Табан сүйектерінің аралық буыны,articulationes intermetatarseae деп аталады. Бұл буын беттері жазық келген және буын қапшығы мен байламдары жалпы қол ұшының буындарына ұқсас болады.Буын қапшықтары мына төмендегі байламдар арқылы нығыздалған:
1.Табан сүйектерінің сүйекаралық байламдары, lig.metatarsea interossea . 2.Табан сүйектерінің дорзалды байламдары, lig.metatarsea dorsalia.
3. Табан сүйектерінің табандық байламдары, lig.metatarsea plantaria.
Табан- бақайшақ буындары
Табан-бақайшақ буындары, articulationes metatarsophalangeae. Ол табан сүйектерінің басы мен бақайлардың проксималды бақайшықтар негізінің беттесуінен құралған. Буын бастарының сыртқы пішіні шар тәрізді болып келген, көлденең бағытта орналасқан. Буын ойысы бақайдың проксималды бақайшықтар негізінің буын беттерінен тұрады. Буын беттері гиалин шеміршегімен қапталған. Ал буын қапшықтары бос және жұқалау болып келген. Буын қапшығы коллатералдық жанама байламдар, lig.metatarseum profundum, арқылы ықшамдалған. Оның қызметі: табан-бақай буындарында аздап фронталды білік бойынша 90% бойында бүгіледі, аздап 30% жазылады. Сагиталды жазықтықтың бойында шамалы ішке қарай тартылады және алшақтатылады.
Бақайдың бақайшақ аралық буындары, articulationes interphalangea болып саналады. Оның буын беттерінің сыртқы пішіні мен атқаратын қызметі, қол ұшының саусақтарының бақайшық аралық буындарына ұқсас болып келген. Буын қапшық- тарының бүйір қапталы жанама байламдар, lig.collateralis, арқылы және табан бетінде орна- ласқан байламдар арқылы, lig.plantare, бекемделген. Оның қызметі: фронталды білік бойынша бүгіледі және аздап жазылады.
Лисфранк және Шопар буындары
Жалпы алғанда тілерсек-табан буындарын біз практикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, кесуге қолайлы анатомиялық құрылым болғандықтан, үш буын дара бір буын-Лисфранков
буын ретінде қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиалды және латералды сына-табан байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атаймыз.
Сонымен қатар,тілерсек сүйектерінің көлденең буыны, articulatio tarsi transversa, анатомиялық құрылымы жағынан бөлек, асық- өкше- қайықша буыны мен articulatio talocalcanonavicularis, өкше- текше буынынан, articulatio calcanocuboidea, тұрады.
Хирургиялық практикада кесуге қажет болған жағдайда, өте қолайлы анатомиялық құрылым. Бұл буын тілерсек сүйектің аралығында көлденең бағытга, "S" әріпіне ұқсас орналасқандықтан, тілерсек сүйегінің көлденең буыны немесе Шопаров атты буын деп аталады. Хирургиялық тұрғыда кесуге қажет болған жағдайда, екі буынның сыртқы және табандық байламын кесіп, екі буынды бір деңгейде ұстап тұрушы екі жақтылық байламды, lig.bifurcatum, кеспесек, буын ажыратылмайды. Сол себепті, бұл байламды екі буынның ұстап тұрушы байламы немесе "кілті" деп атайды. Екі жақтылық байлам,
lig.bifurcatum, ол өкше сүйегінің жоғарғы қырынан басталып, екі байламға: өкше-қайықша байламы, lig. сalcanonavicularis және өкше-текше байламына lig.calcanocuboidea, өкше- қайықша байламы, қайықша сүйегінің артқы латералды қырына барып бекісе, өкше-текше байламы, текше сүйегінің сыртқы бетіне барып бекиді.Бұл байламды кескен жағдайда тілерсектік көлденең буыны ажыратылады.
50.Бұлшықеттердің жалпы анатомиясы,бұлшықеттердің пішіні,құрылысы бойыншажіктелуі. Бұлшықеттер,musculus, құрылысына және атқаратын қызметтеріне байланысты көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттерге бөлінеді.
Көлденең бұлшықеттерге(ерікті): қаңқа бұлшықеттері (бас, мойын, тұлға, қол, аяқ) және жұтқыншақтың, жұмсақ таңдайдың, көмекейдің бұлшықеттері жатады.
Бірыңғай салалы бұлшықеттерге(еріксіз):ішкі мүшелер қабырғаларның құрамындағы еттер мен қантамырлардың, без өзекшелерінің көз алмасының нұрлы қабықпен кірпікті дене еттері және тері құрамындағы еттер жатады.
Бұлшықеттердің жіктелуі.Бұлшықеттердің жалпы 400-ге жуық әртүрлі түрі болады, сондай-ақ олардың пішіні, құрылысы, атқаратын қызметі де әртүрлі болады.
Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі.
Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-
аяқтарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті - басы,ал екіншісі шеті - құйрық,cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі -tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.
Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен (көпбасты) басталады, бұл олардың тірегін күшейтеді.
a) Екібасты, biceps; b)үшбасты, triceps; c) төртбасты ,quardriceps, бұлшықеттер болады.
Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпақ сіңір немесе апоневроз aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.
Бұлшықеттердің:шаршы (m. Quadratus), үшбұрышты ( m.trangularis), пирамидалық (m.piramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m.teres), дельта тәрізді (m.deltoideus), тісті (m.serratus), қамбалатәрізді (m. soleus) және т.б. пішіндері болады.