жетеміз,

елдің жағдайын жақсартамыз», деді

Елбасы.


Н.Назарбаев сондай-ақ, саяси пар-

тиялардың, қоғамдық ұйымдардың,

кəсіподақтардың, үкіметтік емес ұйым-

дардың бір 

лігін нығайтуды жалғастыру

жə не барлық бұқаралық ақпарат құ рал -

дарының жұмысын мемлекет пен халықтың

жалпы игілігі үшін бағыттау маңызды болып

отыр ғанын атап өтті. «Нұр Отан» партиясы,

əсіресе жергілікті жерлерде орын алып

отырған проблемаларды шешу үшін ел

тұрғындарымен жүргізілетін жұмысты

күшейтуі керек. Біз əрқашан жастарды

толеранттылық, өз еліне деген сенімділік

рухында тəрбиеледік. Елдің бəрін, ең

алдымен жастарды, «Қазақстан — 2050»

Стратегиясында белгіленген мақсаттарға

жетуге арналған жұмыстарға тарту керек.

ХХІ ғасырдың ортасына дейін біз алға

қойған тарихи мақсат төңірегінде топтасқан

біртұтас халық қана өз миссиясын орындай

алады», деп түйіндеді сөзін Мемлекет

басшысы.

Динара БІТІКОВА, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

(«Егемен Қазақстан», 7-тамыз 2014

жыл).


9-тамыз 2014 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет