ҚР неке-отбасы заңнамасын неке-отбасы қатынастарына қолдану
Глоссарий!
Неке-отбасы заңнамасы- Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Неке-отбасы құқығы- қоғамдық қарым-қатынстарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы ретінде қарастыруымызға болады.
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;
Жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
Тұрмыстық серіктестік - бұл некеге ұқсас, бірақ некенің кейбір заңды артықшылықтары мен міндеттерінсіз екі адам арасындағы заңды түрде танылған қарым-қатынас.
Жалпы заңды неке – ерлі-зайыптылар белгілі бір уақыт аралығында бірге тұратын және неке туралы куәлік алмаған немесе ресми рәсімді жасамаған болса да, заңды неке деп саналатын бейресми неке түрі
Отбасы құқығының қағидаттары
Ер азамат пен әйелдің некелік одағының еріктілігі
Отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі
Отбасының ісіне кімнің болсын араласуына жол бермеу Заңды отбасы
Балалардың отбасында тәрбиелену басымдылығы
Отбасындағы құпияның берік сақталуы
Блиц-тест
1.ҚР неке және отбасы кодексі қандай қатынастарды реттемейді?
-неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды
-отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындайды
-отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
-ҚР азаматтарының мүліктік және мүліктік емес қатынастарын
2.Адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар қалай аталады
-Азаматтық хал актілері
-Азаматтық хал сипаттамалары
-Азаматтық хал жағдайлары
-Азаматтық хал ақуалдары
3.Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы қалай деп аталады
-Аккредиттеу
-Аттестациялау
-Депозитарий
-Санкциялау
4.Бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат қалай аталады
-Алимент
-Компенсация
-Моральдық өтемақы
-Сақтандыру төлемі
5.Ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар) қалай аталады
-Ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар)
-Ата-анаға мұқтаж балалар
-Асырап алынған балалар
-Жетім балалар
Достарыңызбен бөлісу: |