§38–39. Мемлекет және оның формалары. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
1. Мемлекет түрлерін жіктеуді алғашқылардың бірі болып ұсынған
Эмпедокл
Аристотель
Геродот
Плутарх
Софокл
2. Бір субъектінің өз таңдауын мемлекет институттары мен оның ресурстарын пайдалану арқылы жеке тұлғаларға, топтарға, ұйымдарға, бұқараға байланыстыру мүмкіндігі
бедел
харизма
әлеуметтік саты
вассалитет
саяси билік
3. Мемлекет пайда болуына байланысты неміс философы Ф. Энгельстің мазмұндауы арқылы жүйеленген теория:
күштеу теориясы
қоғамдық келісім теориясы
патриархалды теория
органикалық теория
марксистік теория
4. Мемлекеттің қалыптасуы туралы патриархалды теорияның негізін қалаушылардың бірі– көне қытай философы
Чэн Тан
Конфуций
У Ди
Сыма Сянжу
Ян Ман
5. Мемлекет алуан түрлі биологиялық эволюциялармен байланысқа түскен әлеуметтік эволюцияның өнімі болып саналады деп түсіндіретін теория:
күштеу теориясы
қоғамдық келісім теориясы
патриархалды теория
органикалық теория
марксистік теория
6. Ф. Аквинский ұстанымы:
мемлекетті құдай жаратты
мемлекет еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасты
мемлекет қорғану қажеттілігінен қалыптасты
мемлекет соғыстар нәтижесінде қалыптасты
мемлекетті ортақ идея қалыптастырды
7. Аристотель ұсынған мемлекет түрлерін жіктеу қағидаттарына орай мемлекетті басқарудың дұрыс формалары:
тирандық, олигархиялық, демократиялық