§34. Этностардың бейбіт қарым-қатынастарының тәсілдері



бет1/5
Дата13.03.2023
өлшемі59,21 Kb.
#73740
  1   2   3   4   5

§34. Этностардың бейбіт қарым-қатынастарының тәсілдері ( халықаралық интеграция)
1. «Қырғи қабақ соғыс» және Батыспен Шығыс мемлекеттерінің әскериблоктарға біріккен кезінде пайда болған қозғалыс:

  1. қосылмау қозғалысы

  2. жаулап алу

  3. геноцид қозғалысы

  4. аралас неке қозғалысы

  5. оқшаулану қозғалысы

2. 2010 жылы ЕҚЫҰ саммиті өткен қала:

  1. Астана

  2. Мәскеу

  3. Душанбе

  4. Рабад

  5. Бағдад

3. 2017 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрамына теңқұқылы мүше болып кірді

  1. Корея

  2. Түркия

  3. Қазақстан

  4. Ресей

  5. Пәкістан

4. 1951 ж. құрылған Еуропалық көмір және болат бірлестігінің мүше елдер

  1. Бельгия, Германия, Нидерланды, Люксембург, Франция және Италия

  2. АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия

  3. Қазақстан , Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан

  4. Швеция, Дания, Норвегия, Финляндия

  5. Греция, Түркия, Италия, Испания

5. 120 мемлекетті әскери блоктарға кірмеу принципімен (әуелі НАТ О және Варшава келісімі ұйымдарына мүшеліктен бас тартуға негізделген) біріктіретін халықаралы құйым.

  1. жаулап алу қозғалысы

  2. геноцид қозғалысы

  3. қосылмау қозғалысы

  4. аралас неке қозғалысы

  5. оқшаулану қозғалысы

6. Қазақстан Республикасында 2016 жылдан бастап 1 наурыз күні

  1. Ғашықтар күні

  2. Балалар құқықтарын қорғау күні

  3. Тілдер күні

  4. Байырғы халықтар күні

  5. Алғыс айту күні

7. 2017 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрамына теңқұқылы мүше болып кірді

  1. Корея

  2. Түркия

  3. Қазақстан

  4. Ресей

  5. Үндістан

8. Қазіргі уақытта Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер саны:

  1. 57

  2. 63

  3. 193

  4. 25

  5. 14

9. Ресми түрде 1961 жылы Белград конференциясында пайда болған қозғалыс:

  1. жаулап алу қозғалысы

  2. геноцид қозғалысы

  3. аралас неке қозғалысы

  4. оқшаулану қозғалысы

  5. қосылмау қозғалысы

10. 1999 жылы Еуропа Қауіп-сіздігінің Хартиясы қабылданған қала:

  1. Стамбұл

  2. Астана

  3. Мәскеу

  4. Душанбе

  5. Рабад

11. 2001 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан бірігіп, негізін қалаған халықаралы құйым:

  1. Еуразиялық Экономикалық Одақ

  2. Шанхай ынтымақстастық ұйымы

  3. Біріккен ұлттар ұйымы

  4. НАФТА

  5. АСЕАН

12. Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымының штаб-пәтері орналасқан қала:

  1. Анкара

  2. Баку

  3. Стамбұл

  4. Нұр-Сұлтан

  5. Самарқан

13. Қосылмау қозғалысының негізгі идеясы:

  1. әскери блоктарға кіруден бас тарту

  2. нәсілшілдікке қарсы күрес

  3. биоалуандылықты сақтау

  4. ядролық қаруларға қарсы күрес

  5. «Қызыл кітап» жануарларын счақтау

14. 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон кездесуінде қабылданған құжат

  1. «ХХІ ғасырдағы Еуропа қауіпсіздігінің ортақ моделі туралы» Декларация

  2. «Нәсілдік кемсітушіліктің нысандарын жою туралы «Декларация

  3. «Ядролық қаруды таратпау» Декларациясы

  4. «Халықаралық бейбітшілікті сақтау туралы» Декларациясы

  5. «Отар елдер мен халықтарға тәуелсіздік беру туралы» Декларация

15. 1992 жылы 7 ақпанда Еуропалық бірлестіктер принциптерін бекіткен құжат:

  1. Маастрихт келісімі

  2. Женева келісімі

  3. Кемп-Дэвид келісімі

  4. Париж келісімі

  5. Брюссель келісімі

16. Еуро Одақтың 19 мемлекеті ацналымға енгізген ортақ валюта:

  1. еуро

  2. франк

  3. марк

  4. лир

  5. доллар

17. 1970 жж. басында халықаралық серіктестікте қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға шығарды:

  1. Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі

  2. Екінші дүниежүзілік соғыс қаупі

  3. Бірінші дүниежүзілік соғыс қаупі

  4. Ұлы дағдарыс

  5. Ислам әлемі қаупі

18. 1975 ж. Финляндия астанасы Хельсинкиде қол қойылған құжат:

  1. ЕҚЫК-нің соңғы актісі

  2. Р. Шуманның декларациясы

  3. Трумэн доктринасы

  4. Азамат құқықтарының Декларациясы

  5. Атом сынақтарына тыйым салу құжаты

19. 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық еткен мемлекет:

  1. Қазақстан Республикасы

  2. Қытай халық Республикасы

  3. Қырғызстан Республикасы

  4. Ресей Федерациясы

  5. Тәжікстан Республикасы

  6. Өзбекстан Республикасы

20. 1957 жылы Бельгия, Германия, Нидерланды, Люксембург, Франция және Италия құрған ұйым (-дар):

  1. Еуропалық Экономикалық қауымдастық

  2. Атом энергиясы жөнінде Еуропалық Қауымдастық

  3. «Жиырмалық тобы»

  4. Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы

  5. Еуразиялық Экономикалық Одақ

21. 1972 жылы Рабатта құрылған Ислам Ынтымақтастық Ұйымының мақсаты:

  1. исламдық тәртіпті экономикалық, әлеуметтік , саяси салаларда қолдану

  2. нәсілшілдікке қарсы күресу

  3. Палестинаны азат ету ұйымына қолдау көрсету

  4. НАТО-ның рөлін Қиыр Шығыста атқару

  5. Одақтас мемлекеттер күштерінің бірлескенбасшылығынқұру

  6. Еуропалық социалистерден қолдау табу

  7. Ислам мәдениетінің бірігейлігін сақтау

  8. Шариғат ережелерін бекіту

22. Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылары дәрежесіне ие ел (-дер):

  1. Босния мен Герцоговина

  2. Орталық Африка Республикасы

  3. Ресей Федерациясы

  4. Үндістан Республикасы

  5. Пәкістан Ислам Республикасы

  6. Қазақстан Республикасы

  7. Гвинея-Бисау

  8. Болгария

23. Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бақылаушылары дәрежесіне ие ұйым (-дар):

  1. Оқшаулану қозғалысы

  2. ЕО

  3. ШЫҰ

  4. Гринпис

  5. Шегарасыз дәрігерлер

  6. Шегарасыз репортерлер

  7. БҰҰ

  8. Қосылмау қозғалысы

§35. Социогенез теориялары


1. Aдамзат қоғамын биологиялық ағзаға балама ретінде қарастырып, эволюциялық жолды ұсынған ағылшын әлеуметтанушысы



  1. Карл Маркс

  2. Адам Фергюсон

  3. Әулие Августин

  4. Эдуард Тэйлор

  5. Герберт Спенсер

2. Қоғамның пайда болуы жөнінде ілім:

  1. космогенез

  2. антропогенез

  3. социогенез

  4. мутация

  5. эволюция

3. Дүниежүзі тарихын адамның күнәһар болуынан бастап, Христостың қайта келіп, Жер бетінде құдайдың патшалық құруына дейінгі аралықты бір сызықтық тұрғыда қарастырған христиан ойшылы

  1. Фома Аквинский

  2. Ансельм Кентербирийский

  3. Пьер Абельяр

  4. әулие Аугустин

  5. Уильям Оккам

4. Қоғамның құрылуындағы қарапайым түрден күрделіге қарай, яғни алғашқы қауымдықтан қазіргі өркениеттік күйге дейінгі үздіксіз қозғалыс:

  1. әлеуметтік прогресс

  2. тарихи прогресс

  3. географиялық прогресс

  4. саяси прогресс

  5. экономикалық прогресс

5. Aдамзат қоғамының даму теориясын бірсызықты тұрғыда түсіндіріп, тарихи-философиялық теорияның негізін қалаған шотландық ойшыл

  1. Эдуард Тэйлор

  2. Джеймс Фрезер

  3. Әулие Аугустин

  4. Герберт Спенсер

  5. Адам Фергюсон

6. Адам Фергюсон бойынша, адамзат қоғамының сатысылары:

  1. «жабайылық»- «тағылық» -«өркениет»

  2. «магия» -«дін» «ғылым»

  3. «әскери»-«өндірістік»

  4. «тас»-«қола»-«темір»

  5. «ру»-«тайпа»-«халық»

7. Жекелеген халықтардың тарихи тағдырының ұқсастығына сенген эволюционизм теориясының іргесін қалаушылардың бірі, ағылшын антропологі:

  1. Джеймс Фрезер

  2. Арнольд Дж.Тойнби

  3. Эдуард Тэйлор

  4. Питирим Сорокин

  5. Освальд Шпенглер

8. Эволюциялық теориясында адамзаттың рухани өмірінің дамуы «магия» –«дін» –«ғылым» секілді бір сызықты бағытта өрбитінін ұсынған:

  1. Джеймс Фрезер

  2. Арнольд Дж.Тойнби

  3. Эдуард Тэйлор

  4. Питирим Сорокин

  5. Освальд Шпенглер

9. 1944 жылы екі әлеуметтік жүйе капитализм мен социализмді конвергенциялау (жуықтау) теориясын алғаш жариялаған ғалым

  1. Джеймс Фрезер

  2. Арнольд Дж.Тойнби

  3. Эдуард Тэйлор

  4. Питирим Сорокин

  5. Освальд Шпенглер

10. К. Маркс ұсынған қоғамдық- экономикалық формацияларды дұрыс реттілікпен орналастырыңыз.
1) экономикалық; 2) архаикалық; 3) коммунистік

  1. 2,1,3

  2. 1,2,3

  3. 2,3,1

  4. 3,2,1

  5. 1,3,2

11. Батыстық өркениет эволюциясы сарапталатын бес «экономикалық өсімнің кезеңдерін» атап өткен америкалық әлеуметтанушы және экономист:

  1. Дж.Фрезер

  2. А.Дж.Тойнби

  3. Э.Тэйлор

  4. У. У. Ростоу

  5. П. Дракер

12. Қоғамдық дамудың негізіне марксистік экономикалық технологиялық детерминизм принципін қойған теориясының іргесін қалыптастырған америкалық экономист

  1. П. Дракер

  2. Дж.Фрезер

  3. А.Дж.Тойнби

  4. Э.Тэйлор

  5. О.Шпенглер

13. Питирим Сорокиннің капиталистік және социалистік екі әлеуметтік - экономикалық жүйені конвергенциялау (жуықтау) теориясы қолдаған ғалым (-дар):

  1. Дж. Гэлбрейт

  2. У. У. Ростоу

  3. Джеймс Фрезер

  4. Арнольд Дж.Тойнби

  5. Эдуард Тэйлор

  6. Освальд Шпенглер

  7. Карл Маркс

  8. Фридрих Энгельс

14. Адамзат қоғамының дамуын формациялық тұрғыдан қарау бағытының негізін салушысы (-лары).

  1. Дж. Гэлбрейт

  2. У. У. Ростоу

  3. Карл Маркс

  4. Фридрих Энгельс

  5. Джеймс Фрезер

  6. Арнольд Дж.Тойнби

  7. Эдуард Тэйлор

  8. Освальд Шпенглер

§36–37. Қоғамның әлеуметтік құрылымдарының тарихи формалары


1. Біздің дәуірімізге дейін 12 мың жыл бұрын орын алған құбылыс:

  1. егіншілік ойлап табылды

  2. мануфактуралар пайда болды

  3. матриархаттан патриархатқа көшу басталды

  4. инициация рәсімі жойылды

  5. ұжымдық аң аулау тоқтап, жеке аңшылық орын алды

2. Архаикалық қоғамда ер жетуіне байланысты сынақтардан өту

  1. инициация В) инсталляция с) популяция

Д) реинкарнация е) мутация
3.Индустриалды қоғамның негізгі белгісі

  1. мүшелері жерді ұжымдық түрде пайдалануы

  2. дәстүрге, әдет-ғұрыптарға негізделу

  3. халықтың қалаға қоныс аударуы

  4. жерді бірлесіп өңдеуі

  5. ең жоғары құндылық билік болып есептелуі

4. Архаикалық қоғамда аналық жағынан қандас туыстас адамдар тобы:

  1. ру В) тайпа с) мемлекет д) қала е) полис

5. Архаикалық қоғамда эндогамия сақталатын әлеуметтік ұйым

  1. тайпа в) ру с) мемлекет д) қала е) полис

6. Әлеуметтік ұжымның алғашқы формасы.

  1. туыстық қауым в) социализм с) Коммуна д) қала е) феодалдар

7. Постиндустриалды қоғамның жоғарғы сатысы:

  1. ақпараттық қоғам в) индустриалды өркениет

с) архаикалық өркениет д) антикалық өркениет
е) дәстүрлі өркениет
8. Табиғаттан айқындалып көрінсе де оған толық тәуелді, ең алғашқы адамдар қауымы

  1. феодалдық в) индустриалдық с) постиндустриалдық

д) ақпараттық е) архаикалық
9. Индустриялы қоғамға өту үрдісі

  1. мобилизация в) корпорация с) сегрегация д) модернизация

е) секуляризация
10. Постиндустриалды өркениеттің ерекшелігі:

  1. ақпараттың, білімнің, өзін-өзі дамыту рөлінің бірден артуы

  2. әлеуметтік негіз– қоғам мен отбасы

  3. басқару формасы–деспоттық

  4. құқық пен заңға қарағанда, билік–үлкен құндылық

  5. өндіріс технологияларының құлдырауы

11. Индустриалды қоғамның белгілері

  1. бәсекелестіктің жоғары деңгейі және кәсіпкерлік рух

  2. нарықтық экономика және меншіктік иелік

  3. машиналық өндіріс және соғансәйкес ұйымдастырылған еңбек формасы

  4. адамдардың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады

  5. адамның құқығы мен міндеттері оның шыққан тегіне байланысты

  6. мемлекетті басқаруға тек атақты жериеленуші тұқым ықпал ете алады

  7. адамдардың көзқарасы дінге және дәстүрге бағынышты

  8. адамдардың басым көпшілігі ауылшаруашылық еңбегімен айналысады

12. Индустриалды қоғамның белгілері



  1. өмір сапасының артуы, өмір сүру ұзақтығының артуы; халықсанының өсуі

  2. еңбек өнімділігі мен өндірістің артуы

  3. инфраструктураның дамуы

  4. адамдардың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады

  5. адамның құқығы мен міндеттері оның шыққан тегіне байланысты

  6. мемлекетті басқаруға тек атақты жериеленуші тұқым ықпал ете алады

  7. адамдардың көзқарасы дінге және дәстүрге бағынышты

  8. адамдардың басым көпшілігі ауылшаруашылық еңбегімен айналысады

13. Постиндустриалды өркениеттің ерекшелігі (-тері):

  1. адам саясаттан алшақ, саясат–азғантай ақсүйектер тобының ісі

  2. мемлекеттің жеке адам мүддесімен санаспауы

  3. бүкіл әлемдік біртұтас көп арналы ақпараттық жүйенің қалыптасуы

  4. әлеуметтік негіз– қоғам мен отбасы

  5. басқару формасы–деспоттық

  6. өндірістің, қызмет көрсетудің, білімнің индивидуализациялануы

  7. құқық пен заңға қарағанда, билік–үлкен құндылық

  8. қалдықсыз, экологиялық «жасыл технологияға» көшу

14. Аграрлық қоғамның негізгі ерекшеліктері:

  1. адамдардың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады

  2. адамның құқығы мен міндеттері оның шыққан тегіне байланысты

  3. мемлекетті басқаруға тек атақты жериеленуші тұқым ықпал ете алады

  4. бүкіл әлемдік біртұтас көп арналы ақпараттық жүйенің қалыптасуы

  5. өндірістің, қызмет көрсетудің, білімнің индивидуализациялануы

  6. қалдықсыз, экологиялық «жасыл технологияға» көшу

  7. ғылыми-техникалық прогрестің адам өмірінің барлық салаларына әсер етуі

  8. қол еңбегінің машинам өндірісімен алмастырылуы

15. Аграрлық қоғамның негізгі ерекшеліктері:

  1. басқару формасы монархия болып табылады

  2. бүкіл әлемдік біртұтас көп арналы ақпараттық жүйенің қалыптасуы

  3. өндірістің, қызмет көрсетудің, білімнің индивидуализациялануы

  4. адамдардың көзқарасы дінге және дәстүрге бағынышты

  5. адамдардың басым көпшілігіауылшаруашылық еңбегімен айналысады

  6. қалдықсыз, экологиялық «жасыл технологияға» көшу

  7. ғылыми-техникалық прогрестің адам өмірінің барлық салаларына әсер етуі

  8. қол еңбегінің машинам өндірісімен алмастырылуы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет