33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата30.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#111925
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
70.
 
Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекар
асы, құрамы. Уникальность: 100.00% 


Cанның жоғарғы жағында алдынан шап байламымен, артынан және сыртынан қасаға және
мықын сүйектерімен шектеліп жатқан кеңістік бар. Бұл кеңістікті шап байламынан мықы
н сүйекке дейін созылатын тығыз дәнекер тіндік arcus iliopectineus бұлшықет және тамырл
ы лакуналарға бөледі.
Бұлшықет лакунасының lacuna musculorum алдыңғы және жоғарғы қабырғалары шап байл
амымен lig.inguinale, латеральді қабырғасы мықын сүйекпен os ililum, медиалді қабырғасы
arcus iliopectineus шектелген. Сыртқы пішіні сопақша болып келген. Бұлшықет лакунасы 
арқылы үлкен жамбастан санның алдыңғы бөлігіне бел-мықын бұлшықеті
m.iliopsoas, plexus lumbalis тарамдалған сан нерві n.femoralis-
пен санның латеральді нерві n.cutaneus femoris lateralis өтеді.
Қан тамырлы лакунаның lacuna vasorum алдыңғы және жоғарғы қабырғасын шап байламы
мен lig.inguinale, латеральді қабырғасын arcus iliopectineus, медиальді қабырғасын лакунал
ық байлам lig.lacunare, артқы және төменгі қабырғаларын қасаға төмпешігінде
орналасқан Купер байламы lig.pectinale құрайды. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді болып кел
еді. Қан тамырлы лакуна арқылы сан артериясы a.femoralis мен венасы v.femoralis, plexus l
umbalis тарамдалған сан жыныстық нерв n.genitofemoralis және мықын шап нерві n.ilioingu
inalis өтеді. Сан венасы лакунаның медиальді аймағында орналасқан, ал сан артериясы он
ың латеральді жағында тұрады. Олар тамырлы лакунанын үштен екі бөлігін алады. Ал қал
ған үштен бір бөлігін Розенмюллер-Пирогов лимфа түйіні мен борпылдақ талшықтар алы
п жатыр.
70.
 
Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шек
аралары, қатынасы, құрамы. Уникальность: 100.00

Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі canalis adductorius, басқаша Гунтеров каналы де
п аталады. Осы өзек арқылы тамырлар мен нервтер санның алдыңғы бөлігінен тақым шұң
қырына өтеді. Алдыңғы сан жүлгесінің sulcus femoralis anterior жалғасы болып саналады. 
Үш қабырғасы мен үш саңылауы болады. Проксимальді бағытта бұл өзек сан үшбұрышым
ен trigonum femorale, дистальді бағытта тақым шұңқырымен fossa poplitea байланысады. О
ның пішіні үшбұрыш тәрізді. Латеральді қабырғасын санның жалпақ медиальді бұлшықеті
m.vastus medialis, медиальді қабырғасын санның ішке тартқыш үлкен бұлшықеті m.adduct
or magnus, алдыңғы қабырғасын осы бұлшықеттердің арасында орналасқан фиброзды мем
брана membrana vastoadductoria құрайды. Бұл мембрана жоғарғы жағынан тігінші бұлшық
етпен m.sartorius жабылған. Жалпы айтқанда өзектің ұзындығы 6-
7 см болып келеді. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегінің жоғарғы саңылауы сан үш
бұрышының шұңқыр тәрізді кеңістігінің соңғы бөлімі болып табылады. Ол санның ішке т
артқыш үлкен бұлшықетімен m.adductor magnus, санның жалпақ медиальді бұлшықетімен 
m.vastus medialis, фиброзды мембранамен membrana vastoadductoria шектеледі. Бұл саңыла
у арқылы сан үшбұрышы кеңістігенен санның қан
тамырлары өтеді. Ал ортаңғы саңылауы фиброзды мембранамен membrana vastoadductoria 
шектелген. Өзектің төменгі саңылауы hiatus tendinous m.adductor magnus деп аталады. Ол с
анның артқы бетінде тақым шұңқырында орналасады. Бұл өзек арқылы сан артериясынан 


a.femoralis таралатын тақым артериясы a.poplitea мен тақым венасы v.poplitea influxus, сан 
нервісінен n.femoralis тарамдалған тері асты венасы n.saphenus өтеді.
70.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет