2022-2023 оқу жылы «Мен жас математикпін»3-сыныптарға арналған сайыс
Тақырыбы:«Мен жас математикпін»сайысы Сабақтың мақсаты:Өтілген материалдарды талдау,талқылау,қорытынды жасау,біліктілігін тереңдету.
Білімділік:Оқушылардың өтілген материалдарды игеруге арналған өткенді қайталау,жүйелеу,жетілдіру.
Дамытушылық:Танымдық қабілеттерін арттыру,логикалық ойлауын,есін,зейінін,өзіндік шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік:Белсенділікке,ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа үйрету,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ
Сабақтың барысы: I.Ұйысдастыру кезеңі: 1.Оқушыларға психологиялық даярлық жасау.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсет те,
Озып шыққын бәйгеде,деп :«Мен жас математикпін»сайысына қош келдіңіздер.
Мінеки сыныпта тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастаймыз.