Қазақ жұлдызшылары айдың тууын, оның аспан әлеміндегі орнын үнемі бақылап, айдың тоғысуы туралы жүйені қалыптастырған. Ай жылдың әр мезгілінде, әртүрлі күнде Үркермен қиылысып, жанасып өткендей болады



Дата01.04.2023
өлшемі55,4 Kb.
#78182
Байланысты:
Данадан Мейрамгүл мұғалімге


Қазақ жұлдызшылары айдың тууын, оның аспан әлеміндегі орнын үнемі бақылап, айдың тоғысуы туралы жүйені қалыптастырған. Ай жылдың әр мезгілінде, әртүрлі күнде Үркермен қиылысып, жанасып өткендей болады. Мұны қазақ халқы «тоғысу» деп атаған.
Қазақы жыл санауда жылдың басы наурыз айы болып саналады. Қыстан қысыла шыққан ел қардың жуықта кетер-кетпесін наурыздың бірі күні (осы күнгі 14 наурызға сәйкес) қар үстінде жатқан қойдың құмалағының қарға батары не батпасына да қарап болжаған. «Қардың басын қар алады» деген ел «Құс қанаты» атты жапалақтап жауар қарды асыға күткен. Бұл наурыздың 26-28 жұлдызына дәл келеді. Келесі ай – отамалы сәуір деп те аталады. Айдың басы осы күнгі 14 сәуірге сәйкес келеді. Бұл күні бөлек-бөлек жаз бұлтты шығады. Осы айдың 17-19 күндері шамасында күн суытып, жаңбырлатып өтеді. Ел ертеден бұл күнді «Қыдыр қамшысы» деп атаған екен. Ал айдың соңына қарай 25-27 шамасында тобылғы бүршіктенер «Тобылғы жарған» атты суық болады. Мамыр айының 8-9 күндері «Қызыл жұмыртқа салқыны» өтеді. Бұрында үлкендер аузынан естіп қалатын осы бір атау елуінші жылдардың аяғында сирек қолданылып, кейінгі жетпісінші, сексенінші жылдарда ел есінен мүлде шығып кеткен еді. «Қызыл жұмыртқа салқынында» ауа райы өзгеріп, күн суық болатыны белгілі. Осы күндері адал құстар ұя басады екен. Сондықтан бұл күнді қазақ «Қызыл жұмыртқа» деп атапты. Бұдан кейін 17-25 арасында атақты «Құралайдың суығы» өтеді.
Шілде Үркердің жерге кіруімен басталып, қырық күннен соң Үркер қайта көтеріліп, Сарша айында «Үркердің толғағы» атты жаңбырлы күн туады. Қыркүйек айында «Сүмбіленің суы» жүрмек. Сүмбіле жаңбыры өткен жердің көдесінің түбі көк, малға қыстай жақсы от болады. Сүмбіле туа су суыса, келесі айда Таразы туып, таң суыған.
Ақырап айын есепшілер болжам үшін қатты ұстанған. Ақырап айының тууы қазіргі қазан айының 14 жұлдызы – ақыраптың бірінші күніне сәйкес. Сол күні таңсәріден бастап жұлдызшы-есепшілер әр сағатты қатты бақылауға алған. Сағат сайын күні бұрын дайындалған күлді ұшырап көріп, желдің бағытын, жылдамдығын есепке алған. Сол сияқты сол тәуліктің қай сағатына күннің ерекше құбылысы, суытуы, не жылынуы, не жауын-шашын болуы қатты ескерілген екен. Бұл болжам алты күн бойы кезек-кезек күн-түнді күзеткен есепшілермен жүргізілген. Сол алты күнде алты айлық қыраулы қыстың қас-қабағын анықтаған. Үлкендерден бізге жеткен «Ақыраптың алты» күні осы екен.


  1. «Тобылғы жарған» суығының өтетін күндері

А) Сәуірдің 25-27 күндері
В) Мамырдың 8-9 күндері
С) Сәуірдің 17-19 күндері
Д) Наурыз айының басы



  1. Сәуірде күн суытып, жаңбырлатып өтетін кезең атауы

А) «Қыдыр қамшысы»
В) «Құралайдың суығы»
С) «Тобылғы жарған»
Д) «Құс қанаты»



  1. «Қызыл жұмыртқа салқыны» атауының шығу себебі

А) Құстардың жылы жақтан ұшып келуі
В) Жауынның жиі жаууы
С) Құстардың жаппай балапан шығаруы
Д) Адал құстардың ұя салуы



  1. Жұлдызшылар болжам үшін ерекше көңіл бөлген ай

А) Ақырап
В) Наурыз
С) Сәуір
Д) Сүмбіле



  1. Халықтың «Құс қанаты» күнін асыға күту себебі

А)Жауын-шашын мөлшерін анықтаған
В)Жаздың жайлы болуын анықтайтын күн
С)Қыстың соңғы қары жауатын күні
Д)Малды көктеуге шығаруға ыңғайлы күн



  1. Жұлдызшылардың жел бағытын, жылдамдығын анықтау тәсілі

А)Құстардың ұшуына қарау арқылы
В)Күні-түні бақылау арқылы
С)Судың ағысына қарау арқылы
Д)Күлді ұшыру арқылы



  1. Сәуірде болатын суықпен байланыстырылатын өсімдік

А)Тобылғы
В)Арша
С)Қайың
Д)Үйеңкі



  1. Үркердің жерге кіруімен байланысты ай

А)Наурыз
В)Мамыр
С)Шілде
Д)Қыркүйек


– Халқымыздың ертедегі дәстүрі бойынша, әрбір қазақ өзінен бастап жеті атасын жетік білуге міндетті. Ата-ана мұны баласының тілі шыққан соң үйретуі парыз саналып, отбасылық тәлім-тәрбиені әліппесі, негізі болған. Әке-шешесі бола тұрып, жеті атасын айта алмайтындарды «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп айыптаған.
Әрбір қазақ жеті атасының өмір жолын білу арқылы кем дегенде екі ғасырлық мағлұмат алады, ұрпақ жалғастығының ізі, сүрлеуі сақталады. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер», «Жеті ататсын білген ұл жеті рулы елді билер» дегеннің мәні тамыры үзілмеген бауырластық, қандастық қасиетін айтқанында.
«Жеті атаның» өз атаулары бар. Төменнен жоғары қарай бала, әке, ата, баба, арғы ата, түп ата, тек ата деп аталады. Ал жоғарыдан төмен қарай әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Ары қарай жүрежат, жекжат, жұрағат, қаймана деп кете береді. Қазақта туыстықтың шегі жоғарыдағы «жеті атамен» аяқталады. Мұның да өз жөн-жобалары бар. Жеті атаға толған соң, «Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп жар салып, жеті жұрттың белгілі адамдарын куәлікке арнап шақырады. Құдайыға боз бие сойылып, қанына қолдарын малып, «Араларымыз алыстамасын, бұрынғы бауырлардай тату-бірлікте болайық» деп баталасады. Ала арқан кесіледі. Ұраны мен ең-таңбасы белгіленеді. Осылай «Ендігі жерде құдалыққа жол ашық» делінеді. Алайда қазақтың тарихи жады, санасы біржола жойылмай, қандасты, байырластықты ұзағырақ сақтап, ардақтайды, құрметтейді.
Қазақ салтында жеті атаға толмай тұрып құдандалы болу, ерлі-зайыпты болу тұқым бұзушылық, қан аздырушылық болып, қатаң жазаланған. Қазақтың «жеті аталық» дәстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «жеті аталық» дәстүрін қазір ғылым да толық мойындады. Бір кезде «оқымаған», «қараңғы», «надан» деп айдар тағылған қазақтың ақылына, ой-өрісінің биіктігіне бүгінде ғалымдар таңғалып отыр. Неге? Өйткені жеті атаға толғанша қан сәйкестігі сақталып, сегізіншіге жеткенде, сол қан сәйкестігі жойылады екен. Ал қандастық, қан тазалығын сақтауды ата-бабам баяғыдан-ақ білген ғой. Ғылым оны енді дәлелдеп отыр. Сөздің қысқасы, «жеті аталық» дәстүрді туыстық мейірімнің ұзақ уақыт жалғасатын тірлігі мен бірлігін бұзбауға, тұқымды пәк сақтауға жасалған ереже-заңы деуге болады. Бұл аталас адамдар арасындағы ар-ұятты, адамгершілікті адал ұстаудың тұрақты жолы екенін көрсетеді, – деп еді атам.
Зейнеп Ахметова

  1. Мәтінде жауабы бар сұрақ

А)Мәтін бойынша қазақта туыстық шегі қалай аяқталған?
В)Жетінші атадан кейінгі рудың атын қалай таңдаған?
С)Ғалымдар дәстүрге байланысты қандай зерттеулерге жүргізген?
Д)«Жеті аталық» дәстүр туралы кімдердің атақты шығармалары бар?



  1. Мәтін мазмұнындағы ой реттілігі

1.Дәстүрді ғылымның мойындауы
2.Құдалыққа рұқсат ету жолы
3.Ата-ананың парызы
А)4, 3, 2, 1
В)1, 2, 3, 4
С)4, 1, 2, 3
Д)1, 4, 3, 2



  1. Үшінші азатжолда айтылған ой

А)Баланы қырқынан шығару
В)Тұсау кесу
С)Жеті атаға толу
Д)Келін түсіру



  1. Мәтін бойынша ата-ананың балаға үйрету парызы

А)Ауыл-аймақты жетік білу
В)Құдайы беруді жетік болу
С)Жеті атасын жетік болу
Д)Құдаларды жетік болу



  1. Төртінші азатжолдағы негізгі ой

А)Қазақ халқының ертедегі дәстүрін жаңғырту
В)Ұрпақ жалғастығының ізін сақтау
С)Отбасылық тәлім-тәрбиесінің әліппесін ұмытпау
Д)Қанның тазалығын, тұқымның пәктігін сақтау



  1. «Жеті аталық» дәстүр бойынша ғалымдарды таңғалдырған жайт

А)Әр баланың өз аталарының аттарын жатқа білуі
В)Сегізінші атаға жеткенде қай сәйкестігінің әлі де болуы
С)Қазақ халқы тұрмысының табиғатпен үндесуі
Д)Сегізінші атаға жеткенде қай сәйкестігінің жойылуы



  1. Мәтін мазмұнымен үндес мақал-мәтел

А)Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
В)Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
С)Жетіқарақшыны таныған – жеті түнде адаспас.
Д)Жігітке жеті өнер де аз.



  1. Жеті атадан кейінгі атаулар

А)Арғы ата, түп ата, тек ата
В)Шөпшек, немене, туажат
С)Жүрежат, жекжат, жұрағат
Д)Бала, әке, ата, баба


 Арыстан баб
...Арыстан баб Тұран даласына келгенде оны ешкім танымапты. Киімі тозып, түрінен шошып, ел-жұрт үйіне қондыруға қорқады екен. Көп қайыршының бірі деп ойлапты. Арыстан баб Ұлы Даланы аралап, талай шаһарды шарлапты, көбіне далада қонады екен. Оның қонып, түнеген жері қасиетті орынға айналады.
Бір күні Отырар даласына келіп, қаланы аралады. Оған ешкім мән беріп қарамады. Қала шетіндегі ескі лашықтан өтіп бара жатқанда бір жігіт алдынан жүгіріп шықты. Қарияға сәлем беріп:
– Ата, үйге түсіп қонақ болыңыз, – деді. Арыстан баб: – Балам мені таныдың ба? Бейтаныс жанды қалай үйге қондырмақсың?-деді.
– Әкем: «Қырықтың бірі – Қызыр, мыңның бірі – Уәли» деп айтып отыратын. Қызыр болмасаңыз да, шарапатты әулие шығарсыз. Жақсы адам қартайса, ақсақалды абызға айналады, жаман адам қартайса, піспей қалған қауызға айналады деуші еді. Жүзіңіз жылы екен. «Түсі игіден түңілме» деген. Оның үстіне іңір түсті. Қараңғыда қайда барасыз? Үйге қонып, қонақ болыңыз. Баспанам лашық болғанымен, қабағым ашық. Жыртық үйдің де Құдайы бар деген ғой. Біздің үйге түсіңіз!
– Бәрекелді, балам! Болайын деп тұрған бала екенсің. Тұрмысың кедей болғанымен, жан сарайың бай екен. Дегенің болсын! Баста жолды, – деді. Жігіт есікті ашып, Арыстан бабты төрге шығарды. Жігіттің жары қонақ келеді деп ойламаса керек-ті. Асулы тұрған еті болмаған соң сасып қалды. Зыр жүгіріп төрге көрпе төседі. Қырық жамау көрпесінен қысылып ұялып барады. Ұялғаннан басындағы ақ жаулығын көрпешенің үстіне төседі де:
– Ата, мұнда отырыңыз, – деді. Арыстан баб әйелдің ниетіне риза болып:
– Балам, ақ жаулық басындағы байлығың ғой. Оны маған бола жерге төсеме. Мен патша емеспін. Маған жаман көрпе де жетеді. Ниетіңе ризамын, Алла тілеуіңді берсін! – деді.
Жігіт қорадан жалғыз лағын көрсетіп:
Ата, бата беріңіз. Қонақ келмегелі көп болып еді. Бізді кедей деп менсінбей көп кісі түспейтін. Мынау сізге атаған малым. Бата қылыңыз, – деді.
Арыстан баб:
– Құдай ондасын, пайғамбар қолдасын! Бақ қарасын, Қызыр дарысын! Ниетіңе тәңірі берекет берсін! – деп бата жасады. Ас желініп, сорпа ішілген соң сұхбат қылып біраз отырды. Арыстан баб сол үйде түнеді. Таңғы шайдан соң жігіт екі жасар ұлын әкеліп:
– Ақсақал, тұңғышым еді. Есімі – Мансұр. Осыған ата болып, батаңызды беріңіз, – деді, Арыстан баб бата беріп: «Мансұр Халлаждай тәңірге ғашық болсын. Қожа Ахметтің шәкірті болсын!» – деді. Шайдан соң Арыстан баб олармен қоштасып, сапарын жалғады. Осыдан соң жігіттің басына бақ қонып, Қызыр дарып, дәулетті жанға айналыпты. Баяғы Мансұр ер жеткен соң Қожа Ахмет Яссауидің ең алғашқы шәкірттерінің бірі болыпты. Арыстан баб маңдайынан сыйпаған соң, жұрт оны Арыстан бабтың баласы атап кетіпті.
Арыстан баб дүниеден өтерде періште:
Уа, Арыстан сахаба, талай ел кездің. Мекке-Мәдинада жүрдің. Қасиетті Әл-Ақсада болдың. Қожа Ахмет туған Сайрамды да көрдің. Дүниеден өткен соң денеңді қайда апарайық? – деді. Сонда Арыстан баб:
– Отырардағы жаны жомарт бір жігіт есімнен кетпейді. Жалғыз лағын сойып, қонақ қылып еді. Келіншегі астыма кимешегін төсеген. Солардың адал ниеті мен ыстық ықыласы есімнен кетпейді. «Бір күн ас бергенге қырық күн сәлем» деген. Дүниеден өтсем де пейілін ұмытпаймын. Денемді солардың үйінің іргесіне апарыңдар. Тәңірім рұқсат етсе, оларды желеп-жебеп жатайын, – депті.
 

  1. Арыстан бабты ешкімнің танымауының себебі

А)Сырт бейнесі қайыршыға ұқсағандықтан
В)Лашықта тұратындықтан
С)Адамдар оны менсінбегендіктен
Д)Енді ғана аты шыққандықтан



  1. Мәтінге қатысты мақал

А)Тойған қонақтың екі көзі жолда болар.
В)Сақтағаныңды сапр етсең, сағынғаның келер.
С)Кімді айтсаң, сол келер.
Д)Қонақпен бірге құт келер.



  1. Дәулетінің артуына себеп болған жігіт бойындағы жақсы қасиет 

А)Сөзшендік
В)Шешендік
С)Ептілік
Д)Қонақжайлылық



  1. Мәтінде кездеспейтін елді мекен

А)Сайрам
В)Мекке-Мәдина
С)Отырар
Д)Сығанақ



  1. Қарияның сөзі

А)Үйге қонып, қонақ болсаңыз...
В)Қызыр болмасаңыз да, шарапатты әулие шығарсыз...
С)Тұрмысың кедей болғанымен, жан сарайың бай екен...
Д)Жақсы адам қартайса ақсақалды абызға айналады...



  1. Мәтін мазмұнында айтылмаған мәлімет

А)Арыстан бабтың аралаған жерлері
В)Жомарт жігіттің есінен кетпеуі
С)Мәтіндегі жігіттің айналысатын кәсібі
Д)Қожа Ахметтің алғашқы шәкірттерінің бірі



  1. Мәтінге сәйкес тірек сөздер

А)Шәкірт, жеміс, жайлау
В)Лашық, болыс, пайғамбар
С)Бала, бата, бағбан
Д)Қонақ, шәкірт, бата



  1. Мәтінге қатысты берілген ақпараттардың дұрысы

1. Баталы болған жас бала Яссауидің шәкіртінің бірі болыпты.
2. Арыстан баптың қонған жері қасиетті орынға айналыпты.
3. Жігіттің басына бақ қонып, дәулетті жанға айналыпты.
А)Тек үшіншісі
В)Үшінші, біріншісі
С)Үшеуі де дұрыс
Д)Бірінші, екіншісі


Сүлеймен патшаға жеті сауал
Таңның атысын тамашалап, биік тау басынан түсіп келе жатқан Сүлеймен патшаны етекте күтіп тұрған халқы ортаға алып, неше түрлі сұрақ қояды.
– Уа, патша, сен біз үшін жақсылықтың бұлағысың. Сенің сөздерің жүрекке жылу таратады. Сенің даналығың ақылымызға сәуле құяды. Сені тыңдай бергіміз келеді.
– Айтшы бізге, осы біз кімбіз?
Сүлеймен патша күлімсіреп, былай деген екен:
– Сендер – әлемнің жарығысыңдар. Сендер – жұлдызсыңдар. Әрбіріңнің бойында ғалам бар. Ақылды жүрекке салып, өз жүректеріңнен сұрап, махаббаттарыңнан жауап алыңдар.
– Өмірдің мәні неде?
– Өмір деген даңғыл жол, мақсат және марапат. Өмір деген махаббат биі. Адамның жаратылу мақсаты – гүл ашу. Дүниеге келу – әлемге жасаған ұлы сый. Сендердің өмірлерің ғаламның тарихы. Сондықтан өмір әр сөзден артық. Өмірді мереке деп қабылдаңдар. Өмір – бәрінен қымбат. Өмір деген – бүгін. Ал, бүгіннің маңызы бүгінмен өмір сүру де.
– Бақытқа апарар жол қайсы?
– Шын сүйгендер мен риясыз ризашылық білдіретіндер – бақытты жандар. Жан тыныштығын тапқан адам – бақытты. Жан түкпірінен жұмақты тапқандар – бақытты. Қуанышпен сыйлайтындар, қуанышпен сый қабылдай алатындар – бақытты. Іздегендер – бақытты. Үйлесіммен өмір сүретіндер – бақытты. Бірлікті түсінгендер – бақытты. Үйлесімнен өмір сүретіндер – бақытты. Әлемнің сұлулығын көре алғандар. Күнге көзін ашқандар – бақытты. Көреген адам – бақытты. Өзін танығандар – бақытты. Өзін жақсы көрген жан – бақытты. Өмірді мақтағандар – бақытты. Өмірді тудырушылар – бақытты. Еркін өмір сүретіндер – бақытты. Кешіре білетіндер – бақытты.
Берекенің құпиясы неде?
– Адамның өмірі – жаратылыстың ең ұлы асылы мен қазынасы. Айналасындағы молшылық – шексіз. Әлемнің байлығы әр адамды байытуға жетерлік. Сондықтан, берген сайын байи бересің. Бақыт сенің үйіңнің табалдырығында тұр. Берекеге есік аш. Қолға түскен әр нәрсені өмір сыйлаған алтын деп қабылда. Жан дүниесінен қазына тапқан адам – бақытты.
– Қалай өмір сүру керек?
– Өмірдің әр сәтінен құшырлана дәм тат. Өйткені, дәм татпаған өмір қайғы тудырады. Ішінде не болса, сыртында да сол. Әлемнің қара түнегі сендік жүректің қаралығынан. Адам – Күннің дәні. Бақыт – Күннің атауы. Есею – мыңдаған күннің шұғыла шашуы. Жарықты көруге асыққандар – биік.
– Үндестікке қалай қол жеткізеді?
– Қарапайым өмір сүр. Ешкімге зияныңды тигізбе. Қызғанба. Көре алмаушылықты санаңа жақындатпа. Жайсыздық әкелмесін. Өмір сұлулыққа арна. Шығармашылық – мадақ үшін емес, ғажап үшін екенін түсін. Ең жақыныңа жаның ашық болсын. Өйткеніңді тез ұмыт. Тек жақсылықты есте сақта. Әлемге жаңалық әкел. Тәнің сүйіспеншілік бесігі болсын. Сезімнің қуатына айнал. Өйткені, махаббат бәріне рух кіргізеді.
– Өмірдің кереметіне қалай қол жеткізеді?
– Бақытты адам айналасына шуақ шашып жүреді. Бақытсыздап құл болып өтеді. Өйткені бақыт азаттықты сүйеді. Еркіндік бар жерде қуаныш бар. Бақытты болу өнерін меңгер. Дүниеге жүрегіңді аш, сонда дүние де саған құшағын ашады. Қарсыласудан бас тартқан адам өз өміріне ие болады, – дейді. Сүлеймен айналасына мейіріммен қарап, сөзін былай деп жалғастырады: – Көп шындықты үнсіздіктен естисіңдер, тек жүрегіңе сатқындық жасама. Сонда үйлесіммен өмір сүресің! Өз меніңді сыйлап үйрен!


  1. «Қолға түскен әр нәрсені өмір сыйлаған алтын деп қабылда», – деген жауапқа сұрақ

А)Қалай өмір сүру керек?
В)Өмірдің кереметіне қалай қол жеткізеді?
С)Берекенің құпиясы неде?
Д)Бақытқа апарар жол қайсы?



  1. Мәтін мазмұны бойынша ой реттілігі

1. Дүниеге жүрегіңді аша білу.
2. Өмірді қалай сүру керектігі туралы.
3. Берекенің құпиясы.
4. Бақытқа апарар жолдар.


А)1, 3, 4, 2
В)1, 2, 3, 4
С)4, 3, 2, 1
Д)3, 4, 1, 2



  1. «Дүниеге келу – әлемге жасаған ұлы сый» деген ойдың сұрағы

А)Өмірдің мәні неде?
В)Берекенің мәні неде?
С)Бақыттың мәні неде?
Д)Үндестіктің мәні неде?



  1. «Бірлікті түсінгендер – бақытты» деген жауапқа сай сұрақ

А)Осы біз кімбіз?
В)Есеюдің шуағы не?
С)Күннің атуы дегеніміз не?
Д)Бақытқа апарар жол қайсы?



  1. Адамзат бойына рух кіргізетін сезім

А)Жақсылық
В)Қуат
С)Махаббат
Д)Жаңалық



  1. Сүлеймен патша жауабында ең көп айтылатыны

А)Ақыл
В)Махаббат
С)Байлық
Д)Бақыт


  1. Берілген тұжырымдардың дұрысы

1. Байлықты тапқандар – бақытты.
2. Еркін өмір сүретіндер – бақытты.
3. Кешіре білетіндер – бақытты.
А)Бірінші, екіншісі
В)Екінші, үшіншісі
С)Үшінші, біріншісі
Д)Тек үшіншісі



  1. Үндестікке қол жеткізудің басты қағидасы

А)Күліп-ойнап өмір сүру
В)Шуақ шашу
С)Қарапайым өмір сүру
Д)Байлыққа қол жеткізу
Өлшем бірлік
Дәл сол уақытта қазақтар «өлшем бірлік» деп аталатын тұрмыстық қажеттілікті әдеттегідей тапкырлық танытып, салмақ пен көлемді қасынан табыла қоятын заттармен өлшеуге дағдыланған.
Далаграмм мен далакилограмм. «Неғылған батпан құйрық?» деген мәтелді білетін боларсыздар. Ендеше сол батпан «үлкен, мол» деген мағына береді. Себебі батпан деп – 100 килограмм және одан артық салмақты айтқан. Палуандар әдетте ауырлық көтеруді батпаннан бастайтын болған. «Бір көтерім», «бір арқалық» деген салмақ – қазіргіше 50 килограмм шамасында. Сірә, қап тасу сияқты жұмыстардан қалыптасса керек. Одан кішісі – атақты пұт. Пұт 16 килограммға тең. Сонда, Дінмұхамед Қонаевтың еліміздің қамбасына бір емес, бірнеше рет тапсырған миллиард пұт астығы – 16 млн тоннаға тең боп шығады.
«Бір пітірлік», «пітірбидай» – қазіргі 3 килограмм. Діни мазмұнын аңғарып-ақ тұрсыздар. Дәрі-дәрмегі бар, тұзы бар, басқасы бар – ыдыс-аяқ айналасындағы тұрмыстық күйбенде «қадақ» деп аталатын өлшем бірлік көп пайдаланылған. Қадақ қазіргі метрикалық жүйемен 750 грамға тең. «Қаладан бір қадақ науат ала кел!» – XX ғасыр басындағы отанасының жолға шыққан отағасына әдеттегі тапсырмасы. «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелдегі батпанды біз білдік. Ал мұндағы мысқал – қазіргі бір грамм. Айтпақшы, тіпті арнайы жабдық жасалып өлшенген өлшем – тап осы мысқал.
Бекзадаларда, сұлтандарда мысқалмен өлшейтін арнайы жабдықтар болған. Әдетте бағалы металдарды өлшеу үшін пайдаланылған. Мысқалдан төмен өлшемдермен бабалардың не өлшегені бізге белгісіз. Бірақ одан төмен өлшем бірліктердің бірқатары болған.
Бір шымшым. Аты айтып тұр. Сұқ саусақ пен бас бармақты бүрістіріп шымшып, ұшына ілгенің – бір шымшым. Бір шөкім – алақанның бетінде шашып алмай ұстап тұратындай құмдауыт заттың өлшемі (тұз, бұрыш, топырақ, т.с.с.).
Құрақ көрпе сияқты, тұрмыстық мәдениеттің шедеврі бар халықта өлшем бірлік үшін оймақтың қолданылмауы мүмкін емес. Ендеше қазіргі «оймақтай ой» деген тіркестің мәнінде аса дәл өлшем жатыр. Бұган қоса, сұлының бидайындай ғана «тырнақтай» деген де өлшем болған. Көбірек алу үшін бас бармағыңыздың тырнағын сайламай-ақ қойыңыз, біздегі деректер – тек шынашақтың тырнағын ғана, ал кейбіреулер тіпті – торғайдың тырнағын айтқан дейді.
Далалитр мен далакуб. Көлемді өлшемей тірлік жоқ. Ендеше, еуропалықтардағыдай орталықтандырылған өлшем жүйесі болмағанымен, кез келген қазақтың үйінен табылатын қарапайым затты эталон қылу арқылы, даланың о шеті мен бұ шетінде біршама бірдей көлемдік жүйе қалыптасқан. Саба десе қымыз дейсіздер бірден. Ендеше сол саба – шамамен 25 литрге тең болған. Әдетте жылқының терісінен тігілген үлкен торсық. Соның арасында бізге «бірқұлақ су» деген көлемдік бірлік құпия боп қалып отыр. Қазіргіше – 4 текшеметр. Құпиясы сол: онымен нс өлшеген?
Ал ең қызық олшем бірлік ол - шүйке. Шүйке дегі әдетте қолды бір салғанда жұлып алатын түйенің шудасын әлде ешкінің түбітін айтады. Қызық деп отырғанымыз: ол салмақты да, көлемді де білдіруі мүмкін.

  1. Сұйықтық көлемін айқындайтын қазақтың өлшем бірлігі

А)Балтасап
В)Сынық сүйем
С)Бір уыс
Д)Бір саба



  1. «Батпан» деген қазақтың өлшем бірлігі

А)16 килограмға тең
В)100 килограмм және одан артық
С)Жарты тоннаға тең
Д)25 килограмға тең



  1. «Мысқал» сөзінің сандық көрсеткіші

А)3 килограмм
В)100 грамм
С)10 грамм
Д)1 грамм



  1. Мәтіннің түйінді ойы

А)Анығын айту – адалдық.
В)Кедейге ақ қалта да бір,
Көк қалта да бір.
С)Бардың базары жанында.
Д)Халық айтса, қалт айтпайды.



  1. Салмақты да, көлемді де қатар білдіре алатын қазақтың өлшем бірлігі

А)Тұтам
В)Шүйке
С)Қарыс
Д)Құлаш



  1. Тұзға қатысты айтылатын өлшем

А)Шүйке
В)Бір шымшым
С)Бірқұлақ
Д)Бір құлаш


  1. Килограммға жетпейтін қазақтың өлшем бірлігі

А)Пұт
В)Қадақ
С)Батпан
Д)Бір арқалық



  1. Қазақтардың «Бір пітірлік», «пітірбидай» деп аталатын салмақ өлшемі

А)4000 грамм
В)3000 грамм
С)5000 грамм
Д)200 грамм
Пифагор
Пифагордың шәкірттері оны Аполлон құдайының баласы деп санаған. Ал біз оның ауқатты финикиялық саудагер Мнесархтың ұлы болғанын білеміз. Пифагор бар ғұмырын ілім іздеуге бағыштаған. Өмірінің алғашқы жылдарында Лесбос аралы мен Милетте көне грек ғалымы Фалес пен оның шәкірті Анаксимандрдан тәлім алады. Кейіннен білімін жетілдіру үшін Мысыр еліне барып, 22 жылға қазіргі Александрия қаласында қалып қояды. Сосын Мысырды жаулаған парсыларға тұткынға түсіп, тағы он екі жыл ғұмырын көне Бабыл (Вавилон) өркениетінің ғылымын (магия, мистика, астрология, медицина, арифметика) оқумен өткізеді. Тұтқындағы ғалымға көзі түскен парсы патшасы Дарий I Пифагорды тұтқыннан босатады. Азат болғаннан кейін еліне оралуды ниет еткен Пифагордың жасы 70-ке келіп қалған болатын. Ол өз мектебін ашу үшін Италияның Кратон каласын таңдайды. Пифагор шәкірттеріне өмір бойы жинаған білімінің синтезін беруге тырысады.
Пифагор рухтың тазалығын дәріптеді. Жаман ойдан, қалыпты болып кеткен өтіріктен арылуға үндеді. Ал ауқатты қала тұрғындарына рухты тазарту үшін ғылым, музыка, гимнастика және медицинамен айналысуға кеңес береді. Одан бөлек, Пифагор халықты математиктердің билегенін жөн көрді. Себебі олар санның құдіретін таниды және есепке шорқақ болмайды деп білді.
Жасөспірімдер Пифагор шәкірті атану үшін кем дегенде бес жыл үнсіз оның дәрістерін тыңдауы тиіс болған. Оларға сұрақ қою мүмкіндігі де берілмеген. Пифагорлықтар «Бүкіл ғалам сандық негізден тұрады» деп білген. Әрбір затқа немесе жағдайға белгілі бір сан немесе геометриялық пішін тура келетініне сенген. Мысалы, адам тәні – 210, от – 11, ауа – 13 және су – 9 санымен белгіленген. Пифагор – барлық геометриялық пішіндер ішінен шарды көп зерттеп, Жердің шар тәрізді екенін алғаш айтқан ғалым. Оның бұл гипотезасы 15 ғасыр өтіп (Джордано Бруно тезисі) расталады.
Пифагор мектебінен белгілі саясаткерлер, астрономдар, тарихшылар мен математиктер шыққан. Аңыздар желісі грек ғалымын көтермелеп суреттейді. Айта кетсек, Пифагор жер сілкінісінің орын алуын алдын ала айта алған. Сонымен қатар, эпидемиялық ауруларды емдеп, құйындарды тоқтата алған-мыс.
Пифагордың «Өзіңді улы деп атаудан бұрын Күннен түскен көлеңкеңе назар сал» деген сөзі оның ұлылығын танытады.



  1. Пифагор елді қандай адамның басқарғанын қалайды?

А)Тарихшы
В)Музыкант
С)Биолог
Д)Математик



  1. Вавилон өркениетінің ғылымына жатпайтын сала

А)Астрология
В)Архитектура
С)Медицина
Д)Мистика



  1. Пифагорды тұтқындықтан құтқарушы

А)Парсы патшасы Дарий I
В)Анаксимандр
С)Херефонт
Д)Грек ғалымы Фалес



  1. Пифагордың өмірлік ұстанымы

А)Зерттеу жүргізу
В)Басшы болу
С)Басқаруды үйрену
Д)Ғылым-білім үйрену



  1. Пифагордың шәкірттеріне қойған шарттарына жатпайтын қатар

А)Әрбір зат пен құбылысты санмен негіздеу
В)Кемі бес жыл тек тыңдаушы болу
С)Тарихи жазбалармен жұмыс жасау
Д)Кемі бес жыл сұрақ қоймау



  1. Пифагор жаңалығы

А)Ақпараттарды есте сақтау жолдарын айту
В)Жердің шар тәрізді екенін айтуы
С)Адамның даму деңгейін негіздеу
Д)Адамдарды басқару жолдарын сараптауы



  1. Мәтіннің екінші бөлімінде айтылған ой

А)Жаны тазаның ары таза.
В)Ынта болса адамда, Қиын іс жоқ ғаламда.
С)Жақсының үйі мен түзі бірдей.
Д)Аңғал сөйлеп аспа, Жолын білмей қашпа.



  1. Пифагордың ұстазы

А)Сәуегей Дельф
В)Фридрих Вильгелм
С)Білімдар Херефонт
Д)Грек ғалымы Фалес

XVIII ғасырдың соңында Жаңа Зеландияда моа алып құстарын кездестіруге болатын еді, бүгінгі күні олар жойылып кеткен түрлердің тізіміне енгізілген, алайда энтузиастар екі ірі аралдың шалғайдағы қуыстарынан осы бірегей қауырсындыларды кездестіруге әлі де үміттенеді. Бір кездері, адамдар келгенге дейін, Жаңа Зеландия нағыз құстардың «қорығы» болған, бұл жерде сүтқоректілер (жарқанатты есепке алмағанда) болмаған, қауырсындылар патшалығы дәуірлеген және көбейіп тұрған, олардың ең ірі өкілдері – моа құстары үшін тек алып қыран ғана үлкен қауіп төндіретін.
Алып моалардан басқа. салмағы 20 кг-нан аспайтын кішірек түрлері де болған. Моаның ең ірілерінің биіктігі 3,5-4 метрге жететін және шамамен салмағы 250 кг-дай тартатын. Сонымен қатар, аналығы аталығынан екі есе ауыр болатын.
Әрине, мұндай ұша алмайтын және тістемейтін, жеуге жарамды, еті құнарлы «тауықтар», аралды алғаш ашушылардың құрметіне маори атауын алған. Құстар Полинезия аралынан қоныс аударғандар үшін оңай әрі дәмді табыс болған. Моалардың жойылуына аралға полинезиялық қоныс аударушылар алып келген иттер мен егеуқұйрықтар да бірталай үлес қосқан. Ғалымдардың бағамдауы бойынша, моаларды қырып-жою кезеңі IX ғасырдан XIV ғасырға дейін созылған.
XIX ғасырдың екінші ширегінде еуропалық ғалымдар экзотикалық құсқа соншалықты қызығушылық танытты. Моалардың қаңқалары аралдарда өте көп болатын, ал тірісі көзге түспейтін. Аман қалған құстарды табуға тырысып, ғалымдар аралдардың ең шалғай бұрыштарына бірқатар экспедициялар ұйымдастырады. Зерттеушілердің ынтасын маорилердің «Бакапунака тауының құзар басында аман қалған бір моа тығылып жүр екен» деген аңызы одан әрі өршітіп жіберді. Өкінішке орай, тауда ешкім тығылмаған болып шықты, бір де бір тірі құс табылмады.
Моаларды алғаш зерттеуші палеонтолог Ричард Оуэн болды, ол 1839 жылы Жаңа Зеландиядан табылған алып сүйектің, қандай да бір аңның емес, құстың сүйегі екенін дәлелдеген. Ғалым өз өмірінің 45 жылын моаларды зерттеуге арнаған. Оның өтініші бойынша, натуралист Уолтер Мэнтелл 1847 жылдан 1850 жылға дейін оған алып құстың шамамен мыңға тарта сүйегі мен олардың жұмыртқа қабықтарының қалдығын жинап берген. Оуэн әр түрлі моалардың түрлерін сипаттаған және мұражайларға алып құстың бірнеше қанқасын жинап берген.
XIX ғасырдың ортасында Кромвельге жақын жерден моаның ең үлкен жұмыртқасы табылған: оның ұзындығы 30 см-ге, ал диаметрі – 20 см-ге тең болтан. Моаларды зерттеу казіргі уақытта да жалғасуда.
Ғалымдар 2009 жылы жойылып кеткен алып құстың түсін құрастырып шығуға қол жеткізгендерін жариялады. Олардың қолында жасы 2,5 мың жылдық қауырсын бар болатын. Олардың ДНҚ-сын зерттей отырып, ғалымдар моалардың төрт түрінде реңсіз қоңыр қауырсын болғанын, тек кейбір жеке дарабастарында ғана қауырсындарының ұшы ақ болғанын анықтаған. Ғалымдардың есептеуінше, нәзік сарғыш реңкті қауырсындары моалар үшін алып Хааст қыранынан жасырыну үшін өте жақсы бүркеме болған. Дәл осы қыран құс – адамдар келгенге дейін моалардың жалғыз жауы және әлемдегі ең ірі қыран құс болатын.

  1. Мәтін жазылған үлгі

А)Зерттеу
В)Жарнамалық
С)Ғылыми
Д)Ақпараттық



  1. Мәтін мазмұнына сәйкес тақырып

А)Қоныс аударушылар
В)Моалардың дәуірлеу кезеңі
С)Алып қырандар
Д)Адам қолынан қырылған алыптар



  1. Моалардың жұмыртқасының сипаты

А)Ірілерінің биіктігі 3,5-4 метр
В)Ұзындығы 30 см, диаметрі 20 см
С)Ұзындығы 20 см, диаметрі 30 см
Д)Салмағы 20 кг-нан аспайды



  1. Алып құстардың жойылуына себеп болған жағдайлар

А)Эволюциялық үрдіске байланысты
В)Қыранның жемтігі болуы
С)Ауа райының қолайсыздығы
Д)Адамдардың араласуы


  1. Ричард Оуэн мен Уолтер Мэнтелді байланыстырады

А)Кәсібі
В)Жасы
С)Туыстығы
Д)Қызығушылығы


  1. Моа құстарын кездестіруге әлі де болса үміті барлар

А)Мұражай қызметкерлері
В)Өз ісіне құлшына кіріскендер
С)Саяхатшылар
Д)Қоныс аударушылар



  1. Қауырсындарының сарғыш түсті болуы моаларды неден сақтандырды?

А)Егеуқұйрықтардан
В)Ит-құстан
С)Хааст қыранынан
Д)Қаршығадан



  1. Моалардың адамдардың жемтігіне айналу себебі

А)Құны өте қымбат болғандықтан
В)Қанатының бағалы болуынан
С)Сирек кездесетін құс болғандықтан
Д)Етінің құнарлы әрі дәмді болуынан

Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық сүйікті деген малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен мадақтайды.
Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай сұлуырақ болып мақтанып, Күн оны қызғанып Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ содан екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай «қорғалап» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді. Ай түрінің өзгеру құбылысын жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді.
«Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы қазақ ортасында елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде, шаруа адамның көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Мұны «Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді.
Қазақ тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн қараңғысын жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен ұзақ түн қату да киын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор қауіпте болғандығын еске алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. «Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: – Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, – депті. Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде мынадай қорытынды шығарамыз: жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді дегені бос сөз емес.
Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай «шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда жоғары тұрады. Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына байланысты.
Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай да сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен.
Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы Ай болатып-ды. Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді.
Өмір бақи меңіреу жатқан кең дүниенің түкпірлерін шарлауда адам перзенттерінің аяғы тұңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ.


  1. Тұжырымдардың дұрысы

1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді.
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді.
З. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді.
А)Yшeyi де
В)Екіншісі
С)Бірінші мен үшіншісі
Д)Екінші мен үшіншісі



  1. Ай бетіндегі дақтар

А)Ойпаттау жерлері
В)Күнгей жерлері
С)Тегістеу жерлері
Д)Қыраттары



  1. Аңыз бойынша Ай өзінің қандай мінезінің кесірінен жапа шегеді?

А)Қарапайымдылығынан
В)Қызғаншақтығынан
С)Мақтаншақтығынан
Д)Мейірімділігінен



  1. «Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің қайсысына қатысты айтылған?

АТүйе мен қойға)
В)Қозы мен ешкіге
С)Жылқы мен ешкіге
Д)Жылқы мен қойға



  1. Қазақ халқының «Жаңа ай, жарылқа, Ескі ай, есірке» деп тілеуінің себебі

А)Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет
В)Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым
С)Күн жылы болады деген сенім
Д)Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек



  1. Айдың тууына байланысты халық әрекеті

А)Жыл мезгілінің ауысуын болжаған
В)Құстардың қайтуын болжаған
С)Болашағын болжаған
Д)Ауа райын болжаған

  1. Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз

А)Тұлпар мен серке
В)Бура мен құмырсқа
С)Жылқы мен құлын
Д)Қой мен ешкі



  1. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен» деуінің сыры

А)Айға бата беру – надандық
В)Ырым, наным-сенімге байланысты
С)Айға батаны жас адамдар ғана береді
Д)Толған айға қатысты беріледі


Әлемдегі ең акылды жануарлар Егеуқұйрық. Өздеріңіз білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Егеуқұйрықты зерттеген кезде ғалымдар оның ешқандай қателіксіз алдындағы нысанасын жылдам тауып алатынын көрген. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған.
Сегізаяқ – ең ақылды және толығымен зерттеле қоймаған моллюска түрі. Оның денесіндегі уға толы қалташасы жақсы қорғану мен аң аулауға мүмкіндІк береді. Бірақ егер сегізаяққа қандай да бір кауіп төнетін болса, ол улы сиясын шашып жібереді. Әйткенмен, ол оның жалғыз ғана қорғанышы емес, сонымен қатар жаудың иіс сезу мүшесін нашарлататын сұйық зат бөледі. Оның есте сақтау қабілеті өте қысқа және қиын жағдайға тап болғанда өңін өзгерте алады.
Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығының арқасы. 
Пілдер. Ең алғашкы пілдер 23 миллион жыл бұрын Африка жерінде пайда болған. Табиғат аясында піл азығына қол жеткізу үшін сан алуан құрал қолданады. Піл миының әр шаршы сантиметрінде жүздеген жасушадан бар. Оның есте сақтау қабілеті күшті. Піл – табиғатынан тазалықты сүйетін жануар.
Орангутанг. Орангутангтар бірлесіп өмір сүреді. Ұрғашы орангутанг баласын жылдар бойы түрлі нәрселерге машықтандырып өсіреді. Жабайы табиғат даласында олар пілдер секілді нысанасына жету үшін көптеген амалдарды қарастырады. Адамның іс-әрекетін бақылап, тез үйреніп алады. 
Дельфин – адамның ең сүйікті сүт қоректі хайуаны. Ең акылды жануарлар тізімінде тек шимпанзеге ғана жол береді. Дельфиннің адамның ғана қолынан келетін іс-әрекеттерді жасай алатын икемділігі бар. Дельфин іс-әрекет арқылы тілдеседі. Өзін айнадан жақсы таниды. 
Шимпанзе. Бірінші орында адамға бет-пішінімен де, ақылдылығымен де ұқсайтын шимпанзе тұр. Шимпанзе азық іздегенде топпен жүріп аң аулау айла-тәсілдерін ұйымдастыра алады. Олар іс-әрекет пен символ арқылы адаммен қарым-қатынасқа түседі. Ал ең басты қабілеті – осы символдар мен заттар арқылы өздерінің ойы мен сезімін жеткізуі.

  1. Есте сақтау қабілеті ерекше жетілген жануарлар

А)Тиін, піл
В)Орангутанг, шимпанзе
С)Тиін, сегізаяқ
Д)Піл, шимпанзе



  1. Адамдар амалын жасайтын жануарлар

А)Орангутанг, шимпанзе
В)Сегізаяқ, тиін
С)Тиін, піл
Д)Піл, орангутанг



  1. Сегізаяқтың қорғану мүшесі

А)Уға толы қалташасы
В)Иіс сезу мүшесі
С)Есте сақтауы
Д)Улы тілі



  1. Адамдармен іс-әрекеті арқылы тілдесе алатын хайуан

А)Дельфин
В)Бұғы
С)Тиін
Д)Сусиыр



  1. Өңін өзгерту арқылы қорғанатын жәндік

А)Сегізаяқ
В)Піл
С)Тиін
Д)Егеуқұйрық



  1. Өте епті жануар

А)Сегізаяқ
В)Қосаяқ
С)Егеуқұйрық
Д)Тиін



  1. Пілдер Отаны

А)Америка
В)Австралия
С)Индонезия
Д)Африка



  1. Тазалықты сүйетін жануардың бірі

А)Піл
В)Тиін
С)Шимпанзе
Д)Дельфин


Майқы би (ХII–XIІІ ғғ.) – халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген ескі сөз бар. Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорықка аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қарайлас болған. Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын кұрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі. Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі – Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлыска кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада журген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» атанып кеткен. Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған. Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салты, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майкы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.



  1. «Майкының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?

А)Тау атымен
В)Жер атымен
С)Ел атымен
Д)Өзен атымен



  1. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замаңдасы?

А)Ыбырайымның
В)Шыңғыс ханның
С)Ақарыстың
Д)Төле бидің



  1. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар

А)Жұбайы мен жары
В)Ел-жұрты мен халқы
С)Баласы мен данасы
Д)Отбасы мен ұрпағы



  1. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майкы би

А)Би, шешен, үш жүздін ханы
В)Әскер басы, дана би, хан
С)Шешен, әскер басы, тарихи тұлға
Д)Акылгөй дана, ел билеуші, хан



  1. Шежіре деректер бойынша Майкы бидің түп атасы кім болған?

А)Арыстан
В)Шыңғыс хан
С)Ақарыстан
Д)Төле би



  1. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті

А)Әдепті бала – арлы бала
В)Ердің атын еңбек шығарар
С)Өнер алды – қызыл тіл
Д)Бірлік бар жерде тірлік бар



  1. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз

А) Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
В)Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.
С)Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
Д)Сөздің көркі – мақал,
Жүздің көркі – сақал.



  1. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?

А)Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
В)Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
С)Жауға бірінші болып шабатындығын
Д)Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет