Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп Білім алушы: Александра Регия Романқызы
Р/с №
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы
басталуы
аяқталуы
1.
Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
8:30
13:30
Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру Науқасты сұрастыру.
Шағымдары:жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларының негізгі шағымдарына жатады: ентікпе,жүрек кағу, төс арты және жүрек аймағындағы ауырғандык, жөтел,қан түкіру, ісіктер,көгеру.
Ентікпе -тыныс алу ырғағы тереңдігі және жиелігінің бұзылуы.Жүрегі ауыратын науқастарда ентікпе қан айналу жетіспеушілігінің белгісі болып табылады. Наукасты сұрастыруда қандай жағдайларда ентікпе пайда болатынын анықтау кажет. Өйткені қан айналу жетіспеушілігінің бастапқы кезендерінде ентікпе ауыр физикалық күш түскенде ғана пайда болса, кейіннен сәл физикалық күш түскенде (сөйлегенде, тамак ішкеннен кейін, қалыпты жүріс-тұрыста) байқалады. Жүрек жетіспеушілігінің дамуы арта түскен жағдайда ентікпе тыныштық кезде де болады.Қан тамырлар жүйесі ауруларында көбінесе экспираторлық аралас ентікпе тән. Кейде ентікпе тұншыгу түрінде кенеттен дамиды. Тұншығу ұстамасы көбінесе тыныштық жағдайда кенеттен дамиды немесе физикалық, эмоциялык күш түскеннен кейін біршама уакыт өткен соң пайда болады. Тұншығу түнде ұйықтап жатканда кейде ентікпе үстіне қосарланады. Тұншығу ұстамасы кезінде наукасқа ауа жетпеушілігіне кеудеде, қырылдаған сырылдар,қан аралас қақырық тастауына шағымданады. Тұншығу ұстамасының мұндай түрі жүрек ұстамасы,бұны бронх демікпесінен ажырату қажет.
Жүрек аймағындағы ауырғандық жүрек ауруларының тағы бір маңызды симптом болып есептеледі. Ауырғандық түрі жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларында әртүрлі. Стенокардия-қысып ауруы миокард инфарктісінде зіл басып, күйдіріп ауруы, қан тамырынын вегетативті дистониясына шаншып ауруы тән. Сұрастырғанда ауырғандықтын нақты орынын анықтау қажет: төс артындағы ауырғандық- стенокардия, миокард инфарктісінде, жүрек ұшы аймағындағы ауырғандық- жүрек ақауларында, рефлекторлы стенокардияға тән. Ауырғандықтын пайда болған себебін анықтау кажет- ауырғандықтың уакыт мерзімі иррадациясы (таралуы) ауырғандықтың немен басылуы анықталады.
Короноарлық қан айналысы бұзылуынан пайда болатын ауырғандық стенокардия деп аталады.Стенокардия қысып ауырғандық төс сүйек артында орналасады немесе солға қарай ығысып сол қолға, мойынның сол жағына сол жауырын астына таралады. Ол физикалық жұмыспен стресс, қобалжумен байланысты және нитроглицирин әсерінен басылады. Миокард инфарктісінде ауырғандық түрі зіл баскан, күйген тәрізді ұзаққа созылады нитроглицирин әсері болмайды. Перикардитте ауырғандық төс сүйек ортасына орналасады ауырғандықтың түрі шаншып тесіп ауруы тыныс алу кезінде жөтелгенде ауырғандық үдей түседі. Қабырғааралық невралгия бұлшық еттер плевра зақымдануы холецистит, асқазан жара ауруы, мойын омыртқасының остехондрозы жүрек аймағының ауырсыну сезімі болуы мүмкін. Жүрек қағу наукастың негізгі шағымдарының бірі болып саналады. Науқас күшейген және жиіленген жүрек жиырылуын сезінеді.
Журек қағу міндетті түрде- жүректің жиырылуымен байланысты(тахикардия) бұл қалыпты жағдай да болуы мүмкін. Сау адамда физикалық жүктеме, қобалжу, темекі, кофені шамадан тыс пайдаланғанда болады.
Жөтел. кіші қан айналым шеңберінде канның іркілуімен сабақтасты шағым. Жөтел басым көпшілігі кұрғақ кейде қақырық болуы мүмкін. Қан түкіру. Жүрек-қан тамыр жүйесі дертіне шалдыққан наукастарда кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуімен қан қысымының көтерілуімен кеңейген капиляр қабырғасынан эритроциттердің өтуі, бронх ұсақ қан тамырлар жарылуына байланысты пайда болады. Қан қақыру миокард инфарктісінде, өкпе инфарктісінде байқалады. Жүрек астамасына тән - қызғылт көпіршікті қақырық.
Ісінулер-дегеніміз тіндер мен қуыстарға сұйықтық жинаулы. Ісіну үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілуінен пайда болады. Бастапқы кезеңде- ісіну кешке пайда болып танертең жойылып кетуіне шағымданады. Ісінулер тобық аймағын, аяқ басының сірті, кейіннен балтырды басады. Жүрек жетіспеушілігі арта түссе ісіктер танертең жойылмайды тұрақты ісіктерге айналады. Уакыт өте келе сұйыктық қуыстарға жиналады: құрсақ қуысында (асцит), плевра қуысында (гидроторакс), перикардид қуысында (гидроперикардит) кейін сұйықтық тері асты шелде жиналады, көлемді,кеңінен таралған ісінуді анасарка деп аталады. Міндетті түрде ісіктің физикалық күштеме мен және сұйықтықты ішумен байланысын аныктау кажет.
Дерттің дамуы. Дұрыс жинастырған анамнездің маңыздылығы зор. Міндетті түрде аурудың белгілері пайда болған уакытын олардың сипаттамасы күші, инфекциялық аурулармен байланысын анықтау қажет. Дерттің дамуына стрестік жағдайлардың физикалық күштеменің салықнның әсерін бар жоғын аныктау қажет. Дерттің ағымын қандай дәрілермен емдеді емнің нәтижесін сұрау қажет.
Науқастын өмір тарихы. Жүрек ауруын тудыратын әртүрлі себептерге мән беріледі. Науқастың бала кезінен ересек жасқа дейін болған аурулары туралы мәліметтер. Жүрек ауруларымен асқынатын аурулармен ревматизм, ангина, дифтерия сифилиспен ауырған-ауырмағандығын міндетті түрде сұрастырылады. Әсері теріс еңбек және өмір жағдайлары (тұрмыс жагдайынын төмендігі, стресс, тамақтың шектен тыс қабылдау, зиянды әрекеттер темекі шегу, ішімдік ішу, наркотикке әуестігі) Науқастың туыстарында тұқымында жүрек ауруларымен ауыратын бар жоғы сұралады.
Қapay. Науқасты жалпы қарау науқастың жағдайын бағалауға және диагноз қоюға мүмкіндік беретін көптеген белгілерді анықтауға болады. Қарау кезінде науқастың төсектегі қалпына, тері жамылғысына, кілегей қабаттары, ісінулер анықтау.
Науқастың қалпы жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларының компенсациялық сатысында науқастар шағым айтпайды. Олардың өз-өзін күту қабілеті сақталган белсенді жағдайда болады. Жүрек жетіспеушілігінің ауыр сатыларында олар мәжбүрлі қалыпта олардың тыныс алуын жеңілдетеді. Жүрек астмасы ұстамасында наукас мәжбүрлі қалыпта төсекте не креслода аяқтарын төмен түсіріп басынын астына бірнеше жастық салады.
Тері және кілегей қабықтарын қарау. Жүрек қан тамырлар ауруларында науқастарды қарау кезінде тері жамылғысы мен кілегей қабаттар түсіне, геморагиялық дақтар, тері асты шел қабаттарына назар аудару керек. Цианоз-тері кілегей қабаттарынын көк түске өзгеруі. Цианоз- аурудың бастапқы сатысында ерінде мұрын ұшында терісінің жұқа жерлерінде (акроцианоз) кейін цианоз деңгейі арта түсуіне байланысты ол денеге жан- жаққа тарай бастайды. Ол көбіне жүректің митралды ақауында кездеседі. Бозару-жүрек ақауларында қан тамырлар жүйесінің қанмен жеткіліксіз толу нәтижесінде болады. Бозару жедел тамыр жетіспеушілігі (естен тану, коллапс, шок)
Терідегі геморрагиялар көз кілегей қабаттары мен петехиялар мен геморрагиялық дақтар (Лукин симптомы) созылмалы инфекциялық эндокардитке тән.
Тері асты шел қабаты. Қан айналым бұзылысының ұзақ уакытқа созылуы әсіресе жүрек ақауларында науқаста тез жүдеу байқалып ісіну қоса дамиды. Бұл жүрек ауруының кахексиялық сатысы деп аталады. Науқастарды қарау кезінде диагностикалық маңыздылығы зор симптомдарды байқауға болады. Аяқтарда вена тамырларының варикоздың кеңеюі, жергілікті ісік, пигментация, тропикалык жаралар іштен туа біткен жүрек ақауларында созылмалы инфекциялық эндокардитпен ауыратын науқастар саусақтар пішіні «дабыл таяқшасы» өзгергенің байқауга болады.
Артериялық пульсті сипау жүректің ырғақты соғуына байланысты қолқадағы қан қысымының жоғарлап төмендеуі артерия тамырларын лупілдетіп тұрады. Мұны артерия пульсі деп атайды Пульс ырғағы сау адамда жүректің жиырылуы және пульс толқындары белгілі бір мезгілде жүрек соққысы мен бірінен соң бірі белгілі бір арақашыктықта соғады, яғни ырғақты пульс болады. Жүрек ырғағы бұзылуынан пульс толқындарының арақашықтығының өзгеруі пульс ыргақсыз бұл кезде байқалатын пульс толқындарынын кейбіреуі уакытынан бұрын пайда болуы-экстрасистолия деп, пульс толқындарының бірінен соң бірі әртүрлі арақашықтықта өтуіне байланысты толық аретмия байқауга болады. Бұл аритмия жыбыр аритмия деп аталады. Пульс жиілігі қалыпты жағдайда пульс 1 минутта 60-80 тең.
1. Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім алушының қолы ________________
2022ж "24" желтоқсан
___________ ___________
(оқу өндірістік практиканың тікелей жетекшісі)
2022 ж "24" желтоқсан
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) оқу өндірістік практика жетекшісінің қорытындылары
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) оқу өндірістік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022 ж "24" желтоқсан