33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



Pdf көрінісі
бет47/55
Дата30.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#111925
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
70.
 
Сан өзегі, қабырғалары, сақиналары (тері асты
 және терең). Практикалық маңызы. Уникальность:
 100.00% 
Сан өзегі canalis femoralis қалыпты жағдайда болмайды, тек сан грыжасы пайда болғанда т
уындайды. Ол шап байламының lig.inguinale медиальді бөлігінің астында қан тамыр лакун
асының ортасында сан венасының v.femoralis жанында орналасады. Оның ұзындығы 1 см 
ге дейін жетеді, пішіні үшбұрышты пирамидаға ұқсайды. Сан өзегінің терең anulus femoral
is profundus және беткей anulus femoralis superficialis екі сақинасы болады. Сан өзегінің тер
ең сақинасының алдыңғы қабырғасы шап байламымен lig.inguinale, сыртынан сан венасым
ен v.femoralis, артқы қабырғасы lig pectineale, медиалді қабырғасы лакуналық байламмен li
g.lacunare шектеледі. Ол сан өзегінің кіре беріс тесігі болып табылады. Бұл сақина іштің к
өлденең фасциясымен жабылған. Ол алдыңғы жағында fossa ovalis байланысады, ал артқы
жағы ішқуысының алдыңғы фасциясына өтеді. Сан өзегінің қабырғаларына келетін болса
қ, алдыңғы қабырғасы санның кең фассиясының беткей пластинкасымен lamina superficiali
s fasciae femoris latae, орақ пішінді жиектің жоғарғы мүйізімен cornu superius, артқы қабыр
ғасы қылқанды бұлшықетті musculus pectineus жабатын кең фассиясының терең пластинка
сымен lamina profunda fasciae latae, сыртқы қабырғасы сан венасымен v.femoralis шектелге
н. Сан өзегінің ішкі қабырғасы санның кең фассиясы мен қылқанды бұлшықеттің фасциял
ық жапырақшаларынан тұрады. Лакуналы байламнан сан венасына дейінгі қашықтық неғұ
рлүм үлкен болса, сан грыжасының пайда болуы соғұрлым жоғары болады. Бұл өзектің ұз
ындығы ер адамдарда 1,2 см, ал әйел адамдарда 1,8 см тең болуы мүмкін. Сол себепті сан 
грыжалары көбінесе әйелдерде жиі кездеседі. Қысылған сан грыжаларына арналған опера
цияларда, қысылған сандық сақинаны кесу қажет болған кезде, бұл өзектің сыртқы жағын
ан сан венасы ал төменгі жағынан жақасты артериясы өтетінін есте ұстаған жөн. Сондықт
ан шап байламының ішкі бөлігі яғни лакуналық байлам ғана кесіледі. Сан өзегінің шығаты
н сыртқы тесігі торлы фасциямен жабылған hiatus saphenus. Hiatus saphenus ішек байламы
ның ішкі бөлігінен төмен орналасқан, оның сыртқы жиегі margo falciformis деп аталады. H
iatus saphenus торлы фасциясында тамырлар мен нервтер өтетін бірнеше тесіктер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет