33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



Pdf көрінісі
бет19/55
Дата30.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#111925
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Табан сүйектерінің аралық буыны 
Табан сүйектерінің аралық буыны,articulationes intermetatarseae деп аталады. Бұл буын бет
тері жазық келген және буын қапшығы мен байламдары жалпы қол ұшының буындарына 
ұқсас болады.Буын қапшықтары мына төмендегі байламдар арқылы нығыздалған:


1.Табан сүйектерінің сүйекаралық байламдары, lig.metatarsea interossea . 2.Табан сүйектері
нің дорзалды байламдары, lig.metatarsea dorsalia.
3. Табан сүйектерінің табандық байламдары, lig.metatarsea plantaria.
Табан- бақайшақ буындары 
1.
Табан-
бақайшақ буындары, articulationes metatarsophalangeae. Ол табан сүйектерінің басы 
мен бақайлардың проксималды бақайшықтар негізінің беттесуінен құралған. Буын 
бастарының сыртқы пішіні шар тәрізді болып келген, көлденең бағытта орналасқан
. Буын ойысы бақайдың проксималды бақайшықтар негізінің буын беттерінен тұра
ды. Буын беттері гиалин шеміршегімен қапталған. Ал буын қапшықтары бос және 
жұқалау болып келген. Буын қапшығы коллатералдық жанама байламдар, lig.metata
rseum profundum, арқылы ықшамдалған. Оның қызметі: табан-
бақай буындарында аздап фронталды білік бойынша 90% бойында бүгіледі, аздап 3
0% жазылады. Сагиталды жазықтықтың бойында шамалы ішке қарай тартылады ж
әне алшақтатылады.
2.
Бақайдың бақайшақ аралық буындары, articulationes interphalangea болып саналады.
Оның буын беттерінің сыртқы пішіні мен атқаратын қызметі, қол ұшының саусақт
арының бақайшық аралық буындарына ұқсас болып келген. Буын қапшық- тарыны
ң бүйір қапталы жанама байламдар, lig.collateralis, арқылы және табан бетінде орна-
ласқан байламдар арқылы, lig.plantare, бекемделген. Оның қызметі: фронталды білі
к бойынша бүгіледі және аздап жазылады.
Лисфранк және Шопар буындары 
Жалпы алғанда тілерсек-
табан буындарын біз практикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, кесуге қолайлы анатомиялы
қ құрылым болғандықтан, үш буын дара бір буын-Лисфранков
буын ретінде қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиалды және латералды с
ына-табан байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атаймыз.
Сонымен қатар,тілерсек сүйектерінің көлденең буыны, articulatio tarsi transversa, анатомия
лық құрылымы жағынан бөлек, асық- өкше- қайықша буыны мен articulatio talocalcanonavi
cularis, өкше- текше буынынан, articulatio calcanocuboidea, тұрады.
Хирургиялық практикада кесуге қажет болған жағдайда, өте қолайлы анатомиялық құрыл
ым. Бұл буын тілерсек сүйектің аралығында көлденең бағытга, "S" әріпіне ұқсас орналасқа
ндықтан, тілерсек сүйегінің көлденең буыны немесе Шопаров атты буын деп аталады. Хир
ургиялық тұрғыда кесуге қажет болған жағдайда, екі буынның сыртқы және табандық бай
ламын кесіп, екі буынды бір деңгейде ұстап тұрушы екі жақтылық байламды, lig.bifurcatu
m, кеспесек, буын ажыратылмайды. Сол себепті, бұл байламды екі буынның ұстап тұруш
ы байламы немесе "кілті" деп атайды. Екі жақтылық байлам,
lig.bifurcatum, ол өкше сүйегінің жоғарғы қырынан басталып, екі байламға: өкше-


қайықша байламы, lig. сalcanonavicularis және өкше-
текше байламына lig.calcanocuboidea, өкше- қайықша байламы, қайықша сүйегінің артқы л
атералды қырына барып бекісе, өкше-
текше байламы, текше сүйегінің сыртқы бетіне барып бекиді.Бұл байламды кескен жағдай
да тілерсектік көлденең буыны ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет