-Дорсалді төрт алақандық байламдар-lig.metacarpea dorsalis мен алақандық беті үш алақандық байлам-lig. Metacarpea palmaria. арқылы байланысқан.Бұл байламдар алақан сүйектері аралығында буын қапшығын сыртынан жауып, тығыздалып орналасады.
Сонымен бірге сүйекаралық байлам-lig. Metacarpea interissea кездеседі.
Биомеханикасы:аз қозғалатын буын.
Буынатауы- Алақан бунақ буындары. Art.metacarpophalanges.
Буын беті-Басы: алақан сүйектерінің басы-capur metacarpalis. Ойысы: Проксималды қатардағы бунақ сүйектерінің негізі-Basis phalanges
Буын беті: І алақан сүйегі алдынан арына қарай қысыңқы шығыр болады, қалған буын беттері үш білікті, шартәрізді. Гиалинмен көмкерілген.
Буын қапшығы: Буын қапшығы өте бос орналасқан.
Буын қапшығының байламдары:
Коллатералдық байламы, lig.collateralia, ол алакан сүйегі басының бүйір қапталындағы шұңқыршадан басталып, проксималды бунактың негізінің бүйip қапталына барып бекитін екі жактылық байламнан тұрады. Бұл байламның негізгі қызметі: алақан-бунақ буын қапшығының бүйір қапталын бекемдеу.
Көлденең алакандық терең байлам, lig. metacarpea transversa profunda, ол I1-V-алакан сүйектер басының аралығында көлденең бағытта алақан бетіне жақын орналаскан. Қызметі: алақан-бақайшық буындарды бірдей қашықтықта ұстау. Бірінші алакан бунақ буынының буын беті шығыр тәрізді болып келгендіктен, бұл буында фронталді білік бойында бүгіледі, жазылады.
Биомеханикасы:шар тәрізді болып келгендіктен:
фронталді білік бойында бүгіледі, жазылады. Flexio-extencio
Сагиталді білік бойында: әкелінеді, әкетілінеді және айналмалы қозғалады. Adduction- abductio. Circumdacio.
6.Буынатауы:Саусақтың бунақтар аралық буындары. Art.interphalangea. Буын беті: саусақ бунақтарының аралығында орналасқан.
Буын түрі: шығыртәрізді, буын бетінде бағыттаушы сала, буын ойысында бағыттаушы қырқа болады. Гиалинмен көмкерілген, үйлесімді буын.
Буын қапшығы: өзара тартылып буын жиектерінде орналасқан. Биомеханикасы: Фронталді білік бойынша: flexio-extencio 45.Жамбас сүйектерініңқосылыстары. Жамбас белдеуінің сүйектің буындары бір-бірімен өзара сегізкөз-мықын және шат сүйегінің қасағасы арқылы байланысқан.