334 сот талқылауының ТҮсінігі жəне маңызы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата23.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#59202
1   2   3   4
Байланысты:
abilkasova

Істі мəні бойынша қарау (АПК-нің 201-216-баптары) төрағалық етушінің іс материалдарын 
жариялаудан басталады. Аталмыш бөлімнің міндеттері мынадай: талаптың пəні мен жауапкердің 
қарсылығын нақтылау; талапты жəне қарсылықты негіздейтін мəн-жайларды анықтау; дауды бітім 
келісімімен шешуге ынтаның бар-жоғын анықтау; іс бойынша жинақталған дəлелдемелерді жан-
жақты, толық жəне объективті зерттеу арқылы іс үшін маңызды мəн-жайларды анықтау. Іске 
қатысушы тұлғалардың пікірлерін тыңдай отырып, судья істің мəн-жайларын зерттеуге, 
дəлелдемелерді қарастыруға жəне тексеруге кіріседі: іске қатысатын тұлғалардың түсініктемелері 
тыңдалады, куəдан жауап алынады, жазбаша жəне заттық дəлелдемелер зерттеледі, дыбысжазба, 
бейнежазба, фото жəне кино мтареиалдар тыңдалады жəне көрсетіледі, срапашының 
қорытындысы зерттеледі, маманның түсіндірмесі тыңдалады. 
Соттағы жарыссөз жəне прокурордың қорытындысын беру бөлімінде (АПК-нің 217-219-
баптары) тараптармен бірге істің мəн-жайлары мен дəлелдемелерді зерттеудің нəтижесі 
қорытындыланады. Іске қатысушы тұлғалар, олардың өкілдері сот мəжілісінде зерттелген барлық 
материалдардың негізінде өз пікірлері мен қорытындыларын жарыссөзге қатысып, білдіреді.
Прокурор мен өкілдер өз қорытындыларын тек қана сот мəжілісінде зерттелген дəлелдемелер 
негізінде анықталған фактілерге жəне аталмыш құқықтық қатынастарды реттеуші құқықтық 
нормаларға сілтеме жасай отырып негіздеуі тиіс. 
Сот шешімін шығару жəне жариялау бөлімінде (АПК-нің 221-222-баптары) сот талқысы 
қорытындыланады. Бұндағы міндеттің маңыздылығы мен жауаптылығына байланысты істі дұрыс 
шешуге барлық жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да шешім шығару үшін судья 
кеңесу бөлмесіне баруы тиіс. 
ҚР АПК-нің 223-бабына сəйкес, істі мəні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот актісі 
шешім нысанында шығарылады. Сот шешімді Қазақстан Республикасының атынан шығарады. Сот 
шешімі заңды жəне дəлелденген болуы тиіс. Шешім төрағалық етушімен немесе бір судьямен 
жазбаша түрде шығарылады, шешімді қабылдауға қатысқан судьялар қолдарын қояды, сонымен 
қатар жеке пікірі болған судья да оны көрсете отырып, қолын қояды. Шешім іс бойынша 
қолданылуға жататын материалдық жəне процессуалдық құқық нормаларына сəйкес шығарылса 
заңды болып табылады. Шешімде оны орындау мерзімі көрсетілуі тиіс. 
Қолданыстағы Азаматтық процестік кодекстің қабылдануымен бүгінгі күні сот ісін жүргізуде 
информациялық ақпараттарды қолдану мүмкіндігі кеңейтілуде. Сот отырысының барысын бейне 
жазбаларға жазып алу міндетті түрде жүзеге асырылып, тараптардың барлығы оның көшірмесін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


339 
жəне жазбаларды алуға құқығы бар. Яғни, сот отырысынң ашықтығы соттардың жұмысының 
ашық болуын көрсетеді.
Сот талқыауында татуластыру рəсімдері жиі қолданыла бастады. Татуластыру тек қана 
медиаторлармен емес, сондай-ақ бірінші сатыдағы жəне апелляциялық сатыдағы судьялармен, 
адвокаттармен жүзеге асырылады. Татуластыру кеңінен қолдану сот жүйесінің жүктемесін 
азайтып, дауларды шешу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Егер татуласу тараптармен өзара 
келісілген болса, онда бұл тараптардың арасындағы дау түпкілікті шешіледі.
Əдебиеттер тізімі: 
1 Трубников П.Я. Судебное разбирательство гражданских дел - М.: Госюриздат, 1962. - 102 c. 
2 Гражданский процесс. Учебник / Аргунов В.Н., Борисова Е.А., Иванова С.А., Кудрявцева 
Е.В., и др.; Под ред.: Треушников М.К.. - 3-е изд., испр. и доп. - М.: Городец, 2000. - 672 c. 
3 Зайцев И.М. Судебное разбирательство - процессуальная функция гражданского 
судопроизводства // Вопросы теории и практики судебного разбирательства гражданских дел: Сб. 
науч. тр. / Отв. ред. М.А. Викут, И.М. Зайцев. - Саратов, 1988. – 155 с. 
4 Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: в двух томах. 
Т.2. Особенная часть. Учебник. – Алматы: КазГЮА, 2001. – 468 с. 
5 Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право. - М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004. 
— 584 с. 
6 Клейнман А.Ф. Гражданский процесс. Учебник. – М., 1954. – 407 с. 
7 Гуреев П.П. Судебное разбирательство гражданских дел. - М.: Госюриздат, 1958. – 100 с. 
8 Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России. – М.: Юрист, 1999. - 384 с. // 
http://www.bibliotekar.ru/grazhdansiy-process-1/index.htm 
9 Гражданский процесс. Учебник / Аргунов В.Н., Борисова Е.А., Иванова С.А., Кудрявцева 
Е.В., и др.; Под ред.: Треушников М.К.. - 3-е изд., испр. и доп. - М.: Городец, 2000. - 672 c. 
10 Ильясова Г.А. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (Ерекше бөлім): 
Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2009. – 290 б. 
11 Трубников П.Я. Вопросы гражданского процесса в практике Верховного Суда СССР - М.: 
Юрид. лит., 1979. - 240 c. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет