Үлкен ромб тәрізді бұлшықет m.rhomboideus major, жоғарғы 4- кеуде омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, жауырын қырына бекиді. Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтереді.
Жауырынды көтеруші бұлшықет m. levator scapulae, ол жоғарғы 4-мойын омыртқаныц көлденец өсінділерінен басталып, жауырынныц жоғарғы бұрышына бекиді. Қызметі: жауырынды көтеру мен қатар омыртқа бағанасына жақындатады.
Трапеция тәрізді бұлшықет, т. trapezius, Бұлбұлшықет, кеуде омыртқалардың арқа өсінділерінен және желкелік сіңірден, lig.nuchae, шүйде сүйегінің жоғарғы желкелік сызықшасынан, linea nuchae superior, басталады, бұғана мен жауырынның акриомалды өсіндісіне мен қырқасына бекиді, қызметі: жауырынды бір-біріне жақындатып, көтеріп, бас пен мойынды шалқайтады.
Кіші ромб тәрізді бұлшықет m.rhomboideus minor, төменгі екі мойын омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, жауырынныц қырына бекиді. Қызметі: жауырынды омыртқа бағанасына қарай тартып, жоғары қарай көтереді.
Желкенің көлденең бұлшықеті m. transversus nuсһае. көпшілік жағдайда кездеспейді. шүйде сыртқы бұдырынан, басталып, самай еміздік тәрізді өсіндісі, төсбұғана-емізік б. фасциялық қабықшасына бекиді. Қызметі: бастың, шүйде бөлігінің фасциялык қабықшасын жәнетерісін тартып, керуқызметін атқарады.
Тісшеленген төменгі бұлшықет m.serratus posterior inferior, арқа-кеуде фасциялық қабықшасыныц беткей табақшасынан және төменгі екі кеуде мен жоғарғы екі бел омыртқалардың арқа өсіндісінен басталады, төменгі төрт қабырғаныц сыртқы бетіне бекиді. Қызметі: төменгі қабырғаларды томен тартып, кеуде қуысын тарылтып демалған кезде ауаны сыртқа қарай шығару қызметін атқарады.
Тісшеленген жоғарғы бұлшықет m.serratus posterior superior, төменгі екі мойын жоғарғы екі кеуде омыртқаныц арқа өсіндісінен басталып, II-V қабырғалар бұрышына бекиді. Қызметі: II-IV қабырғаларды көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, терец дем алу қызметін атқарады.
Арқаның аса жалпақ бұлшықеті м. latissimus dorsi, төменгі 3-4 қабырғалардан басталады, тоқпан жіліктіц кіші төмпешігінің қырқасына, crista tuberculi minoris, бекиді. Қызметі: қолды томен қарай түсіріп, томен түсірген қолды артқа тартып және ішке қарай бұрады. терец дем алуға қатысады.
Мойынның белдіктәрізді бұлшықеті. m.splenus cervicis. 3-5 кеуде омыртқалардыц арқа өсіндісінен басталып, 2-3 мойын омыртқалардыц келденец өсінділеріне бекиді. Қызметі: мойын омыртқаларды артқа қарай шалқайтe, мойын омыртқаларды жиырылған жағына қарай бұрy
Бастың белдік тәрізді бұлшықеті m. splenius capitis, желке байламынан, және VII мойын және кеуде омыртқалардың аралық өсіндісінен басталады. жоғарғы желкелік сызықша мен еміздік тәрізді өсіндіне бекиді. Қызметі: екі жақтық бөлігі бірдей жиырылса, бас пен мойын омыртқаларды шалқайтады, бір жаққа жиырылғанда: басты жиырылған жағына қарай бұрады.