33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар


Артқы және бүйір құрсақ қабырғаларының бұлшықеттері, қызметі



бет25/48
Дата29.09.2023
өлшемі278,89 Kb.
#111529
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48

55.Артқы және бүйір құрсақ қабырғаларының бұлшықеттері, қызметі.

Іштің артқы топ бұлшықеттері


Белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum ол іштің артқы қапталында яғни 12 қабырға мен мықын сүйегі қырқасының аралығында орналасқан. Ал сыртқы пішіні шаршы тәрізді болып келеді. Бұл бұлшықеттің өзі 2бөлігі болады:
а) алдыңғы бөлігі — мықын сүйегі қырқасының ішкі ернінен яғни labium internum және бел - мықын байламынан - lig. iliolumbale басталып, 12-қабырға мен кеуде омыртқасына барып бекінеді.
ә) артқы бөлігі — ол да мықын сүйегінің қырқасынан және бел-мықын байламынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, 1 -4 бел омыртқалардың көлденең өсіндісіне барып бекінеді. Ал қызметі: бір жақты жиырылған кезде, мы- қын сүйегін жоғары көтерумен қатар, 12-қабырғаны төмен тартып, омыртқа бағанасының бел бөлігін бүксе, екі жақ бөлігі бірдей жиырылғанда омыртқа бағанасының бел бөлігін шалқайтады.
Ал Нервтендірілуі: қабырғааралық нервтер, n.intercostales мен белнервтері nn.lumbales арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: қабырға астылық, бел және бел-мықын артериялары арқылы, aa.subcostalis, lumbalis, iliolumbalis, қанмен қамтамасыз етіледі.
Іштің бүйір топ бұлшықеттері. Жалпы Бүйір бұлшықеттері жалпақтау келеді бір-бірімен беттесіп, қиғаш және келденең жауып орналасқан үш жұп бұлшықеттерден тұрады:
  1. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті, m.obliqus externus abdominis іштің бұлшықеттерінің ішіндегі ең беткей орналасқан бұлшықет болып саналады. Бұл бұлшықеттің талшықтары тісшеленіп, төменгі 8ші қабырғалардан басталады. Еске салакететін бір жәй бар жоғарғы 5 тісшелері алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің яғни m.serratus anterior аралығынан басталса, төменгі 3 тісше- лері арқаның аса жалпақ бұлшықетінің тісше- лерінің аралығынан тісшеленіп басталады. Бұлшықет талшықтары, қиғаш бағытта алға және төмен қарай өтіп, апоневроз қабықшасына ұласады. Қызметі: Іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде: тұлғаны қарама-қарсы жағына қарай бұрып, жамбас сүйегін бекемдесе, екі жақтық бөлігі бірдей жиырылған кезде кеудені алға тартып, омыртқа бағанасын бүгу қызметін атқарады.


  2. Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, m.obliquus intemus abdominis жалпақтау келіп, сыртқы қиғаш бұлшықеттің қапталында орналас- қан. Ол шап байламының 2/3 бөлігінен, мықын сүйегінің аралық ернінен яғни labium intermedium және арқаның кеуде-арқалық


фасциялық қабықшасынан - fascia thoracolumbalis басталады. Бұлшықет талшықтары желпуіш бағытта өтіп, апоневрозға ұласып, одан әрі екі жапырақшаға бөлініп, тік бұлшықеттің қынабын және орталық сызықшалар маңында іштік дәнекер тканды ақтүсті сызықшасын яғни linea alba-ні құрайды. Бұл бұлшықеттің төменгі қиғаш бағытта орналасқан бұлшықеттік талшықтары шап өзекшесінің яғни canalis inquinalis жоғарғы қабырғасын құрайды.


Қызметі: тыныс алуға және іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде тұлғаны жиырылған жағына бұрады.
  1. Іштің көлденең бұлшықеті, т. transversus abdominis - сыртқы пішіні жалпақтау келген болады. Іштің бүйір топ бұлшықеттерінің қуыстыққа қараған бетінде көлденең бағытта орна- ласқан. Қызметі: тыныс алуға және іштің қуысындағы қысымды ретгеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде тұлғаны жи- ырылған жағына бұрады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет