33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



бет23/48
Дата29.09.2023
өлшемі278,89 Kb.
#111529
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Кеуденің беткей бұлшықеттері
  1. Бұғанаастылық б, m.subclavius. 1-қабырғадан басталып, бұғана сүйегінің акромиальді өсіндісіне бекиді. Қызметі: бұғана сүйегін төмен медиальды бағытта ығыстырады, терең дем алу қызметіне қатысады.


  2. Тісшеленген алдыңғы б, m.serratus anterior, 8-9 қабырғадан басталып, жауырын медиальды қырына бекиді. Қызметі: жауырынды сыртқа және алға қарай тартып, қолды горизонтальды жазықтықтан жоғары қарай тарту, терең дем алу қызметін атқарады.


  3. Үлкен кеуде б, т.pectoralis major, үшке бөлінеді а) бұғаналық бөлігі, pars clavicularis, төстік шетінен, ә) Төс бөлігі, pars sternalis, төс алдыңғы бетінен және 2-7 қабырғалардан б) Құрсақтық бөлігі, pars abdominalis, құрсақтың тік б. қынабынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді. Қызметі: иықты медиалды қарай тартып, ішке қарай бұрады,терең дем алуға қатысады.


  4. Кіші кеуделік б, m. pectoralis minor, 2-5-қабырғалардан басталып, жауырынның құстұмсық өсіндісіне бекиді. Қызметі: жауырынды алға, төмен тарту, терең дем алуға қатысады.


Терең бұлшықеттері

  1. Кеуденің көлденең бұлшықеті, m. transversus thoracis. төс денесінің төменгі бөлігінен мен семсерлік ұшынан басталып, 3-4 қабырғалардың ішкі бетіне барып бекиді. Қызметі: Кеуде қуысын тарылтып, демді сыртқа шығару


  2. Қабырға астылық бұлшықеттер, mm.subcostales. ішкі кеуде бетінде X-XII қабырға бұрыштарының аймағында орналасқан Қызметі: кеуде қуысын тарылтып демді сыртқа шығару қызметін атқарады.


  3. Қабырға аралық б, m m.intercostales, сыртқы, ішкі және ең ішкі қабырғалық б. бөлінеді. а) сыртқы б, mm.intercostales externi, жоғарғы қабырғалардың төменгі қырынан басталып, төменгі қабырғаның жоғарғы жиегіне барып бекиді. Қызметі: Қабырғалардың аралығын алшақтатып, кеуде қуысын кеңейтіп, терең тыныс алу қызметін атқарады. ә) ішкі б,


mm.intercostales interni, төменгі қабырғалардың жоғарғы жиегінен басталып, жоғарғы қабырғалардың төменгі жиегіне бекиді. Қызметі Кеуде қуысын тарылтып, демді сыртқа шығару. б) Аса ішкі б, mm.intercostalis intimi. Бұлшықеттіңартқы қабырға астылық бұлшықетпен шектелген. Қызметі: Кеуде қуысын тарылтып, ауаны сыртқа шығару


  1. Қабырғаларды көтеруші бұлшықеттер, mm .levatores costarum, жоғарғы 2-кеуде омыртқалардан бір немесе екі қабырғаны аттаіт барып бекиді. Бұлшықеггердің талшықтары ұзын және қы сқа бұлшықеттерге бөлінеді. Қабырғаларды көтеруші ұзын бұлшықет, пті. levatores costarum Іопдібір қабырғаны аттап барып қабырғалардың бұрышына барып бекісе, қабырғаларды кетеруші қы сқа бұлшықеттер, mm.levatores costarum breves қысқалау келіп, көршілес қабырғалардың бұрышына барып бекиді. Қызметі: Қабырғаларды көтеріп, тыныс алуға қатысу.


  1. Кеуде бұлш ы қетінің беткей орналасқан ф асц и ял ы қ қаб ы қш асы , lamina superfieialis ол үлкен кеуде бұлшықетінің сыртқы бетін көмкеріп орналасқан.


Бұлфасциялық табақшаның жоғарғы бөлігі бұғана сүйегімен бітіссе, медиальды бөлігі мен латеральды бөлігі алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің фасциялық қабықшасына үласады. Төменгі жиегі құрсақтың фасциялық қабықшасымен жалғасқан.


  1. Кеуде бұлшықетінің терең фасциялық қабықшасы, lamina profunda бұғана астылық ойықтың түсында кіші кеуделік бұлшықет пен бұғанаастылық бұлшықеггің фасциялық қабықшасын құрап, жауырын құстұмсық өсіндісіне,бекиді.


  2. Бұғана-кеуделік фасция, fascia claviopectoralis, ол кеуденің терең фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады. Негізгі қызметі бұғана астылық


ойыстың маңында едәуір қалыңдап, бұғана астылық қан тамырлар мен нервтердің қы набын құрауға қатысады.


  1. Ішкі кеуделік фасция, fascia endothoracica ол кеуде қуысының ішкі бетін көмкеріп, ішкі қабырға аралық бұлшықеттің, қабырға астылық бұлшықеттің, фасциялық қабықшасын құрайды.




  1. Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері.

Диафрагма немесе көкет, diaphragma кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрушы және тыныс алуға, құрсақ қуысындағы қысымды реттеуде елеулі қызмет атқаратын жалпақ, бұлшықет-апоневрозды мүше болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет