Буынның жіктелуі:пішіні жалпақ, жұп, ірі талшықты дәнекер тінмен көмкерілген.Буын беттері сәйкес.
Буын беттері: сегізкөз бен мықын сүйектерінің құлақтәрізді буындық беттерінен-facies anricularis тұрады
Буынқапшығы: тығыз тартылып, буындық беттердің жиектеріне бекиді.
Байламдары:
Көлденің бағытта орналасқан сегізкөз-мықын байламы, ligamentum. Sacroiliaca- сегізкөздің жамбас қуысына қараған беті+мықын сүйегі.
ligamentum sacroiliaca interossea сүйек аралық сегізкөз-мықын байламы мықын мен сегізкөз бұдырының аралығында көлденең бағытта тартылып орналасқан.
ligamentum sacroiliaca dorsalia артқы сегізкөз-мықын байламы мықын сүйегінің артқы төменгі қылқанынан spina iliaca posterior inferior төмен қарай өтіп, сегізкөз сүйегінің 2-4 дорсалді тесігінің маңындағы қырқаға crista sacralis lateralis бекиді.
Жанама байламдары:
ligamentum sacrospinale сегізкөз қылқанынан spina ishiadica- артқа қарай сегізкөз бен құйымшақ қырқаларына бекиді.
ligamentum iliolumbale мықын-белдік байламы 4-5 бел омыртқаларының көлденең өсінділерінен басталып, мықын сүйегінің қырқасына бекиді, сегізкөз бен мықын буынын берік ұстап тұру.
ligamentum sacrotuberale сегізкөз-бұдыр байламы шонданай сүйегінің дөңесінен басталып желпуіш тәрізді жайылып сегізкөз бен құйымшақ ортасының сыртқы бетіне бекиді.Бұл байламның жартысы шонданай сүйегінің төменгі бұтағына өтіп, орақтәрізді өсіндіні-processus falciformis құрайды.
Биомеханикасы:буын қозғалысы жоқ
Қасаға шат симфизі
Буынатауы:symphysis pubica,қасаға симфизі
Буынның жіктелуі: кешенді себебі, бір-бірімен фиброзды шеміршекті қасағааралық диск арқылы байланысқан discus interpubicus, шеміршекпен көмкерілген. Дискінің терең қабатында сагиталь бағытта саңылау тәрізді қуыс кездеседі. Әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда дискілер қысқы және қалың.