54-нұсқа
1.1402 жылы Әмір Темір Осман сұлтаны Баязетті жеңген жер:
А) Стамбул маңы
В) Анкара маңы
С) Измир маңы
Д) Ван көлінің жағасы
Е) Арарат тауының етегі
2.Моғолстан мемлекетінің орталығы болған қала:
А) Сауран
В) Орда-Базар
С) Алмалық
Д) Сығанақ
Е) Чимги Тура
3.Шағатай ұлысы аумағында құрылған мемлекеттер:
А) Сібір хандығы,Ақ Орда
В) Алтын Орда, Ақ Орда
С) Ноғай Ордасы,Батыс Сібір
Д) Ақ Орда, Көк Орда
Е) Моғолстан,Әмір Темір
4.Әмір Темір мен Тоқтамыстың арасындағы қайшылықтың себебі:
А) Темірдің таққа таласуы
В) Самарқан қаласына таласуы
С) Тоқтамыстың тәуелділіктен бас тартуы
Д) Сар қаласына таласуы
Е) Ақ Орда тағына талас
5.М.Х.Дулати жазбасында Тоғылық Темірдің әмірлер мен бектерді өлім жазасына кесу себебі:
А) әскер қатарынан кеткені үшін
В) билікке қарсы шыққаны үшін
С) ислам дінін қабылдамағаны үшін
Д) салық жинамағаны үшін
Е) соғысты тоқтатқаны үшін
6.Әмір Темірдің басшылығымен болған шайқастардың хронологиялық ретін анықтаңыз
1) Батпақ шайқасы 2) Бұғым шатқалындағы шайқас 3) Құндызша шайқасы 4) Терек түбіндегі шайқас 5) Анкара маңындағы шайқас:
А) 3,4,1,2,5
В) 2,4,3,1,5
С) 1,4,3,2,5
Д) 5,4,3,2,1
Е) 1,2,3,4,5
7.Моғолстанның өмір сүрген уақыты:
А) ХІІІғ. ортасы- ХІVғ. басы
В)ХІVғ. ортасы- ХVІғ. басы
С) ХVғ. ортасы- ХVІІғ. басы
Д) ХІVғ. аяғы- ХVІғ. басы
Е) ХІVғ. басы- ХVІғ. басы
8.1390ж. жорықтан кейін Темірге толық тәуелділікке түскен:
А) Моғолстан
В) Ақ Орда
С) Алтын Орда
Д) Ноғай Ордасы
Е) Сібір хандығы
9.Моғолстан хандығы осы ханның тұсында ыдырай бастады:
А) Есен-Бұға
В) Жүніс хан
С) Абд ар-Рашид хан
Д) Ильяс-Қожа хан
Е) Уәйіс хан
10.Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған жыл:
А) 1428 ж
В) 1433 ж
С) 1465 ж
Д) 1462ж
Е) 1457 ж
11.Моғолстан мемлекетіндегі Дулат тайпасының мұралық лауазымы:
А) басқақ
В) даруға
С) мырза
Д) наиб
Е) ұлысбегі
12.Тоғылық Темір ханның тұсында бір күнде қанша адам ислам дінін қабылдады:
А) 140 мың
В) 100 мың
С) 160 мың
Д) 120 мың
Е) 150 мың
13.Тоғылық Темірдің Мауараннахрға жорық жасаған жылдары:
А)1360-1361 жылдары
В) 1370-1371 жылдары
С) 1380-1381 жылдары
Д) 1350-1561 жылдары
Е) 1340-1311 жылдары
14.Моғолстанда дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұғаның хан тағына отырған уақыты:
А) 1348-1362 жж
В) 1433-1462жж.
С) 1416-1428 жж.
Д) 1408-1416 жж
Е) 1489-1514 жж
15.1336-1405 жылдары өмір сүрген билеуші:
А) Нұраддин
В) Едіге
С) Әмір Темір
Д) Әмір Полатшы
Е)Ильяс-Қожа
16.Әмір-Темір 1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін аттандырған әскер саны:
А) 20мың
В) 60 мың
С) 50мың
Д) 40 мың
Е) 30 мың
17. 1376 жылы көктемде Әмір-Темір жеңілген Моғолстанның атақты қолбасшысы:
А) Тоқтамыс
В) Ильяс-Қожа
С) Әмір Полатшы
Д) Қамар аддин
Е) Баязид
18.Әмір ТемірАнкара маңындаОсман сұлтаны Баязидті жеңген жыл
А)1402 ж
В) 1405 ж
С) 1391 ж
Д) 1395 ж
Е) 1376 ж
19.Тоғылық Темір 1360-1361 жылдары екі рет Мауараннахрға сәтті жорық жасап хан тағына отырғызды:
А)Қызыр-Қожаны
В)Ілияс-Қожаны
С) Уәйісті
Д) Жүністі
Е) Есен-Бұғаны
|