34-нұсқа Қытай деректерінде алғаш «түрік» этнонимі жылы кездесті: а 552 ж. В 542 ж



бет53/104
Дата17.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#75201
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
82-нұсқа

1.1841 жылы хандық билікті қалпына келтірді:
А) Әбілмәмбет
В) Әбілқайыр
С) Кенесары
Д) Абылай
Е) Жәңгір
2.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты:
А) Жоңғар езгісіне жол бермеу
В) Бұқар әмірлігінің жерін басып алу
С) Қазақ жерінің дербестігін сақтау
Д) Хандық билікті жою
Е) Әкімшілік реформаларды жүргізу
3.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің созылған мерзімі:
А) 9жыл
В) 13 жыл
С) 8 жыл
Д) 16 жыл
Е) 10 жыл
4.К.Қасымұлы бастаған көтерілісшілер Ресей үкіметімен қатар соғысты:
А) Қоқан хандығына, қырғыз манаптарына
В) Ұйғыр мен Цинь империясына
С) Хиуа хандығына,Парсы мемлекетіне
Д) Цинь империясына,жоңғарларға
Е) Башқұрттар мен Еділ қалмақтарына
5.1838 жылы Кенесары бастаған көтерілісшілер шабуыл жасады.
А) Қытайға баратын керуенді қорғаған отрядқа
В) Ахмет Жантөре бастаған отрядқа
С) Старшина Лебедев бастаған жазалаушы отрядқа
Д) Петропавлдан шыққан сауда керуенін қорғаған отрядқа
Е) Ақмола бекінісін қорғаған Карбышев бастаған отрядқа
6.1844 жылы Кенесары әскерлері соққы берді
А) Сұлтан Ахмет Жантөреұлы әскеріне
В) Старшина Лебедевтің әскеріне
С) Сұлтан Баймағамбет Айшуақұлының әскеріне
Д) Полковник Дуниковскийдің әскеріне
Е) Генерал-майор Н.Вишневскийдің әскеріне
7.Кенесары ханның көтерілісі барысында 1838 жылы болған оқиға:
А) Кенесары хан Жетісуға көшті
В) Ресейден елшілер келді
С) А.Жантөреұлының тобымен соғысты
Д) Лебедевтің жазалаушы тобы келді
Е) Кенесарыдан_бөлініп_кеткен_Ұлы_жүздің_сұлтаны:_А)_Рүстем'>Кенесары Ақмола бекінісіне шабуылдады
8.1847 жылы қырғыз жеріндегі шайқаста Кенесарыдан бөлініп кеткен Ұлы жүздің сұлтаны:
А) Рүстем
В) Шерғазы
С) Арыстан
Д) Ахмет
Е) Досалы
9. Кенесары Қасымұлы басқарған әскерде сатқындық (опасыздық) жасағандарға берілетін ең қатал жаза:
А) Айып төлету
В) Өлім жазасы
С) Жер аудару
Д) Дүре соғу
Е) Әскерден босату
10.1845 жылы патша әкімшілігінің салған бекіністері орналасты:
А) Ырғыз,Торғай бойында
В) Елек,Жем бойында
С) Аягөз,Сарықамыс бойында
Д) Қаскелең,Іле бойында
Е) Нұра,Сарысу бойында
11.1845 жылы Ырғыз,Торғай бойында әкімшілігінің салған бекіністері:
А) Ұлытау,Қастек
В) Ырғыз,Торғай
С) Орал,Орынбор
Д) Сергиополь,Ақтау
Е) Ақтөбе,Гурьев
12.1837-1847 ұлт азаттық қозғалысты бастаған хан:
А) Кенесары
В) Қасым
С) Нұралы
Д) Есім
Е) Тәуке
13.1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:
А) Долгов пен поручик Герн
В) Герн мен князь Горчаков
С) Полковник Бизанов пен Лебедев
Д) Сұлтан Жантөреұлы мен Баймағамбет
Е) Вишневский мен князь Горчаков
14.1847 жылы қырғыз жеріндегі шайқаста Кенесарыдан бөлініп кеткен Ұлы жүздің биі:
А) Сыпатай
В) Масан
С) Бекболат
Д) Баранбай
Е) Дәуітбай
15. Ұлы жүздің Тойшыбек,Сұраншы батырлары қолдау көрсетті
А) Исатайға
В) Жанқожаға
С) Махамбетке
Д) Сырымға
Е) Кенесарыға
16.1847 жылы Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:
А) Жетісу
В) Сарыарқа жері
С) Алтай
Д) Хиуа жері
Е) Қырғыз жері
17.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілердің соңғы шайқасы өткен жер:
А) Тастөбе
В) Ақбұлақ
С) Кекілік сеңгір
Д) Аягөз
Е) Ойрантөбе
18.«Наурыз-Қаншайым» дастанының авторы
А) Махамбет Өтемісұлы
В) Дулат Бабатайұлы
С) Шортанбай Қанайұлы
Д) Нысанбай Жаманқұлұлы
Е) Шернияз Жарылғасұлы
19.Кенесарыға қолдау көрсеткен ұлы жүздің батырлары:
А) Наурызбай,Ағыбай
В)Бұхарбай,Иман
С) Нысанбай,Ағыбай
Д) Рүстем,Сыпатай
Е)Тойшыбек,Сұраншы

20.«... балуан білекті, арыстан жүректі еді, - деп бастады дастанын жырау, - Абылай ханның немересінен асқан батыр жоқ екенін бүкіл дала білетін еді. Қырғыздар бір-бірімен жиі жауласып, өз сұлтандарын тыңдамай қойды, бірақ .
.....сөзі олар үшін заң еді, оны тыңдамауға ешкімнің батылы жетпеді. ... Қырғыздарды бір жағынан қытайлар, екінші жағынан орыстар өздеріне тартты. Ол өр мінезді еді, ... ешкімге бас игісі келмеді: ол қытайларды жек көрді, орыс өкіметіне де сенбеді. Ол қырғыздарға мал-жайымен орыстардың қол астынан көшіп кетуге және олармен ешқандай байланыс жасамауға бұйрық берді. Көптеген қолмен ол орыс отрядтарына шабуыл жасады, орыс бекіністерін өртеп қиратты, орыстардың зәресін ұшырып, ... айналадағы бекіністерге бірнеше рет жорық жасады, өзіне толық бағынуды талап етті. Арамзалар мен бүлікшілерге аяусыз болды, адал ниеттілер мен бағыныштыларға күн сәулесіндей жылы, мейірімді еді.... Сұлтан нағыз ер еді, енді ондай ерлер туа қоймас..»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет