33. Сүйек қосылыстарының



бет4/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
33. С?йек ?осылыстарыны?

Буынның қосымша элементтеріне: буын байламдары, буын шеміршектері(дискілермен минскілер), буын еріндері, сесама сүйектері, синовиалды қапшықтар жатады.
Буын қапшығы ішіндегі байламдар – буын қуысында орналасып, буын беттерінің бір-біріне қатынасын реттейді (тізе буыны, ұршық буыны)
Буын қапшығының байламдары – капсула қалыңдығында орналасып, оны бекітеді.
Буын сыртылық байламдар – буын қапшығы сыртында орналасып, буын қимылын азайтатын байлам.
Буын шеміршектері cartilagines intraarticulares – табақшалар түрінде буын беттерінің арасында орналасқан, фиброзды шеміршектер.Буын қуысын екі қабатқа бөлетін табақшаларды буын дискілері discus articularis деп атайды. Соның әсерінен екі буын қуысы түзіледі. Егер буын қуысы табақшамен түгел бөлінбесе, табақшалар пішіні жарты ай тәрізді және жиектері буын капсуласына бекиді, оларды буын менискілері menisci articularis деп атайды.
Буын шеміршектері – буын беттерінің конгруэнттілігін қамтамасыз етіп, қимыл көлемін азайтады, сонымен бірге соққыларды жұмсартады, буын бетіне түсетін қысымды азайтады.
Буын еріндері labrum articulare буын ойысы буын басына сәйкес келмеген жағдайда, буын ойысын ыңғайлы жағдайға келтіріп тереңдету үшін, буын ойысының жиектерінде орналасқан тығыз ірі талшықты дәнекер тіні.
Сесема сүйектері ossa sesamoidea – сүйек қабы жоқ кеуекті сүйектер. Буын қуысына қараған бір беті гиалинді шеміршекпен жабылған, екінші беті буын капсуласымен және бұлшықет сіңірімен бітіседі.
Синовиалды қапшықтар bursae synoviales – көбіне буын қуысымен байланысатын, синовиалды жарғақпен көмкерілген кішкене қуыстар. Олар көбінесе бұлшықет сіңірлері мен буындар арасында кездесіп, шығыр қызметін атқарып, синовиалды сұйықтыққа резервуарлық қуыс болады.
  1. Шықшыт буыны, жалғамала құрылысы, қызметі.


  1. Шықшыт буыны- articulacia temperomandibularis.

  2. Буын құраушы сүйектер: төменгі жақ сүйек пен самай сүйегінің беттік өсіндісін тұрады.

  3. Буын беттері сәйкес емес, бұнда дискілер- discus articularis бар.Бұл буын түрі- екі білікті, айдаршық тәрізді, бұнда буын түрлері кешенді- комплексті, үйлесімді- комбинирванный.

  4. Буын қапшығы fossa mandibularis жиегімен fisura petrotempanica-ға дейін tuberculum articulare бекиді.


  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет