33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



бет47/48
Дата29.09.2023
өлшемі278,89 Kb.
#111529
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Латеральды топ бұлшықеттері

Кіші бақайды әкететін бұлшықет m. abductor digiti minimi өкше сүйегінің calcaneus - тің табандык бетінен басталып, кіші бақайдың проксималды бунағының негізіне барып бекиді. Кызметі кіші бақайдың проксималді бунағын әкетіп және бүгеді.


Кіші бақайдың қысқа бүккіші m.flexor digiti minimi brevis V табан сүйегі os metatarsale V- тің негізінен басталып, кіші бақайдың проксималді бунағының негізіне барып бекиді.
Қызметі кіші бақайдың проксималді бунағын бугу.
    1. Табан бұлшықеттерінің ортаңғы тобы

Бақайлардың қысқа бүккіші m. flexor digitorum brevis өкше сүйегінің бұдырынан tuber calcanei және табан апоневрозынан aponeurosis plantaris басталып, ІІ - V бақайлардың ортаңғы бунақтарының негізіне барып бекиді. Қызметі II - V бақайлардың проксималді және ортаңғы бунақтары бүгу.


Табанның шаршы бұлшыкеті m. quadratus plantae өкше сүйегінен calcaneus басталып, башпайларды бүккіш ұзын бұлшықеттің сіңіршесіне flexor digitorum longus барып бекиді. Қызметі бақайларды бүгу.
Құрттәрізді бұлшықеттер mm. lumbricales жіңішкелеу келіп, башпайларды бүккіш ұзын бұлшықет сіңірінің аралығында орналасқан төрт бұлшықеттен тұрады. Үстіңгі беті башпайларды бүккіш қысқа бұлшықеттермен беттессе , төменгі беті табанның сүйек аралық бұлшықеті мен беттесіп орналасқан . Бұл бұлшықеттер башпайларды бүккіш ұзын бұлшықет сіңірінен m.flexor digitorum longus басталып, ІІ - V бақайлардың проксималді бунақтарының табандық бетімен ортаңғы және дисталді бунақтарының сырткы бетіне барып бекиді. Қызметі II - V бақайлардың проксималді бунақтарын бүгеді, ал ортаңғы және дисталді бунақтарын жазады.
Сүйекаралық бұлшықеттер mm. interossei өз кезегінде екі топ бұлшықеттерге бөлінеді: үш табандық сүйекаралық бұлшықет m. interossei plantares және төрт сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер m. interossei dorsales.
Табандық сүйекаралық бұлшықет m. interossei plantares III – V табан сүйектерінің медиальды беттерінен басталып , ІІІ - V бақайлардың проксималді бунактарының негізіне барып бекиді. Қызметі ІІІ- V бақайларды ІІ - ге әкеліп, осы бақайлардың проксималды бунақтарын бүгу. Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттер mm. interossei dorsales екі көршілес табан сүйектерінің бір - біріне қараған беттеріне басталып, бірінші сүйекаралық бұлшықет екінші бақайдың медиалды бетіне, ал қалған үшеуі ІІ - ІV бақайлардың латералды беттеріне бекиді. Қызметі III және IV бақайларды екіншіден әкетіп, бақайлардың проксималді бунақтарын бүгу, ортаңғы және дисталді бунақтарын жазу.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет