334 сот талқылауының ТҮсінігі жəне маңызы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата23.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#59202
1   2   3   4
Байланысты:
abilkasova

Сот талқылауының əзірлік бөлімі істі негізі бойынша қарастыру үшін қажетті жағдайлардың 
бар немесе жоқтығын тексеруге бағытталған процессуалдық əрекеттердің жүйесін құрайды. Бұл 
сатыда істі мəні бойынша шешу бойынша атқарылатын əрекеттерді тиісінше іске асыру үшін 
қажетті жағдайлар жасалады.
П.П. Гуреевтің пікірінше, əзірлік бөлімінің міндеті осы сот отырысында істі қарау жəне шешу 
үшін қажетті жағдайлардың бар болуын тексеру болып табылады [7, 21]. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


336 
П.Я. Трубников əзірлік бөлімінің міндетін келесідей айқындайды: сот осы сот отырысында 
істі мəні бойынша толық жəне дұрыс қарау мүмкіндігін туындататын барлық мəселелерді 
анықтайды жəне шешеді. Əзірлік бөлімінде сотпен шешілетін келесі негізгі сұрақтарды атап 
көрсетеді: осы сот құрамымен істі қарау; жиналған дəлелдемелермен істі қарау жəне шешу; іске 
қатысушылардың бірі келмей қалған жағдайда істі қарау жəне шешу [11, 105].
ҚР АПК (189-200-баптар) сот отырысының əзірлік бөлімін жүргізу тəртібін келесідей 
қарастырады:
1) Сот отырысының ашылуы (АПК-нің 189-бабы); 
Төрағалық етушi сот отырысын ашады жəне қаралуға жататын іс туралы, сондай-ақ сот 
отырысында аудио-, бейнежазба құралдары пайдаланылатыны туралы хабарлайды. Жабдықтың 
техникалық ақауы болған, оның болмауы немесе оны техникалық себептер бойынша қолдану 
мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жазып 
алу жүзеге асырылмайды. Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкіндігінің болмауы сот 
отырысы жалғаспайды дегенді білдірмейді. Аудио-, бейнежазба құралдары пайдаланылмауының 
себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілуге тиіс. 
Сот отырысын ашу іске қатысушылардың келу-келмеуіне тəуелсіз жүзеге асырылады. И.К. 
Пискарев атап көрсеткендей, іске қатысушылардың бірінің келмеуіне байланысты заңмен 
белгіленген тəртіпті сақтамай сот талқылауын кейінге қалдыру сот отырысына келген 
тұлғалардың процессуалдық құқықтарын шектейді жəне іс бойынша түсінік беру, өтініш білдіру, 
қарсылық білдіру құқықтарын іске асыру мүмкіндігенен айырады [9, 289]. Сол себепті заңнамада 
сот отырысын жүргізу тəртібінің құқықтық реттелуі маңызды екенін байқаймыз. 
2) Процесске қатысушылардың келуін тексеру (АПК-нің 190-бабы); 
Сот отырысының хатшысы осы iс бойынша шақырылған тұлғалардан кiмнiң келгенiн, 
келмеген тұлғаларға хабар берiлгенін не берiлмегенiн жəне олардың келмеу себептерi туралы 
қандай мəлiметтердiң бар екенiн сотқа баяндайды. Төрағалық етушi келгендердiң жеке басын 
анықтайды, сондай-ақ өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексередi. 
3) Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (АПК-нің 191-бабы); 
Төрағалық етушi аудармашыға сот ісі жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн адамдардың 
түсiндiрмелерiн, айғақтарын, мəлiмдемелерiн, ал осы адамдарға iске қатысатын тұлғалар мен 
куəлардың түсiндiрмелерiнiң, айғақтарының, мəлiмдемелерiнiң, жария етiлетiн жəне iсте бар 
құжаттардың, 
дыбысжазбалардың, 
сарапшылар 
қорытындыларының, 
мамандар 
консультацияларының, сондай-ақ судья өкiмдерiнiң, сот шығарған сот актілерінің мазмұнын 
аудару мiндетiн түсiндiредi. 
Төрағалық етушi аудармашыға көрiнеу қате аударма жасағаны үшiн Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық 
кодексiнде көзделген 
жауаптылық 
туралы 
ескертедi. 
Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi. 
ҚР АПК-нің 191-бабы сурдоаудармашыларға да қолданылуы тиіс, яғни саңырау, мылқау 
адамдарға түсіндіретін аудармашы ретінде қатысқанда да қолданылуы тиіс деп атап көрсетеді И.К. 
Пискарев [9, 289]. 
4) Куəларды сот отырысы залынан шығару (АПК-нің 192-бабы); 
Келген куəлар сот отырысы залынан шығарып жіберіледі. Төрағалық етушi жауап алынған 
куəлардың жауап алынбаған куəлармен сөйлеспеуі үшін шаралар қолданады. 
5) Сот құрамын жариялау жəне қарсылық білдіру құқықтарын түсіндіру (АПК-нің 193-бабы); 
Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды. Сот құрамын жариялағанда төрағалық етуші 
əуелі өзінің аты-жөнін айтады. Содан кейін прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының 
хатшысы ретiнде кiмдердiң қатысып отырғанын хабарлайды жəне iске қатысатын тұлғаларға 
олардың қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiредi. 
Одан əрі төрағалық етуші іске қатысушыларға қарсылық білдурі құқығын түсіндіреді. 
Қарсылықтар бiлдiру үшiн негiздер, мəлiмделген қарсылықты шешу тəртiбi жəне осындай 
мəлiмдеулердi 
қанағаттандырудың 
салдары 
осы 
Кодекстiң 38, 39, 40, 41 жəне 42-
баптарында айқындалады.
Қарсылық судьяға, прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының 
хатшысына білдірілуі мүмкін.
ҚР АПК-нің 38-бабы бойынша, судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер: 
судья, егер ол:
1) осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куə, 
сарапшы, маман, аудармашы, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, 
сот орындаушысы ретінде қатысқан болса;
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


337 
2) іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) 
немесе жекжаты болса; 
3) істің нəтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның 
бейтараптығына негізді күмəн тудыратын өзге де мəн-жайлар болса, істі қарауға жəне шешуге 
қатыса алмайды жəне оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.
АПК-тің 38-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру 
(өздігінен бас тарту) үшін негіздер сот отырысына қатысатын прокурорға, сот отырысының 
хатшысына, маманға, аудармашыға, сарапшыға да қолданылады. 
Сарапшы, маман, аудармашы бұдан басқа, егер: 
1) ол іске қатысатын адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей 
тəуелді болса немесе тəуелділікте болып келсе; 
2) ол ревизия немесе тексеру жүргізіп, оның нəтижелері сотқа жүгіну үшін негіз болса не 
осы азаматтық істі қарау кезінде пайдаланылса; 
3) оның құзыретіне жатпайтындығы анықталса, оның ішінде іс үшін маңызы бар мəн-
жайларды анықтау оның арнайы білімдерінің шегінен шықса, сот істі қараған жəне шешкен кезде 
сот отырысына қатыса алмайды. 
АПК-тің 38, 39-баптарында көрсетілген мəн-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, 
маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы өздігінен бас тартуды мəлімдеуге міндетті. Іске 
қатысатын адамдар сол негіздер бойынша қарсылық білдіруге тиіс. 
Қарсылық білдірудің (өздігінен бас тартудың) уəжі көрсетілуге жəне ол істі мəні бойынша 
қарау басталғанға дейін жазбаша түрде мəлімделуге тиіс. Істі қарау барысында қарсылық білдіру 
(өздігінен бас тарту) негізі сотқа немесе қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мəлімдеген 
адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда, қарсылық білдіру (өздігінен бас 
тарту) туралы арыз берілуі мүмкін. 
Прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, сарапшыға, аудармашыға мəлімделген 
қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) 
мəлімделген сот отырысында қарайды жəне шешеді. 
Істі аудандық немесе оған теңестірілген сотта жеке-дара қарап жатқан судьяға қарсылық 
білдірілген (өздігінен бас тартылған) жағдайда бұл істі сол сотта басқа судья қарайды. Егер іс 
жүргізуінде іс жатқан сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, іс жоғары тұрған сот арқылы 
бірінші сатыдағы басқа сотқа беріледі. 
6) Іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (194-бап); 
Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың процестік құқықтарымен жəне міндеттерімен 
танысқандығына көз жеткізеді, ал таныспаған жағдайда оларға ҚР АПК-нің 46-бабында 
қарастырылған құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. 
Төрағалық етуші тараптарға ҚР АПК-нің 48-бабында қарастырылған дауды татуласу 
келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен, дауды 
партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісіммен шешу немесе дауды заңда 
белгіленген басқа тəсілмен реттеу не дауды шешу үшін төрелікке жүгіну құқығын жəне олардың 
құқықтық салдарын түсіндіреді. 
7) Іске қатысатын тұлғалардың өтiнiшхаттарын шешу (195-бап); 
Iске қатысатын тұлғалардың жəне өкiлдердiң iстi талқылауға байланысты мəселелер 
бойынша өтiнiшхаттары iске қатысатын тұлғалардың пiкiрлерi тыңдалғаннан кейін шешіледі, бұл 
туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
8) Іске қатысушы тұлғалардың сот отырысына келмеуіне байланысты салдарды түсіндіру 
(196-бап); 
Iске қатысатын тұлғалар сот отырысына келмеу себептерi туралы сотқа алдын ала 
хабарлауға жəне осы себептердiң дəлелдi екендiгiне дəлелдемелердi ұсынуға мiндеттi. Iске 
қатысатын тұлғалардың қайсыбiрі сот отырысына келмеген жағдайда, олардың тиiстi түрде 
хабарландырылғаны туралы мəлiметтер жоқ болса, iстi талқылау кейiнге қалдырылады. 
Егер iске қатысатын тұлғалар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде 
хабарландырылса, олардың келмеу себептерi тек дəлелдi деп танылған жағдайда ғана сот iстi 
талқылауды кейiнге қалдырады. 
Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарландырылған iске қатысатын 
тұлғалардың қайсыбiрi келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептерi дəлелсiз деп танылса, 
сот iстi қарауға құқылы. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


338 
Сот істі осы Кодекстің 256-бабында көзделген негіздер бойынша сырттай iс жүргiзуде 
қарауға құқылы. 
Тараптар соттан iстi олардың қатысуынсыз қарау жəне оларға шешiмнiң көшiрмелерiн 
жiберу туралы жазбаша нысанда өтiнуге құқылы. 
Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылған iске қатысатын тұлға өкiлiнiң 
келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Талап қоюшының, жауапкердің не үшінші тұлғаның 
өтінішхаты бойынша оның өкiлiнің сот отырысына дəлелдi себеппен келмеуiне байланысты сот 
iстi талқылауды кейiнге қалдыруы мүмкін. 
9) Куəлар мен сарапшылардың сот отырысына келмеуіне байланысты салдардың мəселелерін 
шешу (197-бап); 
Сот отырысына куə, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот iске қатысатын 
тұлғалардың iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды жəне сот талқылауын 
жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. 
Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны алмастыру мүмкiн 
болмаса, сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. 
Егер куə, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дəлелсіз деп таныған 
себептер бойынша келмесе, олар сотты құрметтемегені үшін осы Кодекстің 119 жəне 120-
баптарында көзделген тəртіппен əкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. 
10) Сарапшыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (200-бап). 
Төрағалық етушi сарапшыға оның процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, 
сарапшыға көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi, 
ол туралы сарапшыдан қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi. 
Маманға оның қажетті процестік əрекеттерді орындауда сотқа жəрдем көрсетудің процестік 
құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. 
Сот отырысының əзірлеу бөліміндегі мəселелерді шешкеннен кейін судья істі мəні бойынша 
қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет